Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы баспасөз тарихы

Қазақ-кеңес әдебиеті тарихында Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романының орны ерекше.Сол заманның ағымына сәйкес қазақ топырағында тарихи-революциялық тақырыпқа арналған тұңғыш роман.Сондықтан да бұл романды революциялық күрестің көркем шежіресі деп айтуға толық негіз бар.

Бұл роман 1922 жылдары жазыла бастап,1927 жылы жеке кітап болып шықты.Бірақ романның алғашқы тараулары 1922 жылдары “Қызыл Қазақстан” журналында жарияланған еді.Романның негізгі сюжеті – сол уақыттағы қазақ даласында болған ірі саяси оқиғалар.Және де Сәкен Сейфуллин романда өзінің басынан кешкен оқиғаларын баяндайды.

Романның алғашқы бөлімдерінде Сәкен Сейфуллиннің санақ жүргізу ісімен айналысқаны жөнінде айтылады.Яғни,Сәкен Сейфуллин Омбының учительская семинариясын бітіріп,Ақмоланың бір ауылындағы жаңа ашылған мектепке оқытушы болып сайланады.Бірақ,оқу басталуына әлі екі айдай мерзім бар болғандықтан санақ жүргізу ісімен айналысып,бірнеше елді-мекенді аралайды.Романның шиеленіскен тұстарында көптеген қиын оқиғалар баяндалады.Солардың бірі романда арыстай азаматтардың басынан өткен қиын-қыстау кезеңі бейнеленетін жері бұл Атаман Анненковтың “Азап вагоны” еді.Атаман Анненковтың азап вагонында талай ауыр бейнетті басынан кешіп,тар жол ,тайғақ кешулерден өткен Сәкен Сейфуллинді қалай ауыр азаптағаны жайлы баяндалады.

Романда Сәкен Сейфуллин “Сарыарқа”, “Алаш”, “Бірлік туы”, “Ұран”, “Қазақ”сынды газеттерді атап көрсетіп, “Тіршіліктен”басқасының бәрі бір бағытта болды деп жазады.Яғни, барлық аталған газеттер Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов басқарған «Қазақ» газетінің ықпалымен жүрді, барлығы ұлтшыл болды деп жазады.Осы жөнінде толығырақ тоқталып кетсем Сәкен Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» атты кітабында сол кезеңдегі қазақ баспасөзі туралы мынадай құнды дерек келтіреді: «…Әр жерде-ақ газет шығара бастады. Семейде – «Сарыарқа» газетi, Ташкентте – «Алаш» газетi, соңынан «Бiрлiк туы». Бөкейлiкте, Астрахан қаласында – «Ұран» газетi. Ақмолада – «Тiршiлiк» газетi, Орынборда – бұрынғы белгiлi «Қазақ» газетi. «Сарыарқаны» басқарған – Қалел Қаппасұлы, жазушылары: Ермекұлы, Бөкейханұлы, Тұрғанбайұлы және басқалар. «Алашты» басқарған – Көлбай Тоғысұлы. «Бiрлiк туын» басқарған – Мұстафа Шоқайұлы, жазушылары: Болғанбайұлы, Төреқұлұлы, Қожанұлы және басқалар. «Ұранды» басқарған – А.Мұсаұлы. «Тiршiлiктi» басқарған – Рақымжан Дүйсенбайұлы, жазушылары: Сәдуақас Сейфуллин (мен), Асылбекұлы, Өмiрбай Дөнентайұлы және басқалар. «Қазақты» басқарған – А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы.Жазушылары:Әлихан Бөкейханұлы тағы басқалар.Тағы айта кетерлік ақпарат Сәкен Сейфуллиннің “Тар жол,тайғақ кешу”романында тарихы тереңде жатқан “Тіршілік”газетінің шынайы дәл тарихы,газетте көтерілген мәселелері,мақалаларының тақырыптық сипаты баяндалады.

Қазақ баспасөзінің тарихы,Сәкен Сейфуллиннің “Тар жол,тайғақ кешу” романынан бастау алды.Бұл романымен Сәкен Сейфуллин қазақ мемуарлық әдебиетінің негізін салды.Сәкен ата халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлға!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Публицистика негіздері: оқу құралы / Бауыржан Жақып. -2. — Алматы: Қазақ университеті,2018.-266б

2.kazgazeta.kz сайты

https://kazgazeta.kz/news/20903

Төкен Әйгерім Ермекқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 1-курс

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *