Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы «Тіршілік» газеті

Бүгінде бір ғасыр жеті жылды өткерген «Арқа ажары» газетінің тарихы «Тіршіліктен» басталған болатын. 1917 жылы Ақмола қаласында Сәкен Сейфуллин негізін өзі қалап шығарған «Тіршілік» газеті, қазір Көкшетау қаласында «Арқа ажары» газеті болып жарыққа шығып жатқаны белгілі. Тарихы тереңде жатқан «Тіршілік» газеті Сәкеннің «Тар жол тайғақ кешу» романынан орын тапқан. 

 

Қазақ-кеңес әдебиеті тарихында Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романының орны ерекше. Сол заманның ағымына сәйкес қазақ топырағында тарихи-революциялық тақырыпқа арналған тұңғыш роман. Сондықтан да бұл романды революциялық күрестің көркем шежіресі деп айтуға толық негіз бар.

 

Бұл роман 1922 жылдары жазыла бастап,1927 жылы жеке кітап болып шықты. Бірақ романның алғашқы тараулары 1922 жылдары “Қызыл Қазақстан” журналында жарияланған еді. Романның негізгі сюжеті – сол уақыттағы қазақ даласында болған ірі саяси оқиғалар. Және де Сәкен Сейфуллин романда өзінің басынан кешкен оқиғаларын баяндайды.

 

Романның алғашқы бөлімдерінде Сәкен Сейфуллиннің санақ жүргізу ісімен айналысқаны жөнінде айтылады. Яғни,Сәкен Сейфуллин Омбының учительская семинариясын бітіріп, Ақмоланың бір ауылындағы жаңа ашылған мектепке оқытушы болып сайланады. Бірақ, оқу басталуына әлі екі айдай мерзім бар болғандықтан санақ жүргізу ісімен айналысып,бірнеше елді-мекенді аралайды. Романның шиеленіскен тұстарында көптеген қиын оқиғалар баяндалады. Солардың бірі романда арыстай азаматтардың басынан өткен қиын-қыстау кезеңі бейнеленетін жері бұл Атаман Анненковтың “Азап вагоны” еді. Атаман Анненковтың азап вагонында талай ауыр бейнетті басынан кешіп, тар жол ,тайғақ кешулерден өткен Сәкен Сейфуллинді қалай ауыр азаптағаны жайлы баяндалады.

Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романында «Тіршілік» газеті жайлы: «Ашық хатта» баяндалған газеттің 4-ші санында жарияланған, «Шамиль» деп қол қойған «Ақмола обылысының жандарал қазақ комитеті» деген мақаласымен басталады.

 

Бұл мақалада көп жайтты жалған дәлелдермен келтіріп, халықты дұрыс жолдан тайдырмақ түрде жарияланған соң, областной қазақ комитеті дұрыстығын қайта жариялады.

 

Берілген мақалада «Областной қазақ комитетін құртпақ мақсатта Мұқан Айтпенұлы, Абдырахман Қылышбайұлы, Шаймерден Әлжанұлы және жанында бес-алты жолдастары болды. Омбы төңкерісіне де тікелей қатысты осылар, билік басына келген кез келген комитетке риза болмай соңын дау- жанжалмен аяқтайды делінген. Және де бұл адамдар комитетін ақшасы жайлы да жалған ақпараттар беріп халықты дұрыс жолдан тайдырмақ болған. Яғни, жоғарғы оқу орнында оқитын студеттерге берілетін шәкіртақы, үкімет басында отыратын бай манаптардың балаларына ғана толықтай беріліп, ал дәл сондай кедейдің балаларына шәкіртақылары толық берілмей, осы махинациялар арқылы пайда көріп отырды деп келтірген. Мұның бәрін жалған деп осы «Тіршілік» газетіне Областной қазақ комитеті мақала ретінде жариялаған».

 

Сонымен қатар, тек осы мақала ғана емес, бұл газетте «Алаш» газеті мен «Үш жүз» газеті арасындағы жанжал туралыда мақала жазылған. «Алаш» газеті мен «Үш жүз» газеттерінің ұстанатын бағыттарын ашып жазған болатын. 

 

«Тіршілік» газетінде Сәкен Сейфуллин осы жанжалға қатысты өз ойын қоса кеткен: «Алаш газетіне қазақ арасынан шыққан оқыған, тоқыған, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар жиналған. Мен негізінен осы газеттің ұстанатын бағытын дұрыс көрем, себебі газет басшылары кез келген тығырықтан, кедергіден асықпай ақыл мен баппен ойланып шығады» деп Алаш гезетінің жұмыстарына талдау жасап өз ойын келтірген.

 

Ал «Үш жүз» газеті жайлы — «Үш жүз газетінің басшылары көбінесе бастарына туған қиыншылықтан, тығырықтардан ақылмен емес, жұдырық күшімен шығады және асығыс шешім қабылдап, оңбай қателікке боялдырады» деп ойын білдірді. 

Қорыта айтқанда, «Тіршілік» газеті сол кездегі «Барды бар, жоқты жоқ» деп айтатын газеттің бірі болған. Ал «тар жол, тайғақ кешу» — мүлде тың тақырып, ол әдебиеттегі шектелген ақпараттардың шексіз шарықтауына үлкен жол ашты. Еркіндікті талап санады. Ширықшан тақырыпты түрлі жолда дамытқан Сәкен Сейфуллиннің шығармасы-XX ғасырдағы тарихи оқиғаның талғап оқитын көркем шежіресі. Халық бақытын жұмысшы-шаруа революциясынан таппақ ниеттегі саяси қайраткер өзі құрған мемлекеттегі ұстанған саясаттың, оның ішінде теріс саясаттың құрбанына айналды.

 

Амангелді Абзал

 

ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

 

Ғылыми жетекшісі:

 

Фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *