Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті

 Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Еңбекшіқазақ ауданы халқының құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» атты кездесу өтті.

Іс-шараға Мемлекеттік қызметкерлер, білім саласының қызметкерлері, және полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.Шараға Рысбекова Жанар Қасымбекқызы, Заң ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті-Басқарма мүшесі, стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры;Құсайнова Мәншүк Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры спикер болып,өзекті тақырыпқа талдау жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты: Құқықтық мәдениетті арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

  • азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, халықта тәртіпсіздіктер мен ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру;
  • халықтың нысаналы топтарын қазақстандық қоғамды дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге белсенді қатысуға ынталандыру.

Жемқорлықпен күрес ең алдымен адами фактордың таным-түсінігіне, рухани кемелділігіне байланысты. Әрбір азамат және әрбір мемлекеттік қызметшілер қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керек. Сол кезде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға төнген қауіпінен құтылармыз деп санаймыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *