Сурет салу «Мысыққа доп сыйлайық»

Ұйымдастырылған оқу   іс-әрекетінің технологиялық  картасы

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Кіші сала: «Сурет салу».

Тақырыбы: «Мысыққа доп сыйлайық»  (түрту әдісімен мақта таяқшасын қолданып сурет салу)

Мақсаты: Түрту әдісімен мақта таяқшасын қолданып сурет салуды балаларға үйретуді жалғастыру. Бейнелеу өнерінің дағдысы мен шеберліктерін дамыту. Қайырымдылық, бауырмалдық қасиеттеріне және өз ойыншығын ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Қос тілдік компонент: доп-мяч, секіреді — прыгает, дөңгелек — круглый, марғау – котенок.

Көрнекіліктер: Альбом парағы, мақта таяқшалары, акварель бояулары, қағаз майлықтар, су құйылған стакан.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті

 

Мотивациялық-қозғаушы Балаларға арналған тақпақ оқимын:                              Т.Елеусізұлы

«Мысық»
Маған тура қарайды,

Бәлкім қамқор санайды.

Ертеңгісін тұра сап,

Бас-көзін жалайды.

Қ.Мырза Әлі

«Мысық»

Көп жұмысты күнімен

Келгендей-ақ «қиратып»,

Отыр мысық тілімен

Үш тал мұртын ширатып.

— Қазір бізге қонаққа келушіні кім біледі?

— Ия, бізге бүгін екі кішкентай марғау келіп отыр. Марғаулар көңілсіз

Оларға не болды екен,сұрап,көрейікші.

Олардың көңілсіз болған себебі, марғауларда ойнайтын ойыншықтары жоқ екен.

— Балалар, марғаулар немен ойнағанды ұнатады?

 

Тақпақтарды тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келген қонақты танып, айтады

 

 

 

Марғаулардан  неге олар көңілсіз екенін сұрайды.

 

Балалар марғаулар немен ойнағанды жақсы көретінін айтады: доп, дөңгелек жіп, жіптер.

Іздену-

ұйымдастырушылық

 

 

Әр баланың алдына альбом парағын қоямын. Онда марғаудың суреті салынған және осы параққа марғауға арнап үлкен, әдемі доп салуын сұраймын.

Алдымен саусақтарға жаттығу жасауды ұсынамын:

Біздің үйде мысық бар.

Марғаулары оның бар.

Он марғау бар, әдемі!

Марғаулардың жұбы бар:

Толық марғау – пысықпен,

Үлкен марғау – жылдаммен,

Кіп-кішкентай екеуі,

Бірге ойнап жүгірген!!!

Қос тілдік компонент:

доп-мяч, секіреді — прыгает, дөңгелек — круглый, марғау – котенок.

Балаларға сурет салу жолдарын көрсетемін.

Түсіндіремін:

Мақта таяқшасын ұш жағынан оң қолмен ұстап, ал оның екінші шетін акварельге малып,  таяқшамен бояуды алады.

Алдымен, мақта таяқшасы құрғақ кезінде, онымен ауада жаттығу үшін дөңгелек жасап көруді, содан кейін ғана бояуы бар мақта таяқшасымен қағаз парағына сурет салуды керек екенін түсіндіремін.

Жұмысты бастауды ұсынамын.

Сурет салу кезінде балаларға көмектер көрсетемін.

 

Балалар өз аттары жазылған альбом парақтарын және жұмысқа қажетті құралдарын алады.

 

Алақанды ашып, екі қолдың саусақтарын қарама-қарсы біріктіреді.

 

Бірге жұмылған саусақтарды, әрі-бері қозғалтамыз.

Саусақтарды бір-біріне ақырын соғамыз.

 

 

 

Қайталайды: доп-мяч, секіреді — прыгает, дөңгелек — круглый, марғау – котенок.

Тәрбиешінің түсіндіруін мұқият тыңдайды. Олар мақта таяқшасын қалай ұстауды және онымен сурет салуды, үш түрлі түр-түс шығуы үшін оны қандай түсті бояуға малуы керек екенін  тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

Өз бетінше жұмыс жасауға кіріседі.

Рефлексивті – түзеуші Сабақтың қорытындысы. Балаларға мақтау сөздер айтамын: «Енді марғаулардың  әртүрлі, әдемі доптары көп болды. Марғаулар көңілді ойнайды!»

Жауап сөздер айтуға әсер етемін.

Көлемі, түр-түсі аталуымен қорытынды  жасаймын.

Ойыншықтарды ұқыпты ұстау туралы балалардың жауаптары тыңдалады

Өз жұмыстарын қарап, бақылайды.

 

Күтілетін нәтиже :

Ұғынады: түрту әдісімен мақта таяқшасын ұқыпты қолданып, сурет салуды үйренеді; орыс тілінде жаңа сөздерді біледі.

Түсінеді : ойыншықтарды ұқыпты ұстауды

Қолданады: бейнелеу өнерінде құралдарды қолдануды бұрыннан білетін дағды мен шеберліктерін

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *