“Спорт-денсаулық кепілі!”

“Спорт-денсаулық кепілі!”

Денешынықтыру пәні мұғалімі Ерлік Серікұлымен сұхбат.

Қайырлы күн! Бүгінгі сұхбатымыз дене шынықтыру пәніннің мұғалім Ерлік Серікұлымен болмақ.

Гаджеттер өмірімізге дендеп енбей тұрғанда ауладағы ойынның қызығына батқан балаларды ата-аналары қараңғы түссе де үйге кіргізе алмай жүретін. Ал «телефонмен туған» бүгінгінің балдырғандарын әке-шешелері үйден далаға шығара алмайды.

— Енді сабақ оқу үшін техникаға телміретін бала­ның денсаулығын сақтауға сеп­тесетін, бірақ маңызды пән­дер­дің қатарына кірмейтін дене­шынықтыру сабағының жайы не болмақ?

-Мектепте «менсінбейтін» денешынықтыру пәні студент атан­ған шақта ең маңызды, тіпті ең қиын пәнге айналғаны бар. Кейбір курстастарымыз бір ғана осы пәннен 3-ке қоры­тыл­ғанның кесірінен шәкіртақыдан қағылды. Сонда студенттердің басым бөлігі мектепте денешы­нықтыру сабағына тиіп-қашып қатысқанын, аталған пәннің сынып журналында оқушыларды түгендеумен ғана оқытылғанын ашық айтатын.
Шәкіртақыдан айырылған бір курстасымыздың: «Дене­шынықтыру деген мектепте ұлдар доп тебетін, қыздар солардың әрі-бері жүгіргеніне шемішке шағып қарап отыратын сабақ еді. Жыл бойы оқулықтың бір бетін ашпастан мектеп кітапханасына кері қайтаратынбыз. Енді міне, баскетболдың ережесінен емтихан тапсыратын күйге түстік», деп қынжылғаны есімізде.

⁃ Бұл пәнге деген қасаң көзқарасты қалай өзгертуге болады?
Мен өзім кезінен денешынықтыру пәнінің мұғалімі болуды қалапты. Бірақ ата-анасы қыз балаға ерсі деп таңдауына қолдау көрсетпеген көрінеді. Соған қарамастан кейіп­керіміз араға 4-5 жыл салып өзі таңдаған мамандыққа грант ұтып алған екен. 5жылға жуық мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келе жатқан . Ерлік Серікұлы сабағы бір рет өтпей қалса, оқушыларының жылап көрісетінін айтады.
– Кез келген пәнге оң көз­қарас­ты қалыптастыру – сол пән­нен сабақ беретін мұғалімнің қолын­да. Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, кере­мет мұғалім көрсетеді, ал ұлы мұғалім шабыттандырады. Ең қиын пән денешынықтыру саба­ғы дер едім. Себебі бұл жерде ба­ланың өмірі, денсаулығы бірін­ші орында тұр. Шебер педагог кез келген жағдайда білім бере алады. Қашықтан оқыту фор­матына көшкен кезде де са­бағымыз уақтылы, жоспар бо­йынша жүріп отырды. Өткен IV тоқ­санда денені қыздыруға арнал­ған қимыл-қозғалыс жат­тығу­ларын әріптестерімізбен бірлесе видеоға түсіріп, әзірлеген роликтерді оқушыларға жіберіп тұрдық. Мен міндеттемесем де қызығушылықпен жаттығуларды жасаған сәттерін видеоға түсіріп, маған жолдаған оқушыларым болды, – дейді бүгінде Талғар қаласындағы №2 Сәкен Сейфуллин атындағы мектепте жұмыс істейтін Ерлік Серікұлы.

-Онлайн сабақ жөнінде айтып өтсеңіз?

Көктемгі «төтенше тоқсан» көп нәрсеге көзімізді жеткіз­ді және мемлекет мәртебесін көтеру­ге құлықты педагог қауым мен жауапкершілік жүгі ауыр­лай түскен, әсіресе қит етсе мұға­лім­ді кінәлай жөнелетін ата-ана­ларға үлкен сабақ болды. Алдағы жаңа оқу жылы тағы қашықтан оқыту форматында басталмақ. Онсыз да барлық оқу ошағында бірдей өз деңгейінде өтпейтін денешынықтыру пәні қашықтан қалай оқытылады?
Халықаралық мектеп спорты федерациясының президенті Петринка Лоран Ұлттық ғылы­ми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған конференцияда қашықтан оқыту кезінде де денешынықтыру сабағына оқушыларды белсенді қатыстыру керегін атап өтті.
Ерлік Серікұлы: – Бүгінде балалар мен жасөс­пірімдер қимыл-қозғалыстың аз­дығынан түрлі ауруға жиі шал­дығады. Бұл сөзімізге жет­кілік­ті дәлел келтіруге болады. Коро­на­вирус инфекциясының әлемге жайылып, пандемияның өршіп кетуі бұған дейін де күн тәртібінде тұрған осы бір өзекті мәселені одан сайын ушық­тыр­ды. Біз Қазақстандағы Білім және ғылым министрлігінің каран­тиндік шектеулер кезінде түрлі онлайн спорт шараларын өткізіп отырғанынан хабардармыз. Осы үрдісті үздіксіз жалғас­тырған жөн. Пандемия бізге ден­сау­лықтың қадірін, со­ның ішінде спорттың адам өмі­ріне қан­шалықты маңызды еке­нін ұғындырды.
Халықаралық сарапшының сөзіне қарағанда, вирусты жеңіп, әлемдік ахуал қал­пына келіп, оқушылар оқу ошақ­тарына орал­ғанда мектеп­терде дене­шы­нық­тыру пәнін оқытудың жаңа жү­йе­с­ін әзірлеп, бұрынғы мән бер­ме­ген кем-кетіктер ескерілген зама­науи әдістеме әзірленгені аб­зал. Бұл жұмыс балаларға дене­шынықтыру пәнінің маңыз­ды­лығын түсіндіруге, қызығу­шы­лы­ғын арт­тыруға бағытталуы қажет.
-қазіргі оқушыоардың осы пәнге көзқарасы?
– Байқасаңыз, математика, физика, химия, биология секілді барлық елдерде міндетті түрде оқытылатын негізгі пәндердің кез келген форматтағы оқу про­цесін ұйымдастырудың үлгі­лері бар. Интернеттің заманын­да бейнесабақтардың түр-түрін табуға болады. Еліміз­дегі мек­теп­тер қашықтан оқы­ту­ға көш­кенде бірден денешынықтыру пәнін жаңа форматта қалай ұйымдастыруға бо­ла­ты­­­­нын зерттеуді бастадым. Әлем ел­дерінің 79 пайызында нақ осы пән мектепте міндетті түр­де бағ­дар­ламаға енгізілген екен. Пан­демия кезінде осыншама елдің денешынықтыру пә­ні­­нің мұғалімдері тосын жағ­дай­ға тап келді. Себебі мұндай прак­­ти­калық пәннің қашықтан оқытуға арналған дайын видео дә­ріс­тері түгілі арнайы нұс­қау­лығы да болмады, – дейді Ерлік Серікұлы
.Бірақ бұл тексеру де, бағалау да емес, бар болғаны кері байланыс орнату. Айталық, анкета жүргізіп, оқушылардан онлайн сұхбат алуға, шағын конкурстық жобалар ұйымдастырып, мониторинг жасауға, білім алушылар арасында қызықты эстафеталар жолдау­ды ұсынып, оқушыға өзін-өзі бағалау күнделігін толтыруды үйретуге болады. Мұның бәрі баланы өз бетінше білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, ересек­тер­дің итер­мелеуінсіз ізденуіне бастайды. Қашықтан оқытудың мақсаты да осы, яғни ата-ана – баланың білім алуына қолайлы жағдай жасаушы, ал педагог –оқушыға бағыт беруші.
-Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан:Тұран университетінің 4-курс студенті Бекмұханбет Бірлік Серікұлы
Жетекшісі:Рушанова Н.Б

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *