БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Мағзумов Мақсат Мұқамжанұлы

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Мәдениеттану  мамандығының 2-курс доктаранты

 

«ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауы тегін емес. Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. 2023 жылды іс жүзінде балаларды қорғау жылы ретінде өткізіп, білім
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру сынды салаларда ел болашақтарына жете мән берілуі тиіс. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өткен Мемлекет басшысының бастамасы қолдауға лайық.

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан келешек ұрпағымызды білімді, білікті, бәсекеге қабілетті етіп тәрбелеу – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген, білімді, дағдыларды меңгеретін, шығapмaшылық бaғыттa жұмыс iстeйтiн, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру және тәрбиелеу.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек» деген Қасым-Жомарт Кемелұлы балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді. Сондай-ақ Президент аталған ұсыныстың жай ұран немесе мереке ретінде емес, нақты іс жүзінде жүргізілуі керектігін тілге тиек етті.

Жастар – қоғамның неғұрлым ұтқыр, икемді, жігерлі бөлігі және нақ сол жастар ел экономикасының қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Заманауи білім, қажырлы еңбек және жастар бастамасы қажет. Жастардың жанқиярлығы, еңбекқорлығы мен құлшынысы жағдайында ғана Қазақстан экономикасының мүмкіндіктері ол үшін шынайы игіліктерге айналуы мүмкін.

Мемлекет жастарды еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіруде. Ел Президентінің экономиканы үдемелі инновациялық индустрияландыру, ауыл шаруашылығын жаңғырту, мемлекеттік қызмет деңгейін арттыру және шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бағдарламасын іске асыруға жастардың қатысуына ерекше көңіл бөлді.

«Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда.  Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орын алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман» деп Міржақып Дулатұлы айтқандай, заманауи, қарқынды дамып келе жатқан әлемде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелесек, үлкен жетістіктерге жетеріміз хақ! Ең басты міндет – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, қазақ елінің болашағына адал қызмет ететін, ар-намысы биік, парасатты ұрпақ тәрбиелесек, елдің дамуына қосқан нақты үлесіміз болмақ. Біз Президентімізді және оның барлық бастамаларын әрқашан қолдап, әрқашан сенім білдіреміз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *