Орман

орман

Дастанова Әсия

Білім бөлімдері: Көркем әдебиет, жаратылыстану

Тақырыптары: «Жабайы аңдар», «Біздің қанатты достарымыз»

Мақсаты:Жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту, олардың тіршілігін сипаттап, аттарын айтып, сөздік қорын байыту, құстарға тән ерекшеліктерді ажырата білу қабілеттерін дамыту, құстардың қысқы тіршілігі туралы ұғымдарын кеңейту

Көрнекілігі: Суреттер

Басқа оқу іс-әрекетпен байланысы: Сөйлеуді дамыту

 

Іс-әрекеті түрі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы-қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы ізденуші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Кұтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Ал, қанекей, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

 

 

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

 

— Қыс мезгілінде неше ай бар?

 

 

— Қане, қыстың айларын кім атап береді?

 

— Қыста табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

 

 

 

 

-Ал балалар қалай киінеді, немен ойнайды?

 

-Иә, дұрыс айтасыңдар,жарайсыңдар балалар.

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн, біз бүгін көркем әдебиет пен жаратылыстанудан жабайы аңдар мен құстар жайында кіріктірілген ашық оқу қызметін өтеміз.

 

 

-Ендеше балалар,біз сендермен құстар мен жабайы аңдар жайында білу үшін сиқырлы баққа,орманға саяхат жасап қайтайық.

 

-Біз жүреміз адымдап,

Жол ізімен арындап

1,2,3,4

 

Сиқырлы бақтың алдынан музыка ырғағымен тауыс ұшып келеді.

Тауыс:

-Сәлем балалар, сиқырлы баққа қош келдіңдер, егер менің шартымды орындасаңдар мен сендерді қонақ етемін.

Бірінші шартым:         Құстар туралы тақпақтар кім айтады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екінші шартым:

-Сендер қандай құстарды білесіңдер?

Үшінші шартым:

Тыйым сөздер білесіңдер ме?

 

 

 

 

 

 

Тауыс:

-Жарайсыңдар, балалар

Тәрбиеші:

-Балалар, сонымен құстар үй құстары, дала құстары болып бөлінеді екен. Дала құстарына аққу, қарлығаш, бұлбұл тағы басқа құстар жатады .Бұл құстар жыл құстары болып саналады. Ал үй құстарына тауық, әтеш, күркетауық, қаз, балапан жатады.

Аққу суда жүзеді, жыл құстарының барлығы өз қорегін өздері тауып жейді. Бұлбұл да өзінің көктемде салатын ерекше әуенімен белгілі.Қарлығаш бауыры ақ қалған жері қара , құйрығы айыр құс. Адамға өте жақын құс.Ұясын саз балшықтан сілекейін қосып илеп жасайды. Көбінесе ұясын үйге салады. Жалпы дала құстары мен жыл құстары табиғаттың әсем әдемі ағаштарын шыбын-шіркей, құрт-құмырсқадан қорғайды. Ал үй құстарын үйде асырайды. Тауық бізге жұмыртқа береді, ал біз оларға жем, су беріп асыраймыз.Қаз бен үйректің де асыранды түрлері бар. Тауықтың етін тағам ретінде пайдаланамыз, жүнінен адамдар бөстек, жастық тігеді.

 

-Балалар, ендеше саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.

Тауыс та бірге жүреді.

 

Орманға саяхат жасаймыз.

Орманнан музыка ырғағымен қоян шығады.

Қоян: Салем, балақайлар! Сендер біздің орманда саяхат жасамақ бұрын менің шартымды орындауларың керек.

1)     Шартым: Аңдар туралы тақпақ білесіңдер ме?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2)     Шарты: Жұмбақ айтсам, жауабын айтасыңдар ма?

 

Ит сияқты пішіні, ұнатпайды кісіні.

 

Жазда қырады, қыста тынығады.

 

Өзі айлакер, өзі қу.

 

3)   Шарты: Мына жерден аңдардың бір-бір суретін алып, олардың жүрісін саласыңдар.

 

 

Қоян:

-Жарайсыңдар, балалар бір шартымнан да сүрінбедіңдер.

 

Тәрбиеші: Балалар, жабайы аңдарға қоян, қасқыр, түлкі, аю, арыстан, жолбарыс т.б. аңдар жатады.

 

Қоян жылдам әрі сақ жабайы аңның бірі. Қоян шөппен, сәбізбен қоректенеді. Қоянның баласын көжек дейді.  Қоянның түсі жазда сұр болса, ал, қыста ақ түсті болады.

Қасқыр жыртқыш аңға жатады. Қасқыр мал жануарымен, ормандағы аңдарды аулап, қоректенеді. Қасқырдың баласын бөлтірік дейді. Аспанға қарап ұлиды.

Аю қыстай ұйқыға кетеді. Жыртқыш жануар. Аюдың баласын қонжық дейді.

 

 

-Ал мына суретте түлкі бейнеленген екен, түлкі де жабайы жануар, ол балықпен етпен қоректенеді. Түлкінің баласын мыршай деп атайды. Жабайы аңдар  өздерінің әлі келетін жануарлармен қоректенеді.

Тіл ұстарту жаттығуы:

Ыр-ыр-ыр,

Ырылдайды қасқыр.

Кі-кі-кі,

Бұлаңдайды түлкі.

Ян-ян-ян,

Жүгіріп шығар қоян.

Ю-ю-ю,

Қорбаңдайды аю.

 

Қоян:

-Балалар, мен орманда көжектерімнен адасып қалған едім, сендер маған табуға көмектесесіңдер ме?

Тауыс:

-Ой, балалар, сендердің мағанда көмектерің керек болып тұр.

-Сендер бейбітшілік құсы көгершінді білесіңдер ме?

Сол құстар менің бақшама келмей кетті, табуға көмектесесіңдер ме?

 

 

 

 

Тәрбиеші:

-Балалар, қоянмен тауысқа көмектеспес бұрын олармен бірге экранға қарап сергіту жаттығуын жасап жіберейік.

 

Балалардың бір тобы алдарындағы көк түсті парақтағы көжектердің боямағына жұмсақ қағазды жұлмалау әдісімен жапсырады.

Екінші топ балалары көк түсті қағаздағы көгершіннің боямағына ақ жұмсақ қағазды жұлмалау әдісімен жапсырады.

Көгершін мен көжектерді тауыс пен қоянға тапсырып, оларды шығарып салады.

 

Тауыс пен қоян қоштасып, қайтып кетеді.

 

-Балалар, бүгін біз қай жерлерге саяхат жасадық?

-Қандай құстардың түрлерімен таныс болдық?

-Қандай аңдармен таныстық?

-Сендер не жасадыңдар? Жасаған жұмыстарың өздеріңе ұнады ма?

Ендеше осымен бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды. Апайларға сау болыңыздар дейміз.

Қимыл қозғалыспен жаттығу жасап, сәлемдеседі.

 

 

 

 

 

 

— Қазір қыс мезгілі

 

 

— Үш ай бар.

 

 

— Балалардың жауабы

 

 

 

— Қыста күн суытады, аяз болады, қар жауады, ағаштарды аппақ қар басады.

 

Балалар жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар қатармен журеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Інжу:

Мен торғаймын, торғаймын.

Жерге бекер қонбаймын.

Құрт-құмырсқа,шіркейден,

Ақ бидайды қорғаймын.

 

Ерсайын:

Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасақ болмайды.

Шыр-шыр еткен торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

 

Зейне:

Үйге кірші торғайым,

Мен аяздан қорғайын.

Жем шашайын жегейсің,

Үйшік жасап берейін.

 

Ерасыл:

Қарға,қарға; қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар

 

-Балалар жауап береді.

 

 

-Аққуды атпа,досыңды сатпа.

 

-Құстың ұясын бұзба.

-Құстың жұмыртқасын жарма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алинұр: Қасқыр ормандар жортады,

Аяздан ол қорқады.

Аспанға қарап ұлиды. Ауылда малды ториды.

 

Роза: Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Ұзын құлақ сақ қоян.

Қаша берсең орманға, Қорқағым деп ат қоям.

 

Нурислам: Мен тиінмін, тиінмін, Қыста жылы киіндім. Қоймам толы жаңғаққа, Іші жылы үйімнің.

 

 

 

 

-Иә айтамыз.

 

Жауабы: Қасқыр

 

 

Жауабы: Аю

 

 

Жауабы: Түлкі.

 

 

 

— Балалар шартты орындайды..

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Иә, көмектесеміз.

 

 

 

 

-Иә

 

-Жарайды тауыс, уайымдама.

 

 

 

 

 

Балалар экранға қарап жаттығу жасайды.

 

 

Балалар екі топқа бөлініп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары.

 

 

 

 

 

 

Сау болыңыздар!

 

Күтілетін нәтиже

  • Жаңғыртады:

Құстар мен жануарлар туралы мәлімет алады.

  • Түсінеді:

Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктері артады.

  • Қолданады:

Тапсырманы дұрыс орындайды.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *