Қоян бізде қонақта

Қоян бізде қонақта

Ташкенбаева Гулбаршын

Білім беру саласы: Таным                                                                                                                   

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: «Қоян бізде қонақта».

Мақсаты: Тәулік мерзімдерін атай білуге дағдыландыру.Тәуліктің қай мезгілі айтылғанын ажырата білуге үйрету

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: жұмбақтар мен тәулік мезгілі бейнеленген суреттер.

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс -әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Жарқын, жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз,
Балабақша үйінің
Жайнап тұрған гүліміз.

Жарайсыңдар, балалар. Бүгін бізге көптеген апайлар келіп отыр екен. Сендердің оқу қызметіне деген қызығушылықтарыңды, білімдеріңді көргілері келеді екен.

Тәрбиеші балалармен бірге шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын  қимылмен орындайды.
   

«Ғажайып ағаш» арқылы жұмыс жасау.

-Балалар өздерің көріп жүргендей бұл жай ағаш емес.Бұл ағаш жыл мезгілдерін көрсетеді.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің ай аттарын кім атайды?

-Қыс мезгілі несімен ерекше?

-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

-Қыс мезгілі туралы кім  тақпақ біледі?

 

 

Бүгін бізде таным саласы бойынша оқу қызметі.Қарапайым математика бөлімі.

-Айтыңдаршы ,математика бізге нені үйретеді?

-Дұрыс айтасыңдар балалар.

-Уақыт өлшемдерді,түрлі геометриялық денелерді үйретеді.

Жылаған дыбыс естіледі.

-Балалар жылаған дыбысты естимісіңдер?

-Бұл кім болды екен?

-Балалар бұл қоян ғой.

Тәрбиеші:

-Қоян саған не болды?

Қоян:

-Орманда қиын жағдай болғаны.Аңдар неше күннен бері ұйықтай алмай жүр.

Тәрбиеші:

-Неге?

-Қоян:

-Түн жоғалып кетті.Ұйықтай алмай жүрміз.Тек мына хатты тауып алдық.

Тәрбиеші:

-Ия,қоян қиын болған екен.Қане оқып көрейік.

-Мына түстерді пайдаланып мені табуға болады.

Тәрбиеші:

-Қоян, Түн сендермен жасырынбақ ойнағысы келген ғой.

-Балалар қоянға түнді іздеп табуға көмек береміз бе?

-Балалар қараңдаршы  мұнда тура осындай түсті есіктер тұр екен,ашып көрейікші.Тәрбиеші есікті ашқан еді,сурет тұр .

-Мұнда не бейнеленген екен?

Балалар күн ұясынан шығып,таң атып келе жатқан уақытты «таңертең» деп атаймыз.

Жұмбақ жасыру:

Күн шықпай сап аттанды,

Қуырады апшыны.

Шырт ұйқыда жатқанды,

Оятады ащы үнi.

-Жарайсыңдар балалар,таңның атқанын бірінші болып  қораз сезіп қояды екен.

— Қараңдаршы таң көкжиектен атып келе жатқан сияқты күн шығып келеді.

-Ұйқыдан тұрған соң не істейміз?

– Қайда келеміз?

— Балабақшада не істейміз?

 

-Жарайсыңдар.Түнді таптық па балалар?

    Тәрбиеші уақыт мезгілдеріне сәйкес суреттерге күнді қойып көрсетіп тұрады.

-Енді,келесі есікті ашып көрейік.Мұнда да сурет бар екен.

Күн жылжып толығымен ортаға шығыпты.

-Қалай ойлайсыңдар,бұл мезгілді қалай атаймыз?

— Қараңдаршы, күн бір орында тұрмайды екен, жайлап жылжып келе жатқан сияқты. Күн толық аспанға көтеріліп бізге бар сәулесін шашып тұр.

— Міне, бұл кезді біз «түс» дейміз немесе «күндіз» дейміз.

-Айтыңдаршы күндіз балабақшада не істейсіңдер?

-Жарайсыңдар.Түнді таптық па балалар?

-Балалар Қоянның көңілі көтерілсін

Әрі сендердің шаршағандарың басылсын.Қане ,ойын ойнайық.Ойынның аты «Күн мен түн» деп аталады.

Тәрбиеші балаларға ойын шартын түсіндіреді.

-Енді,келесі есікті ашып көрейік.Мұнда да сурет бар екен.

— Балалар қараңдаршы күн жылжып төмен түсіп келеді,яғни ұясына батуға жақындап қалыпты.

— Біз бұл мезгілді қалай атаймыз?

— Балалар біз кешке не істейміз?

-Үйге барғанда не істейсіңдер?

-Жарайсыңдар.Түнді таптық па балалар?

 

-Енді,соңғы есікті ашып көрейік.Мұнда да сурет бар екен.

Ал енді міне күн ұясына батып кетіпті.Даланы қараңғы басыпты

-Бұл мезгілді қалай атаймыз?

-Түнде аспаннан нені көреміз?

Айдың жанында нелер бар?

Ал жұлдыздар көп пе,әлде аз ба?

-Түнде не істейміз?

-Дұрыс айтасыңдар, бәріміз тәтті ұйқыда боламыз.

 — Міне, балалар тәулік бөліктерімен таныстық, енді Түнді таптық па?

Осы кезде Түн күлімдеп шығады.

-Қандай ақылды балалар.Қоян досыма мені табуға көмек бердіңдер.Рахмет сендерге.Мен қоянды алып қайтайын.

Бұл кезде қоян ұйықтап қалған еді.

 

 

 

 

 

 

-Қыс мезгілі

-Желтоқсан,қаңтар,ақпан

-Қыс мезгілінде қар жауады.

-Сырғанақ тебеміз,шанамен ойнаймыз,қар атысамыз,аққала жасаймыз.

Балалар  білетін тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

-Математика санауды,сандарды,уақытты үйретеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Көмек береміз.

 

 

 

 

-Жартылай күн

 

 

 

 

-Қораз

 

 

 

 

-Ұйқыдан оянамыз.

-Жуынамыз.

-Балабақшаға келеміз.

 

 

 

-Жоқ таппадық.

 

 

 

  

 

 

 

 

-Түс мезгілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Серуенге шығамыз, Ойын ойнаймыз. Түскі ас ішеміз, ұйықтаймыз

-Жоқ таппадық.

 

 

 

 

 

Балалар ойынға қызыға қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

-Кеш мезгілі

-Ата-анамыз келіп,бізді балабақшадан алып кетеді.

-Кешкі асты ішеміз,теледидар көреміз.

-Жоқ таппадық.

 

 

 

 

 

 

-Түн дейміз.

-Айды көреміз.

-Жұлдыздар болады.

-Жұлдыздар көп.

 

-Түнде ұйықтаймыз.

-Ия таптық

Қорытынды:

 

-Балалар  бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

— Бізге қонаққа кім келді?

-Қоян не жоғалтып алды?

-Ұйқыдан тұрған кезді қалай атайды екенбіз?

-Күннің жоғары шыққан уақытын ше?

-Ал,балабақшадан қайтқан уақытты ?

  -Жарайды балапандар,енді қонақтармен қоштасайық.

 Тәрбиеші балаларды мақтап

 ризашылығын білдіреді,

 

-Әрине ұнады.

-Қоян.

-Түнді

 

-Таңертең

-Күндіз немесе түс

-Кеш

 

 -Сау болыңыздар.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Тәулік мезгілдері  туралы біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Уақыт мезгілдерін ажыратуды игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Уақытты бағдарлауды

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.