«Салауатты өмір салты» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының аясында Филология факультеті, Шетел филологиясы және Аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен  Шетел филологиясы мамандығының 1-курс магистранттары Айдарқұлова Ш.А., Алуақас З.Е. және аға куратор Байелі Ә.Ж. мен топ эдвайзері  Төреханова Р.А. «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының аясында “6В02304-Аударма ісі” мамандығының 1-курс студенттерімен «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: жастарға салауатты өмір сүру салтын насихаттау. Ашық тәрбие сағаты интерактив  түрінде өткізілді. Сабақ барысында студенттер өз ойларын ашық жеткізіп, белсенді қатысты. 2 топқа бөлініп денсаулыққа әсер ететін жақсы және жаман әдеттер туралы кластер жасап, қорғады, жаңа технологиялардың көмегімен түрлі интерактивті тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, студенттерге 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай уақыт белдеуінің белгіленуінің адам денсаулығына әсері туралы  пайдалы ақпараттар берілді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *