Педагог-гуманист Ш.А. Амонашвили «В чаше Ребенка сияет зародыш зерна Культуры» еңбегі туралы эссе

Тюлюп Рашида Темиртасовна

Будь осторожен!
Не ошибись!
Не вреди!
Будь надеждой для школьников!
Дари себя детям

Ш.А.Амонашвили

Қазіргі таңда жас ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру үрдісі өте маңызды болып келеді. Дүниеде адамдар рухани құндылықты бойларынан жоғалтып барады, жауапсыздық, әділсіздік, зұлымдылық себепші болады. Мәңгі жалпыадамзаттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру – біздің міндетіміз. Сол мәселелерді қарастырып, атақты педагог-психологтар қаншама еңбек жазып қалдырған: Януш Корчак, В.Сухомлинский, Ш.А.Амонашвили және т.б.

Ш.А. Амонашвилидің қандай да бір еңбектері оқырманға ой тастамай қоймайды.  Өз өмірінен мысалдарды келтіріп, қарапайым, жеңіл тілмен,  ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, тыныштық және қиянат жасамау құндылықтарын бағыттай отырып, адамдардың бойындағы ізгілікті оятқысы келеді.

Балаларды қалай сүю,қалай тәрбиелеу деген – мұғалімге деген, мәнгі сұрақ. Жер бетінде қанша мұғалім, тәрбиешілер болса, соншама жауап болар. Осы курс барысында  Ш.А. Амонашвилидің «В чаше Ребенка сияет зародыш зерна Культуры»мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтардың ең әсерлісі де әдемісі түсінушілікке,сүйіспеншілікке,сенімділікке бағытталған. Еңбегін оқып шыққаннан кейін мынадай ой қалыптасты.Ш.А.Амонашвилидің бұл жалпы ұстаздың адамгершілік көз қарасын көрсеткен.

-Бала не үшін туады,не үшін осы дүниеге келеді?Олар туады,біз тәрбиелейміз

өзімізге ұқсатып, өзіміздің қателерімізді түзетіп адамзатты шындық жолына

бағыттап.

Бала тәрбиелеуде оған тек қана ақылмен түсіндіру керек екендігін түсіндім.

Яғни, кез-келген ата-ана баланы күшпен тәрбиелемей, оның бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық ,яғни адамгершілік қасиеттерді сіңіріп өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде ата-ана шешуші роль атқарады. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәртіпсіздік істеген балаға қатаң сөз айтып, ұрып-соғудың керегі жоқ, жылы сөзбен өзіне тартып, себебін өзіне айтқызып, істеген ісінің дұрыс бағытта еместігіне көзін жеткізу керек, бала деңгейіне дейін өзін кешіре білуін керек, әйтпесе ештеңе шығара алмайсың.Көбі түсінеді баланы қазіргі кезде басқаша тәрбиелеу және оқыту керек,өзіміздің ойымызды оларға байламау керекпіз,біз үміттенеміз балалар осы дүниеге рухани байлыққа толы,олардың бойында құтқарушыны көру керекпіз.Балалармен бірге жаңа ағымға, өмір талабына сай бір орында тұрмай жаңарып отыру керек бірге біз прогрестің күшті толқыны болып саналамыз. Мысалы бір-бірімізден сұрасақ  қайдан пәле шықты?- деп.Әр қайсысы өз жауабын табады.Біреуі айтады «кедей тұрамыз», «ешкімге сенім жоқ», «экономиканың  өзгеруі», «ұрлық пен жемқорлықтың көбеюі», «бәрі жақсы»:Бір ақылгөй осындай жауап беріпті бұл біздің  мәдениетіміздің жоғалуы,бұл біздің пәлеміз.Қай жерде біз қателестік  десек әртүрлі жауапқа ие боламыз.Автор өзіне тән бірізділікпен өзінің бала кезіндегі оқиғаларын мысал ретінде келтіре отырып, үлкендер мен  баланың арасындағы сенімнің, сыйластықтың, тіпті осы қасиеттердің ұлы бір сүйіспеншілікке ұласатынын асқан шеберлікпен жаза білген.Көптеген тарихи оқиғалардан  мәдениетіміздің өзгеруін байқауға болады,осы қазіргі мәдениетті құрған ата- бабамыз біз оны мақтан етеміз.Әлеуметтік және экономикалық даму мемлекеттің рухани мәдениеті болып саналады.Жаңа өсіп кележатқан ұрпақты мәдениеттің жалған өнім түрінде тәрбиелемеу керекпіз.Әр жалған  өнім ол өтірік,өтірікте негізі жоқ ол бұзылады.Мысалы: үш адам құрылысқа тас апара жатыр біреуіне апар деп айтты,екіншісі нанға ақша тауып жатырмын,үшіншісі мешіт салып жатырмын,бұларда әртүрлі сапалы ұмтылыстар,яғни мәдениет деңгейлері де әртүрлі.Адам өзін жетілдіру үшін ішкі және сыртқы әлемімен ұмтылса,ол нағыз мәдениетті адам.Мәдениет күші-біздің рухымызда.Мәдениеттің тәрбиелеуі Жарыққа ұмтылумен тәрізді.

Бала  сөйлеуге үйренеді сосын сөз арқылы өтірік,дөрекілік айта бастайды,сөз мәдениеттің құралы,мәдениет емес.Жағымды сөздермен рухымызды тазарту керек.Қазіргі таңда мұғалім оқушыларды мәдениетке тәрбиелейді, бірақ өзі де жоғары мәдениетке ұмтылу, өз өзін жетілдіру керек.Мәдениетіңді байытуға ешқашан кеш емес,оқушылар бізге қарап ақырын бәрін сіңіреді.

Баланың бойына ізгілікті ұялата білу керек,сонда  жағымсыз ойлар болмайды.Баланы әсемдік,махаббатқа толы әлемде ұстай білу,сонда бойындағы жамандық кетеді.

Менің ойымша әрбір жас толқын қай жағынан болсын, тамаша, жан-жақты келісті азамат болып қалыптасуы қажет. Ол еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған ақылды болып қана қоймай, тәрбиелі де көркем, ибалы болуы керек. Қисықты түзететін-күш, қыңырды түзететін-тәрбие,басқа жол жоқ!

Өз ойымды қорыта келе, педагог Амонашвилидің «В чаше Ребенка сияет зародыш зерна Культуры» атты еңбегінде баланың жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейірімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Осы орайда ұзтаздың әңгімесін өз сыныбымда тәрбие сағаттарында қолдануды жөн көріп отырмын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *