Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары

Мақсаты: Қазақ тілі пәнінде қалыптасқан тілдік дағдыларды қолдана білуге үйрету.Оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту.

Міндеттері: 1. Оқушылардың алдына түрлі проблемалық жағдайлар туғызу арқылы ойлауға, сөйлеуге түсінуге дағдыландыру.

  1. Оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне, қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу.

3.Әдепті,сауатты сөйлеу мәдениетін арттыру,тілін дамыту,сөздік қорын байыту.

4.Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру,қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

          Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол — жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден — бір жолы. Өз тәжірибемде, оқыту барысында алдыма қойған мақсатым — баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты ерекшелігі — оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау,сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

Қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу- бүгінгі таңның басты мәселесі. Бірлескен іс-әрекетке негізделген оқытуды тиімді пайдаланған жағдайда келесі нәтижеге қол жеткізуге болады:

— оқушының оқуға деген қызығушылығының артуы;

— іскерлік дағдысының дамуы;

— өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;

— өздігінен оқып негізгі түйінді ойды анықтап алуы;

— мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;

— ойлау белсенділігінің артуы;

— шығармашылық дағдысының қалыптасуы;

— өзіндік пікір айтуы.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі заман талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау- басты мақсат. Тілді оқыту оңай іс емес екені айқын. Оқушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет.

— мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігіне бағыт-бағдар беріп, өздігінен білім алудың жолын көрсетеді;
— оқушының өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсетіп, өзін-өзі бағалай алуға, сыни тұрғыдан ойланатын әлеуметтенген жеке тұлға болып қалыптасуына жетелейді;
— оқушылар мұғалімнің қолдауымен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді;
— оқушының өз-өзіңе деген сенімділігі оянып, өзіндік көзқарасын білдіре алатын дамыған тұлға қалыптасады.
Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін ояту қажет. Мұғалім әр сабағын жоспарлағанда бүгін нені үйретем? оны қалай үйретем? не арқылы үйретем? не үшін үйретем? деген сұрақтарды басшылыққа алып, мақсатына жетуде әдіс-тәсілдерінің ең тиімдісін қарастырып, оқушының назарын өзіңе аударуға бар күш-жігерін жұмсауы керек.

Оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

-тыңдауға, мазмұнын түсінуге түрлі стилдегі мәтіндерді ұсыну;

-мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;

-тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;

-мәтін бойынша жоспар құру;

-тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;

-мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу

-мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;

-мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;

-ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;

Оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға  ықпал ететін тапсырма үлгілері:

-көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;

-мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;

-мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;

-«ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау;

Оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

-оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;

-сөздердің  орфографиясын меңгертуге арналған тапсырмалар;

-газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу

-белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;

Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен тілдік дағдылардың қалыптасу қағидалары

 

 

-Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қағидасы

-Ортақ тақырыптар аясында пәнаралық байланысты жүзеге асыру қағидасы

-Оқу әрекетін қалыптастыруды оқушы дамуының басты шарты ретінде қарастыратын  дамыта оқыту қағидасы

-Оқушылардың қимылдық, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық белсенділігін және өз беттерімен жұмыс істеу біліктерін дамыту қағидасы

Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған қосымша беріліп отырған дискісі мен №1,2,3 жұмыс дәптерлері үлкен ықпалын тигізіп жатыр.
Туындап жатқан өзекті мәселелердің бастысы материалдық базаға байланысты, себебі, барлық сыныптарда компьютерлер мен интерселсенді тақталар орнатылмаған.

Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуге арналған бағдарлама.

Оқушыларға қазақ тілінен тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен айтылым,тыңдалым,оқылым,жазылым әрекеттеріне баса назар аудару керек. Оқушылардың сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту. Оқушылардың сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын қалыптастыру. Бала тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн.
Айтылым , жазылым,тыңдалым,оқылым дағдыларын дамытуда , тілді еркін игеріп,қарым-қатынасқа түсе алады. Алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.
Қазіргі кезеңде өзекті мәселе ретінде мемлекеттік тілді үйрету болып табылады.Яғни, өзге ұлт өкілдеріне қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын таба білу және оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.Сонымен қатар алдымызда отырған оқушылардың Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілікті сезіну.

Сабақ барысында cыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән беремін, нәтижесінде оқушыларымның өздерін сабақ барысында еркін ұстауын байқадым. Сондықтан сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, «Шаттық шеңбер» әдісін пайдаланамын. Бір-біріне жақсы тілек айту кезінде олар өздерін еркін және сенімді ұстауды үйренді. Ал сабақ барысында олар бір-біріне құрметпен қарайды. Бірін-бірі тыңдауды үйренеді. Балаға не үйретсең соған бейім келмей ме? Қажымай еңбектенудің арқасында сындарлы оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс пайдалана отырып, сыни ойлауға, топта бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрете білдім. Үй тапсырмасын тиянақтауда не білетінін анықтау үшін «Үш сөйлем» әдісін пайдаланамын. Осы әдіс арқылы ойын ашық, еркін түрде жеткізе алатындықтан  өз тиімділігін көрсетті. Сабақ жоспарын құру кезінде сабақ мақсатына жету үшін «Не істеймін?»,»Не істеу керек?»- деген сұрақтарға жауап іздеймін. Осы сұрақтардың төңірегінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Оқушыларды топқа бөлудің түрлі тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады. Топқа бөліп оқытудың бір артықшылығы үлгерімі орта, тұйық оқушылар топтың

 

 

басқа мүшелерімен диалогқа түсе отырып, өздерінің білмейтіндіктерін үйрене отырып, көшбасшылық қасиеттері ашылады.

Топтық жұмыстардың артықшылығы:

-Оқушылар өзара достық қатынаста болады, бір-бірінен сұрай отырып, білімдерін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігі артады.Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды.Сабақ бойы оқушылардың барлығы дерлік іс — әрекет үстінде, жұмыс жасау, іздену үстінде болады. Мұғалім осы іс әрекетті ұйымдастырушы және басқарушы болады. Оқушылардан да соны талап етеді. Жаңа сабақ кезеңінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін түрлі сөзжұмбақтар, ойын түрлерін пайдаланамын. Сабақ барысында оқушыларбір-біріне түсіндіреді, топта талдады, зерделеді, өздері ұйымдаса отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа тақырыпты ойлары мен пікірлерін постер қорғау арқылы дәлелдеп шығуға тырысты. Топтық жұмыс жасау кезеңінде 3 топқа мынадай тапсырма беру арқылы постер қорғады.Оқушылардың өздерінің талқылауына берілген сабақ оқушылардың өз идеяларын жеткізе алуына көмектесті. Аталған стратегиямен жұмыс жасау маңыздылығы ыңғайлы әрі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына негізделген болатын.Топтық жұмыс барысында «Ой қозғау», «Миға шабуыл» стратегиялары арқылы оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін тағы да ой елегінен өткізіп, білетін ақпаратты еске түсіріп, білмейтіндерін есте сақтап, жұмыс жасайды. Орыс мектептерінде қазақ тілі сабақтарында «Екі жақты күнделік», «Аквариум», «Топтастыру», «Айналым» стратегияларын қолданудың маңызы зор. Оқытуда сыни тұрғыда ойлауды дамытудың стратегиялары өте тиімді. Оқытуда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды үйрете отырып, сыни тұрғыда бағалай білуге үйрету. Оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды қадам болды. Оқушылар жаңаша бағалауға қызыға қарайды. Білімдерін бағалау оқушылардың таңғалысын тудырады. Себебі, бұрын тек мұғалім ғана бағалап келген, енді оқушылар бір — біріне баға қоюға болатындарын білгенде қызығушылықпен қарады. Оқушылар бір бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою оқушылар арасындағы тығыз қарым қатынасты нығайтты. Сабақта «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «ББҮ» стратегияаларын қолдану оқушылар жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі. Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарында тиімді жаңа әдіс-тәсіл-диалогтық оқыту. Диалогтық бөлімдегі сабақтарда сұрақ-тапсырмаларға жауап беру, жекелеген, топтық іздендіру жұмыстары: жаттығу орындау, бірін-бірі тексеру, реферат, тест сұрақтарын әзірлеу, әңгіме құрау, мәнерлеп оқу, танымдық ойындар құрастыру, сызба дайындау — бала білімін оқушылық деңгейге деңін көтеруге мүмкіндік туғызады. Орынды пайдаланған оқыта-үйрету ойындар мен топтық, жұптық жұмыстар қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеуіне мүмкіндік туғызады.. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған 50 елдің қатарына

 

жеткізетін, терезесін тең ететін — білім». Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр. Егер әр педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын тың идеяларға негіздей алатын болса, жаңашыл педагогтар шеберлігі арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығы одан әрі артатыны сөзсіз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *