Ойын технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру

Мухамбетова Динара Бекмуратовна

Ойын технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру

Қазіргі қоғам талабына сай,  Қазақстан  Республикасының дамыған   елдерімен иық тіресіп тұруы   үшін, еліміздің  болашағы  мен қазіргі  кезеңі үшін  білімді,  зерделі, өз бетімен  іс –әрекет  ете  алатын,  қоғамнан  өз  орнын  таба  алатын  шәкірттерді  дайындау  алдымен ұстаздың  міндеті.

«Бір  сарынды  және  бір бағытта  ұзақ  жүргізілген  іс –әрекет  бала өміріне  шексіз  зияның тигізеді.   Сондықтан, әсіресе ,  бастауыш  сыныптарда оқыту барысында  әр түрлі  оқыту әдістері  мен  формаларын   алмастыра қолдану керек»,  —  дейді  К. Д. Ушинский.

Оқушы өмірінің  көп бөлігі  мектепте өтеді. Білім алуда  іс –әрекетке үйренген  баланың  бойында алған білімі ұзақ  уақыт сақталады, және ол жұмыс  істеуге,  ізденуге,  таңдауға,  үйренеді.  Сол үшін ескі дәстүрлі  сабақтан озық,  тәжірибеден  өткен  технологиялардың  біріне  көшу қажеттілігі туады.    Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа  алып келеді.  Ал зерігу болған   жерде  шығармашылыққа жол жоқ.  Сондықтан,  әсіресе,  бастауыш  сыныпта  жұмысты  ұйымдастыруда  сабақтарды,  көбіне,  ойын  ретінде  өткізген  дұрыс.  Балалардың  жасы қаншалықты  кіші  болса,  сабаққа  соншалықты  ойын  элементтерін көбірек енгізу керек.

Балаларды  оқытудағы  және тәрбиелеудегі  ойынның  рөлі  педагогикада  бұрын да,  қазір де  қарастырылып келеді.  Алдыңғы   қатарлы  педагогтардың  бәрі де  ойынды  нағыз  керекті және  маңызды  іс –әрекет  деп түсінеді.  Ойын  балалар үшін оқу да,  еңбек те  болып   табылады.  Ойын  —  айналадағы дүниені  тану  тәсілі.  Ойын  арқылы адам баласының белгілі  бір  буыны  қоғамдық  тәжірибені  меңгереді,  өзінің психикалық  ерекшеліктерін   қалыптастырады.  Балалардың  қиялын, ойлауын,  сөйлеуін  дамыту  үшін  түрлі  ережелерімен  ойнайтын  ойындардың да  үлкен дидактикалық  мәні  бар.  Ойындарды  белгілі бір  талаптарға сай  ұйымдастырып  отыру  қажет.   Ойын  балаларға  өмірде  кездескен  қиыншылықтарды  жеңудің   жолын  үйретіп  қана қоймайды,  ұйымдастырушылық  қабілетін қалыптастырады.

А. С. Макаренко :  «Ойын —  балалар  өмірінде өте  маңызы зор нәрсе , үлкендердің  ісі,  жұмысы,  қызметі қандай  маңызды  болса,  балалардың  ойыны  да  сондай маңызды.   Ойында  бала қандай  болса ,  өскен кезде  жұмыста   да,  көбінесе,   сондай болады.   Сондықтан  болашақ  қайраткер,  ең  алдымен ,  тәрбиені  ойын  арқылы  алады»,  —  деп  балалар  ойынын жоғары бағалаған.

Тиімді  қолданылған  ойын  мұғалімнің  түсіндіріп отырған  материалын  оқушылардың  зор  ынтамен тыңдап,  берік меңгеруіне  көмектеседі. Өйткені  төменгі  сыныптағы  оқушылардың  аңсары  сабақтан  гөрі  ойынға ауыңқырап тұрады.  Қызықты ойын түрінен  кейін олар  тез  сергіп,  тапсырманы  ықыластана  әрі  сапалы  орындайтын болады.

Оқушылар  бастауыш мектепте  дыбыс  және  әріп,  дауысты дыбыс,  оның  жуан,  жіңішке  түрлері,  дауыссыз  дыбыс,  қатаң,  ұяң,  үнді  олардың үндесуі және  емлесі,  буын және  буын  үндестігі,  тасымал т.с.с.  тақырыптарды  өтеді. Осы  кезеңдерде  ойынды тиімді пайдаланған  жөн. Ендеше,  бірнеше ойын  түрлерін  көрейік.

  1. «Қай әріпті  жоғалттым?»  ойыны  (Бір  әрпі  сөз  ішінде қалып кеткен бірнеше парақшалар дайындалады.)
  2. «Қай буынды  жоғалттым?»   ойыны  (Суреттер көрсетіледі,  және сөздің бірінші буыны жазылады. Оқушылар жасырылған буынды табуы керек.)
  3. «Бұл қалай өзгерген?»  ойыны (Әріптерді  салыстыру  мақсатында:  а-ә,  ү-ұ,  о-ө,  ы-і).

Қазақ  тілі  сабақтарында дидактикалық ойындарды көркем  әдебиеттермен  ұштастыру жұмыстарының да  оқушыларды тәрбиелеуде  маңызы зор. Көркем әдебиеттерді  оқу арқылы оқушылардың  эстетикалық, адамгершілік қасиеттері дамиды.  Шығармадағы кейіпкерлерді  тану барысында  жақсы істерге ұмтылады.  Балалар үн-түнсіз ойнамайды.  Тіпті,  бала жалғыз  болғанның  өзінде ойыншықтармен  сөйлесіп  жүреді. Ойынға  қиялдағы  қатысушылармен әңгімелеседі :  өзі мен анасы атынан, дүкенші мен сатып алушы  атынан сөйлеседі.  Ойын үдерісінде  сөйлесу  қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады.  Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып,  ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Әрбір  ойынның бала үшін білімділік  мақсаты ғана емес, тәрбиелік,  танымдық мақсаты зор.

«Орамал тастамақ»  ойыны. Мұғалім  тапсырмасы бар орамалды  кез-келген  оқушының алдына тастайды.  Бұл ойынды  әр сабақта  сабақтың әр бөлігінде  қолдануға болады.  Кіші жастағы балалармен  жұмысты ұйымдастыруда   олар шаршап қалмас үшін жиі ойын ретінде өткізген дұрыс.

Бастауыш сынып оқушыларының  бойындағы төзімділік,  шыдамдылық  пен  ұстамдылық,   өзін-өзі тежеу сияқты  қасиеттердің   қажеттілігін  алғаш  сезінуі осы  ойындардан басталады.   Жақсы бала  бар  ынтасымен  беріліп,  оны білуге,  меңгеруге  ұмтылады  және  алуан түрлі  дағды мен  шеберліктерін  шыңдайды.   Алты  жасар оқушы —  ойын  баласы.  Бұл кезеңде  ойын  еңбек  ету,  білім,  тәрбие  алудың  негізгі  құралы  ретінде  қолданылады.  Математика сабағында  ойынды жүргізу  тек  мақсат болмай,  шәкірттердің  қызығушылығын   дамытатындай  болуы  керек.  Мұғалім  әр түрлі   әдістерді  қолданып,  оқушылардың  математикалық  ойын  дамытып,  тәрбие мен  ойынды  жүйелі байланыстыруы  керек.  Математикалық және  логикалық ойындарды ұйымдастыру мен оларды жүргізуде мынадай негізгі қағидаларды  орындау  қажетті  және  жеткілікті:

1.Ойын ережесін алты жасар  бала дұрыс түсініп,  ұғу үшін тілі  қарапайым,  дәл,  нақты айтылуы керек.  Егер материал  кейбір оқушылар  үшін  түсінікті болып,  ал  қалғандары ойын   ережесін  түсінбесе немесе   математикалық ойынның  мазмұнын анық  ұқпаса,  онда  балалар қызықпайды,  тек  мақсатсыз  жүргізу  болып саналады.

2.Ойынды  жүргізу негізінде  оқушылар сан  қилы ситуациялық  жағдайларды  шешуге  икемділігін дамытып,  математикалық  тапқырлығын  арттырса,  онда  педагогикалық  мақсаттың орындалғандығы.

3.Ойынға  арналған  дидактикалық  материал  кіші  жастағы  оқушылар  үшін  күрделі ,  тартымсыз  жасалып,  оны  қолдану  ыңғайсыз  болса,  онда  ойын  ойдағыдай  әсерлі  болып  шықпайды.

4.Оқушы  ойынға белсенді  қатысу үшін оны  ұзаққа созбай ,   басқаларды  күттірмей,  ережесін  түсіндіргеннен  кейін  тез жүргізіп,  қорытындыны  сол бойда хабарлап,  «жеңімпаздарға»  сыйлық  беру керек   немесе  оларды  мадақтаған дұрыс.

5.Егер  сабақ кезінде  шәкірттердің ойын қалыптастыратын  және  ойлауын дамытатындай  бірнеше ұқсас  ойындар  жүргізілсе,   онда ойынды  қарапайым түрден  бірте-бірте  күрделендіруге  және нақтыдан  абстрактылы  түрге көшкен  тиімді болады.  Бұл  әдісті,   әсіресе,  логикалық  ойындарды  жүргізгенде  пайдалану  қажет.

  1. Сабақта ойын әдісін оның мақсатына, мазмұнына  және  тақырыбына қарай  қолдану  тиімді.  Ойынды шамадан тыс,  қажетсіз жерде қолдану  кері  әсер  етеді.

7.Ойын  әдісін сабақта  қолданғанда нақтылы тапсырма,  мақсат,  міндеттер  шешілуі  тиіс.

Бастауыш  сынып оқушыларын ойната отырып,  ойландырып,  тәрбиелік  мәні  зор  ойындар арқылы дамытуға  болады.  Бұл  кезде  жақсы  оқитын оқушы  одан әрі  дамып, нашар оқитын оқушы  өз мүмкіндігінше  іс-  шараларға  араласып,  өз  үлесін  қосып  отырады.

А.С.  Макаренконың  пікірінше,  ойынды баланың  психологиялық қасиеттерінің сапалары  да өзгеріп отырады.  Ойын  баланың  сабаққа ынтасын аудартуға,  көңіл қойғызуға,  сондай –ақ  қабылдауын  жеңілдетуге,  білімді толық   игеруіне көмектеседі.

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

 

1.Майғаранова  Ш. Мектеп  оқушыларын рухани дамыту  мәселелері. – Алматы:  Рауан, 2002.

2.Бабанский  Ю. К.  Сластенин В.А,  Сорокин  Н.А.  Педагогика, 1989

3.Қасабеков  А.  Алтаев Ж. Қазақ  философиясы  —  Алматы.

4.Қараев  Ж.А.  Мектепте  оқытудың  педагогикалық   жүйесін  жетілдірудің әдіснамалық   негіздері.  Бастауыш  мектеп , 2007

5.Сухомлинский  В.А.   Балаға  жүрек  жылуы. —  Алматы.

  1. Бастауыш мектеп. Начальная школа.  2015

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *