«Н» дыбысын қою . Ерекше балалармен жұмыс жоспары

 

«Н» дыбысын қою

 

Білімділік мақсаты:

 

«Н» дыбысын сұрақтарға ауызша жауап беру арқылы, буындар мен сөздерді оқу негізінде қою. Есту қабілетін дамыту арқылы «Н» дыбысын ажырата білу.
Дамытушылық мақсаты:

 

Сұрақтарға ауызша жауап беру баланың есту қабілетін дамыту. Жаңа сөздермен таныстыру және соның негізінде баланың сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілік мақсаты:

 

Үлкендерді тыңдауға және сыйлауға үйрету. Бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру.
Көрнекіліктер:

 

Суреттер, кеспе сөздер, табличкалар, «Балық аулаймыз» ойынына қатысты материалдар.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

 

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

— Бекжан, тұр. Амандас.

— Отыр.

— Мені тыңда. Сұрақтарға жауап бер.

— Сенің атың кім?

— Сенің тегің кім?

— Сенің жасың нешеде?

— Сен не істедің?

— Салем апай!

 

 

— Менің атым – Бекжан.

— Менің тегім – Мұхан.

— Менің жасым бесте.

— Мен сұрақтарға жауап бердім.

 

ІІ. АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУ

—  Бекжан, қазір біз тілге жаттығу жасаймыз.

—  Жаңғақтар жаттығуы.

—  Тәтті тосап жаттығуы.

 

 

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ

«Н» дыбысының шырайын көрсету

—  Бекжан, мені тыңда. Жауап бер.

—  Мынау не?

—  Дұрыс. Суретте не бейнеленген?

— Бекжан, мынау не?

— Мынау не?

— Жарайсың Бекжан. Сен не істедің?

 

— Мынау – сурет.

— Суретте шырай салынған.

— Мынау – тіс.

— Мынау – тіл.

— Мен жауап бердім.

 

«Н» дыбысының шырайын түсіндіру

—  Тілдің ұшы үстіңгі тістердің артында.

—  Мұрын қанаты дірілдейді.

—  Дауыс желбезектері дірілдейді.

 

 

«Н» әрпінің таңбасымен таныстыру

— «Н» дыбысы дауыссыз дыбыс.  

 

ТЫНЫСПЕН ЖҰМЫС

—       Бекжан, қазір тынысыңды бөлмей, буындарды оқы.

 

 

— Жарайсың. Сен не істедің?

—  НА

—  НА ___ НО

—  НА ___ НО ___ НУ

—  НА ___ НО ___ НУ ___ НЕ

—  Мен оқыдым.

 

ДАУЫСПЕН ЖҰМЫС

—       Бекжан, мынау не?

—       Дұрыс.

—       Қазір буындарды оқимыз.

—       Мынау буындарды дауыстап оқы.

—       Мына буындарды жай оқы.

—       Мына буындарды сыбырлап оқы.

—       Жарайсың Бекжан.

—  Мынау – буындар.

 

 

—  НА ___ НО ___ НУ ___ НЕ

—  АНА ___ ОНО ___ УНЕ ___ЕНЕ

—  АНО ___ УНО ___ ЕНА

 

 

  1. ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ТАНЫСТЫРУ
—       Бекжан, мынау – нан (суретін көрсету, сәйкес табличканы қою). Нанды біз жейміз.

—       Мынау – нар (суретін көрсету, сәйкес табличканы қою).

—       Міне, мынау – науа (суретін көрсету, сәйкес табличканы қою). Науадан жануарлар су ішеді.

—       Міне, мынау – сенің анаң (суретін көрсету, сәйкес табличканы қою).

—       НАН

 

 

—       НАР

 

—       НАУА

 

 

—       АНА

 

  1. ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
—       Бекжан, мені дұрыстап тыңда.

—       Мен қазір сөздер айтамын, сен суретін көрсет.

—       НАР

—       НАУА

—       НАН

—       АНА

—       Өте жақсы.

 

—   Бала сәйкес сурет пен табличканы тауып, оқиды.

—   НАР

—   НАУА

—   НАН

—   АНА

 

 

 

  1. VI. «БАЛЫҚ АУЛАУ» ОЙЫНЫ
—       Бекжан, қазір біз ойын ойнаймыз?

—       Бұл – не?

—       Дұрыс. Қазір сен балық аулайсың. Балықтардың артында сөздер бар. Соларды оқы.

 

—       Бекжан, жарайсың.

 

—   Мынау – балықтар.

—   НА ___ НАН.

—   НА ___ НАР.

—   НА ___ НАУА.

—   НА ___ АНА.

 

VІI. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

—  Бекжан, сен қандай дыбыспен таныстың?

—  «Н» дыбысы бар сөздер айтшы.

—  «Н» дыбысы қандай дыбыс?

—   Мен «Н» дыбысымен таныстым.

 

—   Нар. Нан. Ана.

—   «Н» дыбысы дауыссыз дыбыс.

 

VII. БАҒАЛАУ

Бекжан,  сен бүгін сабаққа өте жақсы қатыстың.  

 

VІІІ. САБАҚТЫ АЯҚТАУ

—  Бекжан, сен сабақта не істедің?

 

 

— Жарайсың. Апайлармен қоштас.

— Мен оқыдым.

— Мен тыңдадым.

— Мен ойнадым.

— Сау болыңыздар!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *