Несие тарихы: «қара тізімнен» шығуға бола ма?

 «Несие», «депозит», «пайыз» және «сыйақы мөлшерлемесі» сияқты терминдер көпшіліктің сөздік қорында өз орнын тапты . Біздің елде несие қармағына түсіп, белшесінен қарызға батқандар аз емес.

 Несие дегеніміз – белгілі бір пайызбен қарызға қаражат алу. Несие беруші мен қарызға алушының мақсаты бір —  пайда көру. Банк қаржылық жағынан ұтса, ал клиент аз уақытта қалаған сомасын алады.Қарызға алған ақшаны қайтарумен қатар тұтынушы шартта көрсетілген пайыздық мөлшерлемелерді де төлеуге міндеттеледі.

 Несиені екі түрге бөліп қарастырған жөн: белгілі бір мақсатпен алынған несие және мақсаты белгісіз . Бірінші жағдайда жеке тұлға банкке автокөлік, тұрмыстық техника, пәтер және т.б. сатып алу үшін несиеге өтініш береді. Екінші жағдайда несие мақсаты белгісіз болып қалады. Жеке немесе заңды тұлғалар банктен өздеріне қажетті соманы қарызға алып , келісім-шартта көрсетілген уақыт аралығында қайтаруы тиіс.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің статистикасына сүйенсек, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша барлық қазақстандықтардың несие берешегі – 18,4 трлн теңге. 2020 жылы бұл көрсеткіш 13,8 трлн теңге еді, ал 2021 жылы 14,6 трлн теңгеге өскен. Қазақстанда 19 миллион адам тұрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 9,3 миллион адам ғана ресми түрде еңбек етеді. Осылайша, жұмыс істейтіндердің жан басына шаққандағы несие көлемі 1,9 млн теңгені құрайды.

 Несие алғандардың саны өскен сайын уақытылы төленмегендердің да саны өсіп келе жатыр. Егер қарызға алушы несиесін уақытылы төлемесе, оған

— пайыздар мен комиссиялар

— кешіктірілген төлемдер мен айыппұлдар қосылады.

 Әрине , несиені төлеу мүмкінддігі болмаған жағдайда, қарызға алушы бірден «қара тізімге» кіріп ,оның несие тарихы бұзылмайды. Кейде банктер өздерінің клиенттеріне несиесін қайтаруға ыңғайлы жағдай жасайды.

1)Несие мерзімін ұзарту. Банктер мұндай әдісті өте сирек ұсынады. Әдетте олар 3-6 ай және сирек жағдайда бір жылға созады.

2)Пайыздық өтеу. Банк тұтынушыға несие мерзімін кейінге шегеруге мүмкіндік береді, бірақ тұтынушы осы уақытқа дейін жиналған пайызын төлеу керек.

3)Төлемдерді бөлу. Егер қарыз алушы қаражаттың кем дегенде бір бөлігін төлеуге дайын болса, бұл мүмкіндік көбіне 3-4 айға беріледі. Ал қаражаттың қалған бөлігін болашақ төлемдермен қосып, бөліп тастайды.

 Несие төлемінің мерзімі неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым қарыз сомасы көбейе береді. Қарызды өтемеген жағдайда банк сотқа беруге құқылы. Егер клиент төлемді тоқтатса және оның ресми кірісі мен мүлкі болмаса, онда оның несие тарихы бұзылады.

 Қазақстанда 2022 жылдың басынан бері мерзімі өткен несиелер 56,5 млрд теңгеге өсті. Ұлттық банктің мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банк несиелерінің кешіктірілуі 635,5 млрд теңгені құраған. Ал жыл басында ол 579 млрд теңгеден асты.

 Борышкерлердің және шығуы уақытша шектелген борышкер болып табылатын жеке тұлғалардыңбірыңғай тізілімінің(реестр должников) сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, банк шоттары бұғатталғандар саны — 27 145 929, мүлік объектілеріне тыйым салынғандар — 584 889 ,ал Қазақстан Республикасынан шығуға шектеу қойылғандар саны — 987 950 адам. Бұл дегеніміз – кредиттік тарихтың бұзылуы.

 Несие тарихыбұл несие берушілер үшін өте маңызды құжат. Бірақ адамдар арасында несие тарихы туралы көптеген мифтер бар:

тек несие алушылардың несие тарихы бар

Бұл – жалған ақпарат, себебі  кем дегенде бір рет несие немесе несие алуға өтініш берген барлық азаматтарда несие тарихы болады.

несие тарихы бұзылса, оны түзеті мүмкін емес

Несие тарихы бәрін ескереді, яғни клиенттің төлемді кешіктіріп, оны төлеуге тырысқаны , банктан көмек сұрағаны базада көрініп тұрады. Сондықтан клиент бірден «қара тізімге» енбейді.

 Несие тарихын қалай түзетуге болады?

1. Қандай қиындық болса да, барлық қарыздарды өтеу міндетті.

2. Егер мерзімі өтіп кеткен несиелеріңізге қарамастан, банк тағы да несие берсе, бұдан былай төлемдерді кешіктірмегеніңіз абзал. Ал жаңа несиені қайтаратыныңызға сенімді болмасаңыз, бұрынғыларын қайтаруға асығыңыз.

3. Несие тарихыңызды бақылауда ұстаңыз.

 Ал ең бастысы – қарыздарыңыздың бәрін төлеп, несиелеріңізді жапқаннан кейін, міндетті түрде банктан бережағыңыз жоқ екенін растайтын анықтама алғаныңыз дұрыс.

 

Асемай Макуова

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *