Намысты адам ғана «Мен қазақпын!» деп қуанышты сезіммен айта алады

Туған елім — тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдаты,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшше тілім, мен де бірге өшемін! — деп , ақын

Әбілдә ағамыз айтқандай тіл қай елде қай жерде болса да қастерлі де құдыретті.Ана тілі сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткен, бүгінгісі, болашағы.

Қазақ тілі өзінің даласындай бай.

Қазақ сөзі қашанда даланың қоныр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады.

Қазақ тілі қасиетті қазақ

домбырасының үнімен үндесіп жатады, шыныменде қазақ тілі әрдәйым қазақ домбырасынның үніндей жарқын әрі әдемі шығады.

Тіл туралы жазу ол туралы айтудан қаупау да, жалықпау да керек тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық

болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан мен осы біздің қастерлі тіліміз туралы тағы бір мәселе туралы айтпақпын. Әлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады емеспе? Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесек, бұл тілдің құдіреті ерекше. Жыраулар, батырлар мен хандар, шешендер осы ана тіліміз арқылы дау шешіп, соғыстың бетін қайтарған. Бірақ Абай атамыздан кейінгі тіл оданда ерекше. Әрине Абай атаға дейінде өте көп поэзия болды бірақ Абай тілінде сұлулықпен біз айтқан ерекшелік үндесіп жатыр.

Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен рөл ойнауы мүмкін. Мәселен кезіндегі орхно жазулары, руна жазулары бүгінгі көптеген түркі халықтарына тән тарихи деректердің көзін ашып беріп отыр. Ендеше сіздің де тіл өлмесе, ертеңгі ұрпақ үшін, жалпы адамзат үшін үлкен мәнге ие болары сөзсіз. Сол себепті өз тілімізде сөйлейтін адамдар санын өзгертейік.

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Өте керемет негізі осындай тақырыптар жақсы🤩🤝

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *