Мәңгілік ел — бабалар арманы

          Мәңгілік Ел — болуды армандамаған, аңсамаған ел жоқ шығар. Мәңгілік ел бұл – біздің бабаларымыздың арманы. Сонау Төныкөктен бастау алған арман, бүгінгі жиырма бірінші ғасырдың ұландарының арманына ұласып отыр. Сондай–ақ сан ғасырлық тарихы бар ұлы дала ұрпағының мәңгі жасауы бүгінгі ұрпақтың қолында екенін жақсы сезінген бүгінгі буын алға айқын мақсат қоюда. Жаһандануға жұтылып , тарих тарантасының бір бұрышында қалып қоймай, шиырлаған өзіміздің дара жорлымызды салу – рухани жаңғыруымызды талап ететінін заман талабының өзі көрсетіп отыр. Рухани жаңғыру – бабалар салған ізді, дәстүрді, тәлім-тәрбиені қайта түлетіп, ешкімге ұқсамайтын өзіндік сара жолымызды салуымызда болмақ. Буын ұрпақтың құтысына тәрбиенің дақылын себуіміз қажет-ақ. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дегенді. Яғни, тәлім-тәрбиені ту, білімді қару етіп пайдалануымыз қажет. «Мәңгілік ел» ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті болғандықтан, жаңа дәуір тек білімділерді талап етеді. Бұл кезде білімді тәрбиеден ешкім бөле алмайды. Себебі, тәрбиеге ерекше мән беріледі, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып біріккен кезде геосаяси өмірге тең құқықты субъект ретінде ықпал ете алады, мәдени әлемдегі өзара қарым-қатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент ретінде емес, өзгелермен терезесі тең тұлға ретінде бой көрсете алады. Бұл бағыттағы алғашқы игі қадам ортаазиялық одақтың құрылуы болды. Оның шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени ұқсастығымызды жете сезіну арқылы деңгейіміздің көтеріле түсетіні сөзсіз» — деп түрік бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады Мәңгілік деп атының өзі айтып тұрғандай, біз мәңгілік елміз. Яғни, біз мәңгі жасауымыз керек. Әрине, біз жайдан – жай жүріп мәңгілігімізді сақтай алмаймыз. Бұл заман қол қусырып отыратын емес, ізденіс жасайтын заман. ХІХ ғасыр көшбасшылары олар – жастар. Жастардың арқасында елім көркейіп, гүлденіп жатыр. Гүлденіп жатқандығы жастардың білімді екендерін айқын көрсетеді. Адам дүниеге келгенде бірден бәрін білетіндей білімді болып келмейді. Ешнарседен хабары жоқ адамды білімді де білгір болып шығаратын жан ол – ұстаз.Ұстаздың орны елеулі. Қазағымның небір жастарының арқасында елім дамып жатыр. Ол әрине, ең бірінші ұстаздың арқасында. Бұл таңдап отқан тақырыбымда ұстаз жайлы айта кетпесем болмас. Білім деп жазып жатқанымның өзі тікелей ұстазға байланысты. Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады. Ал, біздің елде ұстаздың бәрі жақсы. Оған дәлел болатын жайттар да жетерлік. Бізге бар жаның салып, білім берген әр ұстазға алғыс ретінде өзімізді биіктерден көрсетеміз. Қазір қандай жағдайда болсақ, сол ұстаздың арқасында екенің ескеріп, бар жақсылықты жасау бізге парыз. Бұл заманда өзіміз ұшпасақ, біреу келіп ұшырмайды, өзіміз еңбектемесек, біреу келіп өз уақытын қиып, біз үшін еңбектенбейді. Қазақ жастары дайын асқа тық қасық болмайды. Ата – баба арманың желге ұшырмайды, қапы қалдырмайды. Қандай да қиындықтар болса да, артында бір жақсылықтың боларын білген бабаларымыз сол жақсылықтың негізі біздер болғандықтан, қасық қаны қалғанша жерді сақтады. Сол жерді мәңгілік қылу біздің мойнымызда. Сол қиындықтарды түсінер ұрпақ қалай да болса еңбек сіңіруге ұмтылады, талпынады. Басқалардың бізге келіп, мәңгілігіміздің алуына жол бермейді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында: «…жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» деп жастарға үлкен үміт артты. Осындай тарихи кезеңде білім алып жүрген жастарда өте үлкен міндет бар, өз жетістіктерімен елімізді өркендету – әрбір қазақстандық жастың мақсаты болуы қажет деп ұғынамын. Осы орайда өз қатарластарымды тек шынайы білім алуға, еліміздің болашағы үшін белсенді еңбек етуге шақырамын. Жарқын болашақ – жастардың қолында. Өмір қамшының сабындай қысқа болғандықтан, біздер уақытты құр босқа жібермейміз. Уақыт – біздің байлығымыз. Сол байлықты үнемді пайдалансақ, асқақтап тұрған армандарға асықпай жетеміз. Халықтың бізден күтетіндігі тек білімде. Біліммен ғана көздегенге жетеміз. «Мәңгілік ел» идеясы білім мен тәрбие берудің негізі. Білім мен тәрбие егіз ұғым. Біз осы кезге дейінгі бойымызға алған біліміміз бен сіңірген тәрбиемізді «Мәңгілік ел» идеясы барысында жаратамыз. Жарату арқылы Елбасымыздың жастарға артып отқан үмітін алтын сеніммен ақтаймыз. Міне, сонда біз еліміздің сенімді жастары атанамыз. Былай қарасаң, бұл заманның жастарында арман жоқ. Кезіндегілер оқығылары келсе де оқи алмады. Себебі, мүмкіншіліктер болмады. Ал, бізде бәрі дайын. Қалай оқығын келсе де, таңдау өздеріңде, қалау да өздеріңде. Сол қалауды барынша қолдануға тырысамыз. Ерік өзімізде, таңдау өзімізде болғандықтан, еліміздің дамуы үшін, ерінбей, еңбектенейік. Ол біздің міндет. «Мәңгілік ел» ұлттық идея. Елбасымыз «Мәңгілік ғұмыр ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады» деген. Біз ұлт ұрпағы, заман жастары болғандықтан, алдымызда үлкен міндет тұр. Ол міндет бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігумен істелінеді. Сол сәт тек алғырлардың, зерек білімділердің ерекше ойларымен нәтижеге жетеді. Елбасымыз да жастар болашақ көзі болғаннан кейін, жастарға білім мен тәрбие алуда барлық мүмкіншілікті жасап жатыр. Бізге тек соны пайдалану керек. Бізге жасалып отырған барлық мүмкіншіліктерді қолданып, әлемде болмаған жаңалықтарды ашу үшін қолымыздан келетіндей жан – жақты , ойшыл болуымыз керек. «Мәңгілік ел» идеясы жастарымды болашаққа жетелеу барысында, жастарымнан білімділікі қажет етеді. Ал, біз «Мәңгілік ел» идеясы мәңгілік болу үшін білім нәрімен сусындап, тәрбие көзімен қанат қағуымыз қажет. Біз қазақ жастары бойымыздағы қайнаған қанымызбен, ата – баба рухымен, ел сенімімен үнемі алға бастаймыз. «Мәңгілік ел» бізге алды көздетеді, болашаққа сілтейді. Демек, бізде артқа тартылыс болмау керек. Алға басқан қадамды кері шегіндеру бізге жат. Дами беру, нәтиже көрсету, үміт ақтау, асқақтау бізге тән қасиет. Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея…» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күлтегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін…» — деген жолдар бар [2, 63 б.]. Мен мәңгі өлмейтін халықтың ұрпағымын. ХХІ ғасыр басындағы жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды ертеңгі нұрлы болашаққа, кемел келешекке апаратын біз – жастар. Ендеше қияметтің қыл көпірінен сүрінбей өткен, тәуелсіз Қазақстанымның табанының тұғырдан таймауын тілеп, асыл мұраты алға жетелесін демекпін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *