Тәрбие тал бесіктен басталады.

Тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімінен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, «Әке ұлағаты» мен «Ана тағылымын» көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін, елінің болашағын, халқының қамын ойлайтын, жоғын жоқтайтын, парасатты, ойөрісі кең, дүниетанымы жоғары, жан жақты, білімді де білікті, ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.

Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, яғни, қоғамға, өзіөсетін тіршілік ортасының мүшесі болады. Адам дүниеге келісімен өзі көріп отырған адамдардың ісәрекетіне, қимылына, ас ішуіне, жүрістұрысына, сөйлеуіне, ойнауына, әңгімелесуіне таңдана қарап, өзі де сол көргендерді есту мақсатында әрекет жасайды. Осыған байланысты «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» – дейді халық. Сондықтан баланың ең әуелгі өсетін ортасы, отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөлу керек. Баланың көп уақыты отбасымен бірге өтеді. Сондықтан да, атаана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап және қадағалап отыруы керек. Егер отбасында жақсы тәрбие алған болса, өскенде сол тәрбиенің ізімен баруы сөзсіз. Отбасындағы барлық адамдардың ісәрекетіне, бала тәрбиесіне бірінші әсер ететін орта. Бала сол ортаға қарап өседі. Сол үшін балаға отбасындағы тәрбиені қоғамдық ортаға байланыстыра отырып берген адам ұтады. Отбасылық құндылықтар – ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың негізі. Ал психологиялықпедагогикалық тұрғыдан алғанда құндылықтар адамның жеке тұлға ретінде өз өміріне деген жауапкершілігін қалыптастыру, рухани әлемін байыту, әрбір адамның ерекшелігін түсіндіру, адамдар арасындағы жағымды қарымқатынастардың маңыздылығын көрсету үшін қолданылады. Сондықтан әр атаана баланың отбасылық құндылықтарды толық меңгеруіне мүмкіндік жасағаны абзал. Отбасындағы құндылықтарды бағалай алмаса, адам ұлттық құндылықтарды да құрметтемей өтуі мүмкін. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөз де осы ойдың дұрыстығын меңзейді.
Тәрбиенің қиындықтары көп, сол қиындықтан қашпаған атаана ғана саналы тәрбие бере алады. Ол үшін баланың не істеп жүргенін, кіммен ойнайды, қай жерде жүргенін, тапсырманы қалай орындағаны сияқты жұмыстарын қадағалап, түсіндіріп, жанжақты тәрбие беру, оны әрі қарай дамыта білу керек. Отбасындағы өзара қарымқатынастың дұрыс болуы, бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінің өте маңызды екені белгілі. «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара» дегеннің терең мәні бар. Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақылкеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгіөнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсатміндеттерімен байланысты болуы керек. Баланың жақсылығын да, жамандығын да, жемісі мен жеңісін де көретін ата-анасы! Қай заманда болсын, атаананың басты арманы – баласының инабатты, ізетті, еңбексүйгіш, ержүрек, адал, қайырымды болуы. Соған өз балаларын тәрбиелейді.Тәрбиенің түп тамыры – ұлтты қадірлеу, ұлттық әдетғұрыпты дамыту, ұлттық дәстүрді жандандыру, ұлтаралық достық қарымқатынасты нығайтуға үйрету. Сабақ та, тәрбие де осы бағытта болса ғана баланы ортаға қарап тәрбиелеген боламыз, сонда ғана оның адамгершілігі қалыптасады. Адамды құрметтеуге тәрбиелеуіміз қажет.
«Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Бала тәрбиелеу – болашаққа үлкен инвестиция» деп жалғастыра келе, «баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олардың икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу керек. Әйел адам ең алдымен – ана. Ал ана – отбасының, мемлекеттің шамшырағы» деп баса назар аударады. Бұл тұжырымды ойлар әйел мен бала тағдырының мемлекет үшiн маңызды мәселе екенін ескере отырып, қоғамдық және отбасылық тұрғыдан нақты қадамдар жасау болып табылады.
Қазіргі мақсатымыз «Мәңгілік Елдің» ертеңгі болашағын ойлайтын азаматтарды тәрбиелеу.Тұлға отбасында өмірдің мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқалармен қарымқатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзінөзі ұстаудың нормалары мен мінезқұлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.Демек, отбасы – адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Отбасы тәрбиесінің мәселелерi көптеген педагогикалық зерттеулерде де қарастырылған. «Жақсылық жақсы атаның баласынан тарайды» – дейді кемеңгер халқымыз. Осы арқылы тәрбиелі отбасынан тек жақсылық күт десе, шырқы бұзылған отбасын да «Шығады қисық үйден қисық түтін» деп түйреп өтеді атабабаларымыз. Халқымыздың ұлы ақыны Абай баланың өмірді таныпбілуіне, оның бойында қалыптасар барлық қасиеттеріне бір жауапты адам атаана дей келе: «Балаға, көбінесе, үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Осылардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе сонысынан жұғады» деуінде үлкен тәрбиелік мән жатыр.

Қазір мектеп жасына дейінгі балалар бірыңғай бұрынғыдай тыңдаушы ғана емес, оқырман да. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу қызметін меңгерту басты бағыты болып саналады. Ересек адам мектепке дейінгі балаға күшті педагогикалық әсер етеді, ол өзара әрекет үрдісінде кешенді әдістер мен тәсілдердің көмегімен танымдық белсенділікті қалыптастыруға, балалардың психикалық ойлау, қабылдау, ес, зейін, сөйлеуді, өзіне сенімділікті және ынталықты дамыта отырып, олардың белсенді танымдық ісәрекетпен шығармашылыққа бой алуына көмектеседі. Сонымен, отбасылық тәрбие арқылы балада ұлттық таным жүйелі қаланып, ұлттық санасезімі қалыптасқан жағдайда ғана ол ұлт мүддесін ойлайтын, елжанды азамат бола алады. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші – мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдістәсілдерін іздестіреді, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, өздерінің іс-тәжірбиесінде қолданып отырады. Қазақстан Республикасы көпұлтты мем­лекет болса да оның төл мәдениеті мен ұлттық құндылықтары оны мекендеген басқа ұлттардың дәстүрлеріне қайшы келмейді. Тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан ибалық пен инабаттылықты өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек, бұл қазіргі заманда бала тәрбиесіне қосқан біздің қомақты үлесіміз болып табылады. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Шешеге қарап ұл өсер, әкеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі — әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата – анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Халқымыздың даналығында «Баланы жастан» деген сөз бар. Сондықтан тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, атабабадан келе жатқан ибалық пен инабаттылықты өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек, бұл қазіргі заманда бала тәрбиесіне қосқан біздің үлесіміз болып табылар еді. Атаана тәрбиесі – қазақ халқы үшін толассыз таусылмайтын қазына.Атабабаларымыз өзінің жүріп өткен сан ғасырлық өмір жолы арқылы ұрпағын тәрбиелейтін ұлттық педагогиканың сарқылмайтын мол қазынасын қалдырып отыр. Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды, жүрегі қазақ деп соғатын азаматтарды тәрбиелеу үшін атаана тәрбиесі ең басты, ең маңызды, ең қажетті тәрбие болып саналуы тиіс.

«Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы» – деп В.А. Сухамлинский айтқандай, бала тәрбиесі отбасынан басталатынын ата-ана әрдайым жадында ұстауы тиіс.

Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттің бірі – бала тәрбиесі – егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші – мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдістәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің істәжірбиесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз.

 

 

Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі

Мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тулендина Асел Бауыржанқызы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *