Мозаика панносын орындау

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Сәндік қолданбалы өнер

Мектеп: «Есіл ауданының білім беру бөлімі Свободный орта мектебі » КММ
Күні: 10.10 Мұғалімнің аты-жөні: Зейнолда Көшкенбек
Сынып: 8 Қатысқандар саны:              Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Мозаика панносын орындау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)  

8.1.6.4  Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын өз бетінше анықтау, таңдау және біріктіру

8.2.1.1

Күрделі шығармашылық  идеялары мен сезімдерін білдіру үшін өз бетінше өнердің көркем құралдарын анықтау, таңдау және қолдану

8.2.6.1

Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақ мақсаттары ·         Мозаика панносын орындауға қажетті материалдарды, құралдарды және орындау тәсілдерін анықтап, таңдау және қолдану.

·         Өз идеяларын жүзеге асыруда түрлі тәсілдермен өнердің көркем құралдарын қолдану.

·         Жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігін сақтап, материалдар мен құралдарды қолдану.

Бағалау критерийлері Білім алушы

·         Мозаика панносына қажетті материалдар мен құралдарды таңдай біледі;

·         Сәндік панно (мозаика) орындайды;

·         Идеяларын жүзеге асыруда тиімді жолдарын анықтап, қолданады;

·         Техника қауіпсіздігін қатаң сақтайды.

Тілдік  мақсаттар

 

Оқушылар:

·         Жұмыс кезеңінің орындау реттелігін анықтап, сиппаттайды:

·         Қолданатын материалдардың ерекшеліктері мен қасиеттерін талдайды.

Пәндік лексика және терминология:

·         Табиғи тастардан мозаика- Мозаика из натурального камня- Mosaic from a natural stone

·         Әйнек мозаика- Стеклянная мозаика- Glass mosaic

·         Керамикалық мозаика- Керамическая мозаика- Ceramic Mosaic

·         Жылтырақ мозаика- Глянцевая мозаика- Glossy mosaic

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

Әйнек мозаиканың негізгі сипаттамасы…….

Керамикалық мозаиканы…….рентінде…….қолдануға болады

Құндылықтарды дарыту Сабақ барысында  еңбектену және эстетикалық құндылығын бойына сіңіреді. Оқушы бір-бірімен ынтымақтастықпен ашық пікір бөлісіп, шығармашылық көзқараспен еңбектенеді.
Пәнаралық байланыстар Өнер, тарих, технология пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану
АКТ қолдану дағдылары Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін АКТ дағдыларын қолдана алады.
Бастапқы білім Мозаика панносын орындау. Өткен сабақта мозайканың алғашқы кезеңдерін орындалған болатын.
 

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

 

 

5 мин.

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға

екпін жасау. Оқушылар орындарынан тұрып орындайды.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да (өзін көрсетеді)

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да (досын көрсетеді)

Шуақпен нұр төгіп (қолын жоғары көтереді)

Көңілді кетті көтеріп (шапалақтайды).

Өткенсабақта оқушылар өз мозаика панноларының негізгі элементтерін біріктіру және жабыстыру арқылы орындаған болатын. Бүгінгі сабақта осы жұмыстарын әрі қарай жылжыту мақсатында жұмыстар орындайтын болады.       Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Сабақтың мақсатына сәйкес бағалау критерийлері таныстырылады.

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=2iCrscieTww Мозаика шеберлік сабақ

 

Сабақтың ортасы 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен тақырып бойынша жұмыстарын жалғастыру.

Оқушылар мозаикаға арналған материалдарды, қажетті құралдарды және жұмыс орнын дайындайды. Оқушылар өткен сабақта жұмыстың ортаңғы кезеңдерін орындаған болатын.

Енді сол жұмыс нәтижелерін топ арасында талқылай отырып, жұмыс кезеңдерін әрі қарай жалғастырады.

 

Тәжірибелік жұмыс жасау  кезінде оқушыларға техника қауіпсіздігін сақтауын  ескертіңіз.

 

Музыка ырғағымен тәжірбиелік жұмыс жасау.

 

Тапсырма. Топтық жұмыс

Технологиялық карта мен нобайға сүйене отырып, шығармашылық идеяларын жүзеге асыру барысында түстердің үйлесімділігін анықтап, сәндік панно (мозаика) орындау. Оқушылар жұмыс барысын күнделіктеріне белгілеп отырады.

3 Кезең.

1.      Композициялық құрылымын сақтап отыру;

2.      Жұмыстың негізгі элементтері орындалған жиектерінен бастап артқы фонын орындау;

3.      Нобайдағы негізгі элементтер мен артқы фонды және жиектемелерді толығымен керамикалық плиткілер арқылы орындап шығу;

4.      Жұмыс барысында өз идеяларын жақсарту мақсатында топ мүшелерінің пікірлерін тыңдау, талдау және қажет жағдайда өзгерістер еңгізу;

5.      Жұмыстың барлық кезеңдеріңде техника қауіпсіздігін қатаң сақтау.

 

 

Тапсырманы бағалау критерийлері:

—        Жұмыстың барлық кезеңдерінде техника қауіпсіздігін сақтайды;

—        Мозаикалық панно жасаудың реттілігін біледі;

—        Түстердің үйлесімділігін анықтай алады;

—        Мозаика панно жұмысына қажетті  материалдарын пайдаланады;

—        Көркем құралдармен өз шығармашылық идеяларын жүзеге асырады;

—        Уақытты тиімді пайдаланады.

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=UFTCV57dq34 сынған ыдыстардан мозаика жасау

 

 

Музыка ырғағымен практикалық жұмыс жасау.

 

https://www.youtube.com/watch?v=bGu9cwsirT0

 

 

http://www.stroy-podskazka.ru/mozaika/ukladka/

Мозаика төсеудің ұқыптылығы

 

 

 

 

 

 

 

http://dolgoli.ru/kartina-iz-morskih-rakushek-kamney-i-mozaiki-svoimi-rukami/ табиғи тастардан мозайка

 

http://www.rumosaic.ru/babochka-iz-stekla-svoimi-rukami/ әйнек мозаика

 

 

 

 

 

https://yaplitka.ru/mozaika-svoimi-rukami.html керамикалық мозайка

 

 

 

Сабақтың соңы

3 мин.

Рефлексия:

 

«Балшық жерлер»

Оқушылар тәжірбиелік жұмыс барысындағы «өте алмай тұрған» бір немесе екі  «лас жерлерін»  жазады. Сонан соң мұғалім мен сынып оқушылары “проблемалық жерлерді” тазартады.

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

Топтық жұмыс қарастырылған.

Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау. 

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді  іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары  

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
Жалпы баға

 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *