Мм дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: «М м» дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «М м» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту. Ойын арқылы тілін, сөздік қорлары М м дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сауатты әдемі, көркем жазуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойын арқылы тілін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін, тапқырлық, іздемпаздық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз ойын жеткізе білетін азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойын,түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Пәнаралық байланысы: тіл дамыту, көркем әдебиет, ертегілер елінде.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

Балалар,біз бір-бірімізге жүрек жылуымызды алақандарымыз, жылы сөздеріміз арқылы жеткізіп, бүгінгі күнімізге сәттілік тілейік.

Сәлем саған алтын күн.

Сәлем саған көк аспан

Сәлем саған қара жер

Бұл мен, бұл менің достарым

а) «Не артық?» ойыны.

Тақтаға әр түрлі суреттер  іліп қою. Тақтадағы суреттерді топтастыру Балаларды шатастырып жемістердің арасына, мысықты да іліп қоямын. Балалардан бұл жерде не артық екенін сұрау.

— Мысық

— Дұрыс айтасыңдар, бұл жерде мысық артық.

Қанеки айтыңдаршы балалар мысық қайда өмір сүреді, мысық кандай жануар, не аулайды?

— Мысық сөзінің бірінші дыбысы-М м.

Балалармен қайталау. Мысық сөзін буындату,дыбыстық талдау жасату. М дыбысының айтылуына тоқталу. Мм дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап қысылып айтылады.Олай болса, Мм дауыссыз дыбыс.

М м Дауыссыз дыбыс екенін анықтап, көк текшемен белгілету.

— Балалар қолдарындағы текшемен көрсетеді.

 

 

— Ендеше бүгін біз М м дыбысы және әрпімен танысады екенбіз.
— Дыбыс деген не?
— Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты және дауыссыз.

— Әріп деп нені айтамыз?

— Әріпті көреміз, жазамыз.

— Ал дыбысты естиміз, айтамыз.

Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
— Түйе өркешін қарайық

Мм әрпінің баспа түрін көрсету.

Мм әрпімен интерактивті тақтада таныстыру.

  1. «Орнын тап»ойыны. М м дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
  • Моншақ,мақта, машина– сөз басында;
  • Домбыра, балмұздақ, алма– сөз ортасында;
  • Қалам,шам,бағдаршам – сөз соңында кездеседі, сөздерді буынға бөлу

 

  1. Дәптермен жұмыс:М м әрпін жазу.
    а) ауада жазып қол жаттықтыру;
    ә) Мм әрпін жазу

 

Сергіту сәті:

  1. «Әріптер еліне саяхат»

Қызыл үйшік……..                                     

0Көк үйшік………….           

(Аа, Тт, Нн,  Рр, Лл, Оо, Мм)

Дыбысталу ерекшелігіне қарай үйлеріне орналастырайық!

 

Қай дыбыстан басталады? (тақтамен жұмыс)

Ендеше осымен бүгінгі сабағымызды қортындылайық.

Түрлі түсті қарындаштармен Мм әріпін жасау

 

Қорытынды.
Сұрақ-жауап:
— Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
— М м дыбысы қандай дыбыс екен?
— Әріп таңбасы неге ұқсас?
— М м дыбысына байланысты сөздер айту.
Бағалау: Оқушыларды өз білімімен бағалау.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *