Менің отбасым.

Абилдаева Тынышкуль Нұржанқызы

№66 «Толағай» балабақшасы, I cанатты тәрбиеші

 

ҰОҚ құрылымы

 

Күні:15.11.2019 жыл

Білім беру саласы: Әлеумет, қатынас, шығармашылық.

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту, музыка, сурет салу.

Тақырыбы:Менің отбасым.

Мақсаты: балалар отбасы мүшелерін атайды, оларға қамқорлық жасауды біледі, суреттерді топтастыра алады, тақпақтарды жатқа айтады, отбасы туралы әңгімелей алады, суретті салады.

Билингвалды компонент: отбасы- семья- family

Ресурстар: (материалдар, жабдықтар): отбасылық суреттерден коллаж, дидактикалық ойындардың құралдары, ватман, маркер, көрнекіліктер.

ҰОҚ барысы:

І кезең: ұйымдастырушылық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері: (музыка әуенімен) Релаксация

  • Біз қай тәулікте балабақшаға келеміз?
  • Біз кешке қайда барамыз?
  • Бізді үйде кім күтіп отыр?

Балалардың жауаптары.

Ендеше ата- аналарымызға жүрегіміздегі жылы лебіздерімізді арнайық:

А- дегенім анам,

Көңіліңді табам.

Ұзақ өмір Алладан,

Мен тілеймін саған!

Ә- дегенім әкем,

Сені мақтан етем.

Сеніміңді ақтап,

Арманыма жетем!

       ІІ кезең: ұйымдастырушылық-ізденістік

  • Балалар, бізге қонаққа құыршақ келді. Ол сендердің білімдеріңді, тапқырлықтарыңды көріп, сендермен дос болғысы келеді. Қонағымыз сендердің топта қалай жұмыс жасайтындарыңды көргісі келеді. Қонағымыз сендердің отбасыларың туралы, фотоколлаждағы суреттер арқылы білгісі келеді.
  • Ендеше, суреттер арқылы 2 топқа бөлінейік.  «Қояндар» тобы, «Көліктер» тобы

1 тапсырма: — Құрылымдаған ойын:  «Суретте кім не істеп жатқанын түсіндіру»

Шарты: Әр топқа 3 суреттен беріледі, сурет бойынша сөйлем құрастыру.

2 тапсырма: — Дидактикалық ойын: «Үйде кім тұрады?» Мақсаты: үйге отбасы мүшелерін жайғастыра алады.

3 тапсырма: — Еркін ойын: «Күннің шуақтары». Шарты: отбасыларына тілек айтып, күннің шуағын бояу.

Сергіту сәті.

Балалар фотоколлаждағы суреттерді әңгімелейді.

  • Балалар, кім отбасы туралы тақпақтарды айтады?

Отбасым менің бақытым,

Отбасым менің шаттығым.

Отбасым барда ешқашан,

Үзілмес менің үмітім.

 

Отбасы жылы ұямыз,

Тірегі ата- анамыз.

Еркелеп, ойнап, еліктеп,

Осында адам боламыз.

 

Ең жақын адамдар,

Әжем мен атам бар.

Сендергі жақсы көремін,

Арқашан сыйлап өтемін.

 

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасым мыналар,

Ең жақын адамдар!

ІІІ кезең: рефлексиялық-түзетушілік

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: « Еркелетіп айт…»

  • Жан- жаным, құлын- құлыным, алтын- алтыным, бала- балапаным, күн- күнім.

Қорытынды:

 

  • Жанұяларыңа қандай көмек бересіңдер?
  • Отбасы мүшелерін қалай еркелетіп айтуға болады?

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *