Менің отбасым. Іі дыбысы мен әрпі

                             «Бекітемін»                                          Сауат ашу

Күні: 29.11.2019        Мектеп: №261     Мұғалім:    Жұмашева Ж

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым

Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. Іі  дыбысы мен әрпі  74-сабақ
Осы сабаққа негізделген оқу мақсаты 1.3.5.1  Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сурет сызба, сурет белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдерден мәтін құрастыру және жазу.

1.2.5.1  Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа  жауап беру

1.3.8.1  Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: сөздерді буындап оқи алады және І дыбысының сөздегі орнын анықтай алады;

Көптеген оқушылар: мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

Кейбір оқушылар: суреттердің көмегімен әңгіме құрай алады.

Бағалау критерийлері —         І дыбысының сөздегі орнын табады;

—         сөздерді буындап оқиды, мағынасын түсінеді;

—         сөйлемдер құрастырады;

—         сұраққа толық жауап береді;

—         каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Тілдік мақсат

 

Негізгі сөздер мен тіркестері: әдепті, әдепсіз, рақмет, өтінемін

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

—         Әдепті , ұқыпты, тәртіпті бала қандай болу керек?

—         Күн тәртібінің оқушы үшін маңызы?

Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?

—         Неліктен оқушылар сабақтан кешігеді деп ойлайсыңдар?

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, татулыққа, уақытын үнемді пайдалануға, күн тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Дүниетану, жаратылыстану сабақтары
Бастапқы білім Дауысты және дауыссыз дыбыстарды біледі, сөздерді оқиды.
                        Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері  

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

 

Сабақтың басы

4 минут

       Топтасу

«Жұлдыздар шоғыры»  арқылы топқа бөліну.Партаның үстіне үш түрлі жұлдызды  қоямын.Балалар өздеріне ұнаған  жұлдызды алып топқа бөлінеді.

Өткенді пысықтау.

Іі дыбысы бар сөздер айту арқылы жұлдыз жасау.

Ребус шешу.

Алдыңғы оқу: Тізбектей оқыту №2 тапсырма

Қызығушылығын ояту (ұжымдық)

Ширату.

1.Әріп дегеніміз не?

2.Дыбыс дегеніміз не?

3.Буын дегеніміз не?

4.Буыннан не құралады?

5.Сөзден не құралады?

 

 

 

 

 

 

Жұлдыздар

 

Сабақ ортасы

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

1-тапсырма.  Топтық жұмыс.

Суреттердің көмегімен әңгіме құрау.

1-топқа  1-сурет        2-топқа  2-сурет      3-топқа  3-сурет

1-    топ өзіне берілген суретке әңгіме құрайды оны 2 -топ жалғастырып кетеді. Осылай 3 топ  бірінен кейін бірі жалғастырып әңгімелейді.

—         Осы әңгімеге қандай ат қояр едіңдер?

—         Сабаққа кешігіп келдің дейік, сыныпқа кірерде не айту керек?

Бағалау. Жұлдыздар  арқылы

2-тапсырма. Ұжымдық жұмыс.

         «Күн тәртібі» мультфильмін көру.

1.          «Серпілген сауал

Сұрақтар:

1.     Қандай оқушыны  «Үлгілі оқушы » дейміз?

2.     Тәртіпті баланың ережесі?

3.     Күн тәртібі дегеніміз не?

4.     Күн тәртібін сақтау не үшін қажет?

Бағалау: жұлдыздар  арқылы

        3-тапсырма. Тақтамен және дәптермен жұмыс.

 

Суреттерден сөз құрау.

.

 

 Бағалау     Бағдаршам  арқылы  

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

Суреттер

 

 

 

 

 

жұлдыздар

 

Мультфильм

 

 

Сұрақтар

 

 

 

 

 

 

Бағдаршам

 

тапсырма

Сергіту сәті

2 минут

Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Сергіту сәтіне арналған жинақ
 

 

3 минут

 

 

 

7 минут

     4-тапсырма   Мәтінмен жұмыс

    Мәтінді оқып беремін. Сұрақтарға жауап аламын.

—         Әсет әжесіне қадалған түйме үшін не деуі мүмкін?

—         Әжесі немересіне ше?

—         Тағы қандай сыпайы сөздер білесіңдер?

       Дәптермен және тақтамен жұмыс

  І дыбысы бар сөздерді жазғызамын және дыбыстық талдау жасатамын

Бағалау: смайлик  

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері

смайлик

Сабақтың соңы

2 минут

                   Кері байланыс

—         Бүгінгі сабақта не туралы білдік?

—         Күн тәртібін сақтау не үшін қажет?

—         Қандай сыпайы сөздер білесіңдер?

Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін смайлик арқылы көрсету.

 

смайлик

Бөлімі:Табиғатқа саяхат

 Сыныбы: 1 «Д»        

 

Мектеп: С.Лапин атындағы №261 орта мектеп

Пәні :Сауат ашу

Сабақтың тақырыбыТабиғатқа саяхат.Пп дыбысы мен әрпі

Күні:29.11.2019ж Мұғалімнің аты-жөні: Мизамбаева Лаура
  Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу)қолдану.

1.2.2.1Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама –қарсы мағыналы,мәндес ,көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.

1.3.8.1 Жазу жолын ,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғары және төмен сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар істей алады: Оқудың түрлерін қолданады.Мәтінде автордың кім?не?туралы айтқысы келетінін түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі істей алады:Мәтінді сюжетті суреттің көмегімен әңгімелей алады.Тақырыпты түсініп, тыңдап,жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбір оқушылар істей алады:Пп дыбысы бар сөздерді қолданып сөйлем құрайды.Берілген сөздерге мағынасы жуық сөздерді тауып , ажыратады,қолданады.

 

Бағалау критерийлері: Мәтінге қатысты сөздерді есте сақтайды,мағынасын түсіндіреді.Сөздерді буынға бөледі,мағынасы жуық сөздерді табады.
Алдыңғы оқу Оқушылар әртүрлі мақсатта жазылған мәтіндерден негізгі ойды анықтап,өз іс-әрекетіне рефлексия жасай алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Сабақты жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы 5 минут

3минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2минут

 (МК;Ұ) Ширату:«Табиғатқа саяхат» жасау арқылы

шеңберге жинап, оқушыларға сұрақтар қоямын.

М : -Балалар жылдың неше мезгілі бар?

О: -Төрт мезгілі бар.

М:-Жыл мезгілдеріне қарай ағаштардың жапырақтары не істейді?

О:-Өзгереді.

Олай болса жапырақтың түстеріне қарай топқа бөлінеміз:

Топқа бөлу. I-топ «Қызыл» II-«Сары» III-топ«Жасыл»

(МК:Ұ)  «Ой қозғау» әдісі арқылы

(Табиғаттағы аңдардың ерекшеліктері туралы видеоролик көрсетемін)

Пілдің  ерекшеліктері туралы оқушылардан сұраймын

 

Аңдардың суреті

 

 

 

Түрлі-түсті жапырақтардың суреттері

 

Видеоролик

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

20

минут

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1минут

5минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6минут

(МК;Ұ) –«Піл» деген сөзде қандай дыбыс естіліп тұр?

М:Пп дыбысы және әрпімен таныстыру.«П»-дауыссыз екенін,оның сөз басында,ортасында,соңында келу үлгілерін көрсету.Таңбасын үйрету.

«Доп лақтыру»әдісі арқылы кептер,апан,пана,қақпан,парта,апа сөздерімен таныстыру.

(МК:Ұ) Оқулықпен жұмыс.Автор туралы мәлімет беру.

 

Түсіріп қақпанға,

Жыланды ол ұстайды.

Тып-тыныш жатқанда,

Шөткеге ұқсайды.

М:-Өлең не туралы?

М:-Кірпі сөзіндегі саған таныс емес қай әріп?

 

Оқылым:(оқудың түрлерін қолдана отырып сызық бойындағы қарамен жазылған сөздерді буындап,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқытамын).

 

ТЖ: I-топ «Кірпі»сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

II-топ «Көжек пен кірпі»диалогына өздерінің ойымен жалғастырады немесе сахналайды.

III-топ «Әдемі» сөзіне мағынасы жуық сөздерді қима қағаздардағы  сөздер арқылы  сәйкестендіреді.

.

Кері байланыс:«Көзбен көр, сөзбен өр».Мәтіннің жанрын анықтау.(Өлең бе?Ертегі ме?Әңгіме ме?)

-Кірпі мен қоян арасында достық бар ма?

-Шын мәнінде қай жануардың киімі әдемі?

 

Бағалау: «Жеміс-жидек»  арқылы

 

(МК;Ұ:Ж)«Адасқан әріптер»тәсілі арқылы .

Пара ,пәрі,напа,пірік

Кері байланыс: «Микрафон»әдісі арқылы өздерінің тапсырма кезіндегі қиындық туғызған тұстарын айтады,сұрақтары болса қояды.

Бағалау: «Екі жұлдыз» арқылы.Ұтымды орындаған оқушыларды ынталандыру мақсатында қос жұлдыз суретін ұсынамын.

 

(МК:ЖЖ) Дәптермен жұмыс:Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.Бағалау:мадақтау

 

Қ.Б  Сөздерді оқыңыз.Мағынасы жуық сөздерді сәйкестендіріңіз.

 

 

Әдемі Биік
Ақылды Әдепті
Зәулім Сұлу

 

ДЕ:Білім алушы

-Сөздердің мағынасын анықтайды;

-Мағынасы жуық сөздерді табады,екінші бағандағы сөздермен сәйкестендіреді.

Кері байланыс :Жазбаша беріледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудиозапись

 

Суреттер

жұмбақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кірпі мен қоян суреті

 

 

 

 

 

 

 

Видео

Жемістер суреті

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

Соңы

 

    5 минут

 

 

 

3

минут

 

(МК;Ө)   Рефлексия

Түсінік Білемін Білдім Білгім келеді
«Пп»дыбысы мен әрпі Пп дыбысы дауыссыз дыбыс. Сөздің басында,ортасында,соңында келеді. Сөздер мағынасына тағы қалай өзгереді?
+ + +
       
ББҮ кестесі

 

Қосымша  ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті  жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді

қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
Сараланған тапсырма

 

Мұғалімнен көп қолдау

қажет ететін оқушылар:

 

Бағалау: «Жеміс-жидек»  арқылы

 

Бағалау: «Екі жұлдыз» арқылы.Ұтымды орындаған оқушыларды ынталандыру мақсатында қос жұлдыз суретін ұсынамын.

 

1.
.«П»-дауыссыз екенін,оның сөз басында,ортасында,соңында келетін сөздерді қима қағаздар арқылы топтастыру.

 

Дәптермен жұмыс:Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.Бағалау:мадақтау

 

 

2.
.Мұғалімнен орташа қолдау

қажет ететін оқушылар:

Қима қағаздағы мағынасы жуық сөздерді сәйкестендіреді.

 

1. 3.
Мұғалімнен аз қолдау

қажет ететін оқушылар:

«Көжек пен кірпі»суреті арқылы диалог құрастырады.

 

2. 4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп:№261
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Жұмашева Ж
Сынып:3 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақтың тақырыбы Оқуға шақыру
Оқу бағдарламасына сілтеме 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру .
Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына

сілтеме)

3.2.2.1  –  қолдануға  (практикалық),  бағалауға  негізделген  сұрақтар  қою  және

жауап беру

Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Құндылық Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу , ынтымақтасты

Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану . Қазақ тілі
АКТ-ны қолдану

дағдылары

Интербелсенді тақта
Алдыңғы білім Екінші сыныпта өтілген тақырыптар

                                                     Жоспар

Уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресустар
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту.

Сыныпты қалыпқа келтіру .

Ойсергек.

Мұғалім  оқушыларды  шеңберге  тұрғызып,

бәріне  естілетіндей  баяу  дауыспен  мәнерлеп,

төрт жолды өлең оқиды.

Күн нұрын төгіп көгімнен,

Іргесі мұздың сөгілген.

Құйқылжып құстар ән салып,

Мың түрлі әуен төгілген.

«Мына  менің  қолымдағы  Күнді  сабағыңды  жақсы  оқуға

шақырамын  деген  тілекпен  Дарынға  беремін»  деп  оң  жағында

тұрған  оқушыға  береді.  Күнді  алған  оқушы  өз  тілегін  айтып,

қасындағы оқушыға береді. Шеңбер бойымен жалғасады.

Топқа бөлу . «Оқу», «Даналық», «Іздену

Күн формасын-дағы кішкене

жастық немесе

қағаз

қиындысы

Сабақтың ортасы Ойқозғау.

Топқа қандай сөздер арқылы бөліндік?

Оқуға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

– … .

– Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен?

– … .

– Оқу бізге не үшін керек?

– … .

– Сабағымыздың мақсаты не болмақ?

– … .

Сабақтың тақырыбын айту. Бағалау критерийімен таныстыру .

Бүгінгі  сабағымыздың  мақсаты  –  шығарма  мазмұны  бойынша

қолдануға,  бағалауға  және  шығармашылыққа  негізделген  сұрақтар

қою және жауап беру.

Бағалау критерийі

Жұптық жұмыс. 1-тапсырма.

Бұл суреттерде тәуліктің қай кезі деп ойлайсыңдар?

 

 

 

 

Оқылым.

А. Байтұрсынұлы. «Оқуға шақыру»

Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған

Шығарманың авторы туралы не білеміз?

Кестеге қарап,

 

А. Байтұрсынұлы туралы әңгімелеп, сұрақтар қойып, жауап беріңдер

 

Ахмет  Байтұрсынұлы  (1872–1937)  қазіргі    Қостанай

облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында  туған.

Қазақтың  ғұлама  ғалымы,  дарынды  ақыны.  «Әдебиет

танытқыш» ,  «Қырық  мысал»,  «Тіл  –  құрал»  атты еңбектері  бар.  «Қазақ  әліппесі»  мен  «Қазақ  тілі» оқулықтарын  жазған.

Топтық  жұмыс.  5-тапсырма.  Әр  топтың  атына  сәйкес  өлең шумақтарын оқып, тапсырманы орындайды.

Өлеңді  шумақтарға  бөліп  оқыту.  Тірек  сөздердің  көмегімен  әр шумаққа тақырып қой. Оқулықта бұл сөздер қара түспен берілген.

Оқу

Жұмыссыз

Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық

Сергіту сәті. «333 жаттығуы» 3 минутта сабаққа қатысты 3 сөз, 3 сөйлем айту.

Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) ретінде орындатуға болады.

Топтық  жұмыс.  1-тапсырма.  Әр  топ  берілген  сөздерден  бастала-тын сұрақтар құрастырады.

Оқу__________________________________________________

______________________________________________________

Іздену________________________________________________

______________________________________________________

Үйрену______________________________________________

Даналы_________________________________________

 

2-тапсырма.

«Су құбыры» әдісі арқылы орындату.

–  «Балалар,  оқуға  бар,  жатпа  қарап»  деп  айтқан  автор  туралы  не білесің?

________________________________________________

_________________________________________________  «Даналық  –  өшпес  жарық,  кетпес  байлық»  дегенді  қалай

түсінетініңді үш сөйлеммен айт.

__________________________________________________________

– Не үшін оқу оқып, білім алу керек екен? Өз ойыңмен жауап бер.

__________________________________________________________

– Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік пе (оқушылардан сұрау)?

– Қалай жеттік? Не істедік?

Оқушылардың жауабы шамамен  мынадай болады: «Оқуға шақыру»

өлеңін оқып, сұрақтар қойдық, жауап бердік т.

 

Ортақ тақырып қойып, оны түсіндіріңдер т.б

«2 жұлдыз,

1 тілек» әдісі

арқылы

бағалау

Стикер

Сабақтың соңы Үй тапсырмасы. Оқу-білімге байланысты мақал-мәтелдер жаттау  
     

Қосымша мағлұматтар

Дифференциация –

Сіз оқушыларға көбірек қолдау

көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай тапсырма беруді көздеп

отырсыз?

Бағалау –

Оқушылардың ақпаратты

қаншалықты меңгергенін

қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен

байланыс

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге

асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы

оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру

қолымнан келді ме? Мен жоспарланған

уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма

қандай өзгерістер енгіздім және неліктен

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы

ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ

бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды

сұрақтарға жауап беріңіз.

 
Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1.

2.

 

Мизамбаева Лаура Әшімханқызы Бастауыш сынып мұғалімі

Жумашова Жаркынай Жумашовна

Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп:№261
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Мизамбаева Лаура
Сынып:3 «Д» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақтың тақырыбы Бау-бақша аясында
Оқу бағдарламасына сілтеме 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына

сілтеме)

3.2.6.1  –  кейіпкерлердің  портретін  сипаттау ,  оның  іс-әрекеті,  мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.

 

Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай алады.

Көптеген  оқушылар:  негізгі  ойды  анықтайды,  мінез-құлықтарын мәтіннен тауып оқиды.

Кейбір  оқушылар:  кейіпкер  мінез-құлқының  өзгеру  себебін  дәлелдеп, бағалай алады.

Құндылық Жер-ананы құрметтеу арқылы мақсатына жету.
Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану
АКТ-ны қолдану

дағдылары

Интербелсенді тақта, «Алмаағашы»
Алдыңғы білім Б. Соқпақбаев. «Сен ұйықтап жатқанда», Е. Ашықбаев. «Таң»

                                                                  Жоспар

Уақыт   Ресустар
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту.

Сыныпты қалыпқа келтіру .

«Сиқырлы сандық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Топқа бөлу:

І топ. Құс.

ІІ топ. Ара.

ІІІ топ. Көбелек.

ІV топ. Алма.

 
Сабақтың ортасы Мағынаны ажырату.

Ойқозғау.

Топқа қандай сөздер арқылы бөліндік?

– Олардың өмір сүретін ортасы не?

Сабақтың  тақырыбын  айту.  Мақсатын  анықтау .  Бағалау

критерийімен таныстыру.

1-тапсырма.  «Жеміс  бағында»  өлеңіне  ырғақ  таңдап, мәнерлеп оқыту.

Тыңдалымалды тапсырма. 2-тапсырма. Суреттегі жемістерді айқындайтын эпитеттер ойластыр.

Тыңдалым.

3-тапсырма.  Ертегіні  зейін  қойып  тыңда.  Ертегіні басқаша  тағы  қалай  атар  едің?  «Жүзім  жегісі  келген қасқыр»

Жұптық жұмыс.

4-тапсырма. Суретке қарап, ертегіні әңгімеле

5-тапсырма.

Сергіту сәті. «333 жаттығуы»

Топтық  жұмыс.  «Даналық  ағашы»  әдісі.  Әр  топ тапсырмасын  орындап  болған  соң,  өз  тобының  белгісін ағашқа орналастырады.

І  топ.  Түлкі  қасқырдың  іс-әрекетіне  қандай  баға  берді?

Сен оған келісесің бе? Қасқырға қандай кеңес берер едің?

ІІ топ. ҚБ ретінде: дәптердегі 1-тапсырма.

«Жүзім  жегісі  келген  қасқыр»  ертегісі  бойынша  не? қалай?не істеді?неліктен?  деген сұрақтарды пайдаланып, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бер.

ІІІ топ.  ҚБ ретінде: дәптердегі  2-тапсырма.  Түлкінің іс-әрекеті  ақылдылық  па  әлде  қулық  па?  Өз  ойыңды дәлелдеп жаз.

 

ІV топ. «Менің бау-бақшам» жобасын жасау.

Ойтолғау.

–  «Даналық  ағашына»  тапсырманы  ойдағыдай  орындап,құс,  ара,  көбелек,  алманы  орналастырдық.  Енді  осыдан

сендерде қандай ой туындады? (Ағашқа орналастырылған

заттардың табиғаттағы пайдасы мен зиянын айтады).

Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік пе (оқушылардан сұрау)? Қалай жеттік? Не істедік

 
Сабақтың соңы  

Үй тапсырмасы. Хрестоматиядан «Бұлбұл» ертегісін оқу.

Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беру .

НЕ?

Түлкі  Қасқыр

қалай?

не істеді?

неліктен?

Кері байланыс. Ауызша.

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды?

Неліктен?

Бүгін не білдің? Сен үшін не жаңалық болды?

Сабаққа қатысуыңды қалай бағалайсың?

Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Сабақ аяқталғанда көңіл күйің қандай? Нелі

 
     

Қосымша мағлұматтар

Дифференциация –

Сіз оқушыларға көбірек қолдау

көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай тапсырма беруді көздеп

отырсыз?

Бағалау –

Оқушылардың ақпаратты

қаншалықты меңгергенін

қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен

байланыс

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге

асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы

оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру

қолымнан келді ме? Мен жоспарланған

уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма

қандай өзгерістер енгіздім және неліктен

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы

ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ

бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды

сұрақтарға жауап беріңіз.

 
Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1.

2.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *