Менің отбасым. Іі дыбысы мен әрпі

Жумашова Жаркынай Жумашовна

                             «Бекітемін»                                          Сауат ашу

Күні: 29.11.2019        Мектеп: №261     Мұғалім:    Жұмашева Ж

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым

Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. Іі  дыбысы мен әрпі  74-сабақ
Осы сабаққа негізделген оқу мақсаты 1.3.5.1  Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сурет сызба, сурет белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдерден мәтін құрастыру және жазу.

1.2.5.1  Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа  жауап беру

1.3.8.1  Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: сөздерді буындап оқи алады және І дыбысының сөздегі орнын анықтай алады;

Көптеген оқушылар: мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

Кейбір оқушылар: суреттердің көмегімен әңгіме құрай алады.

Бағалау критерийлері –         І дыбысының сөздегі орнын табады;

–         сөздерді буындап оқиды, мағынасын түсінеді;

–         сөйлемдер құрастырады;

–         сұраққа толық жауап береді;

–         каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Тілдік мақсат

 

Негізгі сөздер мен тіркестері: әдепті, әдепсіз, рақмет, өтінемін

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

–         Әдепті , ұқыпты, тәртіпті бала қандай болу керек?

–         Күн тәртібінің оқушы үшін маңызы?

Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?

–         Неліктен оқушылар сабақтан кешігеді деп ойлайсыңдар?

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, татулыққа, уақытын үнемді пайдалануға, күн тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Дүниетану, жаратылыстану сабақтары
Бастапқы білім Дауысты және дауыссыз дыбыстарды біледі, сөздерді оқиды.
                        Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері  

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

 

Сабақтың басы

4 минут

       Топтасу

«Жұлдыздар шоғыры»  арқылы топқа бөліну.Партаның үстіне үш түрлі жұлдызды  қоямын.Балалар өздеріне ұнаған  жұлдызды алып топқа бөлінеді.

Өткенді пысықтау.

Іі дыбысы бар сөздер айту арқылы жұлдыз жасау.

Ребус шешу.

Алдыңғы оқу: Тізбектей оқыту №2 тапсырма

Қызығушылығын ояту (ұжымдық)

Ширату.

1.Әріп дегеніміз не?

2.Дыбыс дегеніміз не?

3.Буын дегеніміз не?

4.Буыннан не құралады?

5.Сөзден не құралады?

 

 

 

 

 

 

Жұлдыздар

 

Сабақ ортасы

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

1-тапсырма.  Топтық жұмыс.

Суреттердің көмегімен әңгіме құрау.

1-топқа  1-сурет        2-топқа  2-сурет      3-топқа  3-сурет

1-    топ өзіне берілген суретке әңгіме құрайды оны 2 -топ жалғастырып кетеді. Осылай 3 топ  бірінен кейін бірі жалғастырып әңгімелейді.

–         Осы әңгімеге қандай ат қояр едіңдер?

–         Сабаққа кешігіп келдің дейік, сыныпқа кірерде не айту керек?

Бағалау. Жұлдыздар  арқылы

2-тапсырма. Ұжымдық жұмыс.

         «Күн тәртібі» мультфильмін көру.

1.          «Серпілген сауал

Сұрақтар:

1.     Қандай оқушыны  «Үлгілі оқушы » дейміз?

2.     Тәртіпті баланың ережесі?

3.     Күн тәртібі дегеніміз не?

4.     Күн тәртібін сақтау не үшін қажет?

Бағалау: жұлдыздар  арқылы

        3-тапсырма. Тақтамен және дәптермен жұмыс.

 

Суреттерден сөз құрау.

.

 

 Бағалау     Бағдаршам  арқылы  

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

Суреттер

 

 

 

 

 

жұлдыздар

 

Мультфильм

 

 

Сұрақтар

 

 

 

 

 

 

Бағдаршам

 

тапсырма

Сергіту сәті

2 минут

Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Сергіту сәтіне арналған жинақ
 

 

3 минут

 

 

 

7 минут

     4-тапсырма   Мәтінмен жұмыс

    Мәтінді оқып беремін. Сұрақтарға жауап аламын.

–         Әсет әжесіне қадалған түйме үшін не деуі мүмкін?

–         Әжесі немересіне ше?

–         Тағы қандай сыпайы сөздер білесіңдер?

       Дәптермен және тақтамен жұмыс

  І дыбысы бар сөздерді жазғызамын және дыбыстық талдау жасатамын

Бағалау: смайлик  

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері

смайлик

Сабақтың соңы

2 минут

                   Кері байланыс

–         Бүгінгі сабақта не туралы білдік?

–         Күн тәртібін сақтау не үшін қажет?

–         Қандай сыпайы сөздер білесіңдер?

Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін смайлик арқылы көрсету.

 

смайлик

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *