Өз үйімді сипаттаймын. Дыбыс.Сөйлем.Сөйлеу.
Сынып: 1 д Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы Өз үйімді сипаттаймын. Дыбыс.Сөйлем.Сөйлеу.
Оқу мақсаттары 1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау 1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары Барлығы: Өлеңде кім туралы айтылғанын біледі.
Көбі: Өлең мазмұнын баяндай алады.
Кейбірі: Балаға мінездеме береді. Тағы қандай жағымсыз әрекеттер жасай алатынын айтады.
Бағалау критерийлері Өлеңде кім туралы айтылғанын біледі. Өлең мазмұнын баяндай алады. Балаға мінездеме береді. Тағы қандай жағымсыз әрекеттер жасай алатынын айтады.
Тілдік мақсат тазалық, чистота, cleanness
Құндылықтарды дарыту Тазалыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Дене шынықтыру,көркем еңбек
Бастапқы білім Сөздердің дыбыстардан тұратынын біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Басы Шаттық шеңбері.
Алақай-ау,алақай!
Алақай-ау,алақай!
Бұдан былай мен енді
Емеспін жай балақай.
Осыдан да көлемді
Оқи алам өлеңді.
Бардым бүгін мектепке
Оқушымын мен енді!
Ортасы Топқа бөлу.
1,2,3,4 сандары арқылы оқушыларды төрт топқа бөлемін.
Оқушыларға сандар жазылған қима қағаздар таратылады,сол сандар арқылы топқа бөлінеді.
Ұжымдық жұмыс:
«Доп лақтыру »әдісі арқылы оқушылардан өткен сабақтарды еске түсіру.
-Қазақ тілінде неше әріп бар?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дыбыстарды не істейміз?
-Әріптерді не істейміз?
-Сөз неден құралады?
-Сөйлем неден құралады?
(МК; Ұ;Қ) Өлеңді мұқият тыңда.
– Өлең не туралы?
– Қандай бала туралы айтылған?
– Автор біздерге не айтқысы келеді?
1) Өлең мазмұны бойынша өз сөздерімен түсінгендерін баяндату.
2) Балаға мінездеме бер. Тағы қандай жағымсыз әрекеттер жасауы мүмкін?
Топтық жұмыс:
1 топ:Суреттерден бір буынды сөздерді тауып,жабыстырады.
2 топ:Суреттерден екі буынды сөдерді тауып жабыстырады.
3 топ:Конструктор ойыншықтарымен үй құрастырады.
4 топ:Жан-жануарлардың қайда мекендейтінін сәйкестендіреді.
Кері байланыс:
-Қандай қиындықтар кездесті?
-Қандай дыбыстар буын құрай алады?
-Дауыссыз дыбыстар буын құрай ала ма?
Топтар бір-бірлерін« От шашу» әдісі арқылы бағалайды.
Дәптермен жұмыс.
– Дәптер бетіндегі суреттерді бояу
– Әртүрлі сызықтар ( түзу. қисық, сынық) сызу
– Заттарды сызықтар арқылы қосу
– Үзік сызықтарды бастыроып жүргізу
– Әртүрлі сызықтар, ою-өрнек, таңбалар салу.
– Дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлау
– Жазу жолдарымен (үлкен, кіші) таныстыру
-Әріп элементтерімен таныстыру, оларды жазуға үйрету.
Жұптық жұмыс.
« Ойлан-жұптас-бөліс»әдісі арқылы
Тапсырма:
Алма,сәбіз, сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Сергіту сәті:
Қуыр,қуыр ,қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Қуыр,қуыр,қуырмаш
Әжең келсе есік аш.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:
« Сәйкестендір» әдісі
О Т А
Ш Қ
Қима қағаздар
Оқулық,дәптер
суреттер
Соңы Кері байланыс. “Еркін микрофон” әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтылады.Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады.
микрофон
Саралау тапсырмалары:
Қабілеті жоғары оқушылар үшін тапсырма: «Буыннан сөз құрау» сәйкестендіру
Қабілеті төмен оқушылар үшін тапсырма:Жол,автобус,доп сөздерін қатыстырып сөйлем құра.
Бас бармақ бағалау-оқушыларды ынталдыру үшін.
Смайликпен бағалау-көркем жазу кезіндегі деңгейін анықтау үшін,сабаққа ынтасын арттыру және сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.
Қалампсапты дұрыс ұстау.Қалам ұшынан сақтану