Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына нейрожаттығулардың әсері

 

Тазабекова Айкерим Болатовна

№50 «Нұр-Бөбек» бөбекжай-бақшасының, логопед маманы

Педагогика ғылымдарының магистрі, «Педагог-Сарапшы»

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына нейрожаттығулардың әсері

 

Қазіргі  смартфон, ғаламтор, гаджеттер, планшеттер, бейнеойындар дамыған заманда балалар ерте жастан зардабын көріп жатыр, денсаулықтың- көздің нашарлауынан бөлек, сөйлеу тілінің дамуы артта қалып «Сөйлеу тілінің тежелуі» деген диагнозды күнделікті естиміз. Сандық технологиялар баланың дүние есігін ашқаннан бастап қолданысқа ене бастайды. Қолына алғаш қалам емес, гаджет ұстап үйренеді. Ресей ғалымдарының зерттеуінше әрбір оныншы бала 3 жасында смартфон қолдана алады екен. Біз күнделікті өмірде қол аяғымызды сермеп, дене жаттығуларын жасаймыз. Біраз уақыт белсенді қозғалыс болмаса, денеміз тырысып қалады. Дәл сол сияқты, миды да белсенді қозғалтып, жақсы жұмыс жасауы үшін қарапайым жаттығулар жасап тұруымыз қажет.

Нейрожаттығулар (ми гимнастикасы) — бұл ми жаттығулары. Нейрожаттығулардың пайдасы қандай?Мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс жасауын жақсартады, ұсақ және ірі маториканы дамытады, ақпаратты тез қабылдап, қорытуға көмектеседі, зейінді шоғырландырады, есте сақтау қабілетін арттырады, оқу және жазу процесстерін жақсартады, мидың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.

Нейрожаттығуларды зерттеген ғалымдар Пол Деннисон мен Гейл Деннисонның «Гимнастика мозга» еңбегінде ми қызметтеріне әсері жайлы толық жазылған. Бұл авторлардың ашқан жаңалықтары адамның физикалық дамуы және тілдік қалыптасуы мен оқу процессіндегі жетістігі үшін бағытталған. Қазақстан топырағындағы тұңғыш мектепке дейінгі педагогика ғылымының негізін салушы педагог-ғалым — Нәзипа Құлжанованың мектепке дейінгі тәрбие туралы жазған еңбегі өте құнды. Н.Құлжанова мектепке дейінгі даму «Бала тілінің шеберлігі» еңбегінде  бала тілінің дамуы ми қызметтерінің бір-бірімен байланысын атап кеткен. Ми гимнастикасы қарапайым, әрі оңай болса да кез — келген жастағы оқушы бойындағы мүмкіндікті аша білуге көмектеседі. Аз ғана 3-5 минут жаттығу миға энергия береді. Нейрожаттығудың түрлері өте көп: «Сақиналар», «Алақан-жұдырық-қабырға», «Парақшалар», «Ешкі-Ұлу», «Алақанда жүру», «Үлкен саусақпен айналу», «Саусақтар амандасады» және т.б (Сурет № 1,2,3,4,5,6). Жаттығуларды күнделікті сабақта жасаған дұрыс, бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтінде қолдануға өте тиімді.  Нейрожаттығулар балаларға ғана емес, ересек адамдарға да пайдалы. Логопед,  дефектолог, психолог мамандары саусақ жаттығуы (ойыны) арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырады. Сөйлеу тілінің дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.  Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психолог мамандары дәлелдеп кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Қорыта келе саусақ жатығулары сөздік қорының көбеюіне, сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға, ықпал етеді.

 

№1

№ 2

№ 3

№ 4

№5

№6

 

 

Әдебиеттер

  1. https://waksoft.susu.ru/wp-content/uploads/2018/08/Doktor-Pol-I.-Dennison-i-Geyl-Dennison-Gimnastika-mozga.pdf
  2. https://bilimdiler.kz/adistemelik/18751-mi-gimnastikasy.html?ysclid=lburhbgojy66271567
  3. https://zncentr.ru/nejrogimnastika-v-kartinkah/

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *