Мектеп ережелері

Сабақтың тақырыбы Мектеп ережелері
Ортақ тақырып Менің мектебім
Оқу мақсаты: 2.1.2.3. Мектептің ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық ережелерін түсіндіру
Күтілетін нәтиже Білу: Мектептегі тәртіпті біледі
Мектеп қоғамдық орын екенін біледі.
Үзіліс кезіндегі ережелерді біледі

Түсіну: — Адамның іс-әрекетінің айналаға қалай әсер ететінін түсінеді
— Үлкендер де, оқушылар да мектептегіережелерді сақтау керектігін ұғынады.
—отбасын сүюге, достына сену керектігін түсіндеді
1. Қолдану: ; Мектеп ережелерін құрастырады
.Олардың маңыздылығын сезінеді және өзі де ережелерге мойынсынады.
Талдау: Өз мінез-құлығын құрбыларының жүріп-тұруымен салыстырады
Жинақтау: Өзін ұстау мәдениеті туралы мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы ойларын жинақтайды, өз пікірін білдіреді..
Бағалау: Оқушы мектепке келген кезде ең бірінші не істеу керек деп ойлайсындар?
Сабақтың құрылымы: І. Ақпарат блогы.
ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы
ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы
ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы
ІV. Күтілетін нәтиже блогы
• Оқыту әдісі: «АКТ» «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытудағы көсбасшылық», «Ақылдының алты қалпағы». Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді,олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы: Бақылау сынақ сабағы Танымдық тапсырмалар: Сабақ ЖБЕА блогында беріледі. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру: Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін алгоритм бойынша жаттығуларды орындап суреттерді пайдалану арқылы сұрақтарға жауап беру; Өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. Оқушыда дағды қалыптастыру: Өзін -өзі дамыту дағдылары-өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарлату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; жинақталған біліммен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу. Негізгі ұғымдар мен терминдер: Ереже, тәртіп,
Ақпарат көздері: Интернет желісі, Оқулық Сабақты бағалау: Оқушының оқу іс-әрекеті тапсырмаларды орындау, деңгейіне байланысты бағаланады.
І. Ақпарат блогы.
Тақырып жоспары:
1. Ереже дегеніміз не?
2. «Тәртіп бар жерде тәрбие бар» мақалдың мағынасын түсіндіру .
3 Құқық бұзушылық
4. Заң
5. Мектепте өзін ұстау.
6. Көшеде өзін ұстау
Слайдтар: 1-слайд
2-слайд «Тәртіп бар жерде тәрбие бар»
3-слайд

4-слайд Заң дегеніміз не?

5-слайд Мектепте өзін ұстау

6-слайд. Көшеде өзін ұстау

Басталуы: Психологиялық кезең: «Біз тәртіпті баламыз»
Жаңа білім:
1.Оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
− 1.1 Неліктен мектепке кешігуге болмайды?
− 1.2Мектепке кешікпеу үшін не істеу қажет?
2.1 Мақалда не туралы айтылған? Ойларын тыңдау
2.2 Тәртіп-тәрбие туралы қандай мақал-мәтелдермен тиым сөздерді біліесіндер?
3.1 Құқық дегеніміз не?
3.2 Сен өз құқықтарыңды білесіңбе?
3.3 Баланың құқығын қорғайтын кітап қалай аталады?
4.1 Заң дегеніміз не және олар қалай пайда болған?
4.2 Заң кітабы қалай аталады?
5.1 Топтық тапсырма
1 – топ: мектеп ережелерін құрастырады. 2 – топ: үзіліс кезіндегі ережелерін құрастырады. 3 – топ: асхана ішіндегі ережелерін құрастырады. 4 – топ: сабақ кезіндегі ережелерін құрастырады 6.1:Әрбір жаяу жүргінші сияқты, әр бала көшеде аса сақтықпен жүріп тұруы тиіс.
2- оқушы :Көше тәртібін орындамау, көліктердің жүріп –тұруына кедергі жасайды,Жұмысшылар жұмысқа , оқушылар сабаққа кешігеді.
3-оқушы: Көшеде қақпадан шығып келе жатқан машина көрсең , күте тұр.Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
4-оқушы :Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жерді таңдай біл,өтетін жер тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.
5-оқушы :Көшеде қауіпсіз жүру үшін жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар бар.Адамдар жүргіншілер жүргіншілер жолымен ала жолақпен және тротуармен жүру керек. Тротуардың оң жағына жүруге тырысу керек.
6-оқушы: Көшеден өтпес бұрын солға қара,егер жолдың жүретін бөлігі бос болса ,онда өте бер ,жолдың ортасына жеткенде , тоқта, егер көлік келе жатса « қауіпсіздік» аралында күте тұр, енді оңға қара ,егер жүретін жол бос болса онда өте бер

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы. Семанткикалық карта
Тапсырма Дұрыс (+) Бұрыс (-)
Сабақтан себепсіз қалмау.
Үй тапсырмасын орындамау
Ұялы телефон әкелу
Досына көмектесу
Дәлізде жүгіру

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы.
1-деңгей
1. Мектепке келе сап, оқушы ең алдымен не істеуі керек? А) бірден сыныпқа барады; Ә) сырт киімін шешіп, аяқкиімін ауыстырып, сыныпқа барады;

2. Қандай заттарды мектепке өзіңмен бірге алып келуге болмайды?
А) айналадағылардың өміріне және денсаулығына қауіпті заттарды;Ә) ұялы телефон, плеер;

3. Сабақтың басталу белгісі: А) қоңырау; Ә) қоңыраулы сағат;

4. Оқушы мұғалім сыныпқа кірген соң не істеуі керек? А) орнынан тұру; Ә) достарымен сөйлесу; Б) сыныптан шығу;

5. Мұғалімге сұрақ қою үшін оқушы не істеуі керек? А) мұғалімнің сөзін бөліп, сұрақ қою; Ә) қолын көтеру;

ІІ деңгей: топ ішінде жұмыс істеудің ережелерін құрастыр

1:––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––.
2:–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
3: –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ІІІ деңгей Сөйлемді толықтыр»әдісі арқылы тиісті сөзді табу.
Сабаққа ……….(кешікпеу)
Партаға ……….(дұрыс отыру)
Асханада ……….(шулама,)
Дәлізде ……….(жүгірме)
Сырттан қонақ келгенде ……….(орнымыздан тұрамыз)

ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы. «Егер….., онда…..» стратегиясы арқылы тиісті сөздерді табу.
1-топ: Егер ,онда…….. …………….; 2-топ:Егер , онда…………. .

3-топ: Егер , онда………… .;4-топ:Егер , онда ……… .
V. Күтілетін нәтиже блогы. Кері байланыс: «Көше тәртібі » туралы ереже құрастыр
Үй тапсырмасы : «Менің оқудан тыс уақтым » Эссе

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *