Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері

Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері

“Замана – соққан жел. Мағыналы өмір сүргің келсе, оған желкен бол. Желкен болу – ұдайы желдің өтінде тұру – айтуға ғана оңай. Оған мықтылық керек. Жай мата желкен бола алмайды”.
М.Кемелов.
Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
Бастауыш мектеп жасының / 7-11 жастың / өзінше жас кезеңіне бөлінуі оқудың / әсіресе орта оқу мектебінің / көп елдерде жаппай үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңін өзінше бөліп алудың себебі- бұларда өтетеін оқу материалдарының ұқсас келуінен.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу материалдарын меңгеруге мүмкіншілігі өте көп. Себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі. Кеңес психологы В.В.Давыдовтың пікірінше, көбіне оқушылардың оқу материалдары олардың ақыл-ой деңгейіне сай келмей отырады. Сондықтан, олардың оқуға мумкіншілігін толық пайдалану үшін тапсырмаларды одан әрі қиындата түсу керек.
Егер бұл жастағылардың негізгі іс-әрекеті ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқй қызметі шешуші рөл атқарады. Осыдан, оқу әрекеті – бала психикасының дамуына әсер ететін негізгі әрекет болып табылады. Ойынға қарағанда оқуға байланысты талаптар бала үшін күрделі болып келеді. Сонымен қатар, жаңа мектепке келген бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық өрісін кеңейтеді. Дегенмен, алғашқы уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, мынадай қиындықтар туындауы мүмкін:
бала мектептің, сыныптағы тәртіп ережелеріне бейімделе алмайды / белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан / қиналады;
Мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, мұғалімнен түсінбеген нәрсесін сұрауға ұялады;
Мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға дайындық жеткілікті дәрежеде болмаса, мектептегі оқу материалдарын бала дұрыс меңгере алмайды;
Мектептегі оқытылатын материалдардың тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл келуі қиындықтармен күресуді тежейді, балалардың оқуға деген қызы;
Мектептегі оқытылатын материалдардың тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл келуі қиындықтармен күресуді тежейді, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыра білу керек.
Мұндай қиындықтарды ескеріп, назардан тыс қалдырмау керек.
Бастауыш сынып оқушысының анатомо-физиологиялық дамуы.
Мектепке келерде бала дене жағынан алға қарай едәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері едәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. 7-8 жастың арасында бала 2,5 кг. қосады. Бойы жылына 5 см. қосып отырады. Бұл кезде әсіресе, жүрегі мен тыныс алу органдары қалыптасып қалады.
Баланың жалпы физикалық дамуы: қалыпты салмағы, бойы, кеудесінің аумағы, бұлшық ет тонусы, пропорциясы, терісі және елімізде 7 жастағы ұл балалар мен қыз балалардың физикалық дамуының орта нормасына сай келетін басқа да көрсеткіштері. Көру, есту, моториканың (әсіресе, қолдың білезік және саусақтарының ұсақ қозғалыстарының қалыптасуына ) жақсы болуына аса көңіл аудару керек. Алыстан көрмеушілік, естудің төмендеуі немесе қолдың ұсақ қозғалыстарының қозғалмалылығы мен координациясының жетіспеушілігі кейде баланың мектепте оқу үлгеріміне бөгет жасау себептері болатындығы айқындалған.
Жеткіоікті білім мөлшерін меңгеру, яғни ой-өрістің мөлшері, осының негізінде сыныптағы жұмыс ұйымдастырылуы мүмкін. Негізінен, бұл сезім тәжірибесі, елестету, кейбір қарапайым түсініктер ( “өсімдіктер”, “жануарлар”, “мезгілдік құбылыстар”, “уақыт”, “сан”, ) және бірқактар фактологиялық сипаттағы мәліметтер ( адамдардың еңбегі туралы, туған жер туралы, мерекелер туралы ). Мектепте дайындаған баланың біліміне кеңістік туралы белгілі елестеулер кіреді ( алыс, бағыт, форма, заттардың көлемі, олардың кеңістіктегі ороналасуы және уақыт туралы, оның өлшем бірлігі туралысағат, минут, апта, ай, жыл).
Соңғы жылдары балаларды мектепке дайындау жоспарында балалардың кейбір әдеттерді, шеберлікті игеруі мен мінез-құлықтың маңызды дағдылары мен әрекеттерінің қалыптасуына үлкен мән берілуде: тұрмыстық , өзіне-өзі қызмет ету, гигиеналық, мәдени ( бір-бірімен сыпайы қатынас), еңбектік ( қарындашты, қайшыны, бояу жапқышты, инені пайдалану ).
Баланың мектепке дайындығының маңызды көрсеткіші болып олардың грамматикалық және фонетикалық байланысты, дұрыс сөйлеуді меңгеруі, басқаны өзіне тура қаратылып айтқан сөзін ғана түсіне білу, сондай-ақ өз ойын білдіру үшін өздігінен сөйлем құра білуі де жатады. Сөзді таңдай білу мен айта білу, сөздердегі ересектер көрсеткен дыбыстардың кейбірін ерекшелей білу есту арқылы ұқсас дыбыс тіркестерін айыра білу жатады.
Мектепке барғанда жазуды меңгеру үшін қолдың біезігі, саусақтардың ұсақ мускулатурасының жетілуі өте маңызды. Осы мақсатпен балалар тәрбиешінің жетекшілігімен балалар бақшасында әр түрлі жаттығулар орындайды: сурет салады, суретке сызықты түрлер салады, контур бойынша тапсырылған әшекейлерді қияды т.б.
Балалар жолдастарымен бірлесіп істейтін жұмысқа және өмірге дайындалған болуы керек: тыңдай білу, және басқаның сөзін бөлмеу, қиын кезде жолдасына көмектесу, басқалардың пікірлерімен санаса білу ғана қажет емес, сондай-ақ, егер белгіленген мінез-құлық ережелеріне сай келетін болса, өзіңнің дұрыстығыңды қорғай білу керек.
Мектепке барар алдында оқуға ықылас, білімге ынта, жаңаны білгенге қуана білуінің қалыптасуы өте маңызды. Осы негізде мектепте баланың оқу жұмысы процесінде терең және тұрақты таным мүдделері және жемісті де жүйелі ой еңбегі нәтижесінде пайда болған қуаныш тәрбиеленуі мүмкін.
Жеткіншектік жастағылардың психикалық даму ерекшеліктері.
Жеткіншектің кезеңінің шектері шамаме,н балардың орта мектептің V-VIII кластарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14—15 жасқа дейінгі арлықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V класқа өсумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Жеткіншек кезеңінің баланың дамуыдағы ерекше орны оны «өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын»кезең деген атауларды бейнеленген. Бұл атауларды осы жастарда болатын , өмірдің бір дәуірден екіншісіне өтуімен байланысты даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарынынң негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімінің , үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің , мүдделердің, танымдық және оқу іс әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынсақа арқау болатын моральдық-этикалық нормалармазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтікң белсенділігі; ол белгілі-бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендериен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын, ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерінің жолбалануы) бағытталады.
Алайда, жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады., бұл көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі біір жағынан жеткіншекке «балалық пен ересектіктің»қатар болуымен, ал екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ерсектіктің түрлі жақтырының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтары болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты. Олар: 1) ересектік дамуын тежейтін жағдайлар: балалардың көбінде тұрақты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы, көптеген ата-аналардың балаларды тұрсымтағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы. 2) Ересектендіретін жағдайлар: мазмұны жөнінен сан алуан информацияның орасан зор тасқыны, көптген ата-анларадың бос уақытының аздығы, осының мүмкін салдары ретінде баллардың дербестікке ерте жетуі, жолодастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы, дене күші даиуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, VII класта бет пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жағына ортақтасқан өте ересек балалар да бар, өздігінен білім алып жүрген интеллектуалдар да бар, бірақ сонымен қатар оқу матералының өзін өздігінен игере білейтін жеткіншектер де бар, болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде дайындала бастағандар да бар, кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана,басқалары бұған онша мән бермейді, кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемші болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға ебі жоқ.
Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әртүрлі және әрбір бағыттың көптеген варианттар болуы мүмкін.Мысалы қайсыбір интеллектуал үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қалғанының бәрін ол әлі «нәресте» десеенді бір нағыз интеллектуал ү.йде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен әуестенсе де, сабақта түк бітірмейді, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданады, өмірдің мәнінен бастап ең шебер шаштараз туралы барлық мәселелер жөнінде әңгімелесуге болатын ересек жасөспірімдермен сөйлескенді бәрінен артық көреді, үшінші бір интеллектуалды ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешемінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді, ал қыздарға келгенде, осы қыздардың пікірінше өзін бала сықылды ұстайды, галстуктарын тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Бір өлшем ұқсас осы варианттар ересектіктің дамуы әрқилы болады да, бұл орайда мазмұны әртүрлі өмірлік игіліктер қалыптасады, біреу үшін маңыздының енді біреуге құны жоқ. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басынығ моральдық және әлеуметтік негіздері қолданылакды, және олардың қалыптасуының жалпы бағыты білінеді Жасөспірімдік шақта олардың қалыстасуы жалғасады.
Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгертетін сипатта болады, мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде біңр жағынна жеткіншектің өзінде, әртүрлі елеулі субьективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады, жеткіншек ересектерді ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекідлік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).
Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың ролі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Бұл проблеманың аса маңызды педагогикалық мәні бар. Жеткіншек жасына өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялықалғышарттары.
Жеткіншек дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақтағы биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды. Дене күшінің дамуында жаңа кезең басалып, жыныстық жетілу процесі өркендейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерісренден басталады. Гипофиздің әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне жіне ішкі секрецияның өте мааңызды бездерінің қызметіне қолавйлы жағдайлар жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер туғызады. Бұл процестер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 13-15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11 , ер балалар 12-13 жатса жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.
Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шыңберінің өсуі – жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дене пропорциясы ересе адамға тән пропорцияға жақындайды.Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршікпен толы болады. Дене түзілісінің неғұрлым көбірек бұзулуы 11-15 жаста болады, дегенмен нақ осы шақта мұндай кемшіліктерді түзеу одан да кейінгі кездегіден оңай болады. 20-21 жаста жамбас сүйекткрінің бекуі аяқталады ( қыз балалардың жыныс органдары осы сүйектердің аралығында болады) . Өте биіктен секірген кезде бұл сүйектердің тайып кетуі мүмкін, ал биік өкшелі аяқкиім кигенде жамбастың формасы өзгеріп, мұның кейінгі босану функциясына зиянды әсері болуы мүмкін.
Бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншек шақтан өткеннен кейін болады.
Бұлшық ет күшінінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге қарағанда жеткіншектің бұлщық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру қажет. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады. Алайда 6-7 жастан 13-14 дейінгі шақ – көптеген қозғалыс сапалары оптималды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.
Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы мен қысымыныңартуы, бастың ауруы, бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін. Жеткіншек шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гормондары, атап айтқанда, зат алмасудың анализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншек шақ , бір жағынан, энергияның күрт өсуімен, ал екінші жағынан, патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар ( қорқыныш, ыза, реніш ) эндокриндік қолайсыздықтар ( етеккір циклінің уақытша тоқтауы, гипертироздың дамуы ) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Жеткіншек шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншекттің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл-күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтығының, енжарлануының негізі болады.
Жасөспірімдердің психикалық даму ерекшеліктері.
Өзіндік сана – күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер ретінде В.С.Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз “менін” ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік- адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің барлығы бір-бірімен функциялық және генетикалық жағынан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Теңдестігін ұғынудың бастамалары сыртқы заттардан болған және өз денесінде болған түйсіктерді ажырата бастаған кезден бастап нәрестенің өзінде-ақ болады, “менді” ұғыну бала жіктеу есімдіктерін дұрыс қолдана бастаған, шамамен үш жастан басталады. Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады. Бірақ бұл компоненттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің баюы бүкіл жүйенің түрін өзгертпей қоймайды.
Жасөспірімнің өзі-ақ өзін көрсетуге барынша ұмтылуымен өзінің “мені” мен өз қасиеттеріне зор ынта қояды. Атап айтқанда, ол өзінің келбеті мен дене тұлғасын мүлдем жаңаша қабылдай бастайды. Бұл зор ынта балаң жас өспірім жаста да сақталады. Өзінің өзгергіш тұлғасына зер сала зерттейтін жас өспірім жігіттер мен қыздар бұған барынша алаңдайды. Олардың бәрі дерлік өз келбеттерін өзгерткісі келер еді. Олар үшін әсіресе құрдастары алдындағы беделін арттырып, танымалдығын өсіретін қасиеттер ерекшке маңызды. Жас өспірімдердің көбі тапал, толық болғанына, бетіне безеу шығуына т.б. қынждылады. Әсіресе кеш толысатын ер балалар мұнысына қатты уайымдайды; екінші жыныстық белгілердің шықпай кешігуі құрдастарының алдындағы беделін төмнедетіп қана қоймай, өзін қатарынан кем сезінуді туғызады. Бұл қынжылыстар, әдетте, ешкімге білдірілмейді. Өз денесінің бейнесін жас өспірімдердің өзін-өзі ұғынуының ересектердің ойлағанындай емес, анағұрлым маңызды компоненті. Қалыпты өсудің барлық нюанстары мен варианттарын білмеу көптеген жас өспірімдер үшін нағыз “норма трагедиясына” айналады.
Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау.
Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе, батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық-психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады ( өз ақылы немесе сұлулығын басқа біреумен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады ).
Жас өспірім де жеткіншек секілді өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру ( “Қиын жағдайда саспаған болсам, қорқақ болмағаным; қиын міндетке кірісіп кетіп, орындап шықсам, қабілетті болғаным ” ) . Бірақ жас өспірімнің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көзқарасымен қарағанда қисынсыз көптеген қылықтар – қауіпті сотқарлық, даңғойлық – көзге түсіп, жұртқа танылғысы келуден гөрі өзінің батылдығын, өжеттігін т.б. сынап көргісі келуден болады.
Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы – әлеуміттік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы пікіріне өте сезімтал қарайтын жеткіншектің өзі-ақ әркімнің бағалары ғана емес, бағалайтын өлшемдерінің өзі әрқилы болатынына көзі жетеді. Сыныптастары ерлік деп бағалаған әрекетті мұғалім жалған жолдастық деп атайды. Осыдан келіп таңдау, өздігінен ойланып көру қажет болады.
Өз “менінің” бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі. Мұнда нақты “мен” ( қазір қандай болсам, сондай ) де, динамикалық “мен” де ( қандай болғым келсе, сондай ), мұраттағы “мен” де ( өзімнің моральдық принциптерім негізіндесондай болуға тиістімін ), қиялдағы “мен” де ( бәрі де мүмкін болса, сондай болғым келер еді ), көз алдыма елестететін басқа толып жатқан “ мендер” де бар. Тіпті толысқан адамның өзін-өзі ұғынуы да қарама-қайшылықтарсыз болмайды және өзін-өзі бағалаудың бәрі адекватты емес. Жас өспірімдік кезде мәселе бұдан да қиынырақ. Кейде жас өспірім өзін-өзі бақылау, байқау арқылы өзін білсем дейді. Балдаң жас өспірімдік кезге жалпы алғанда рефлексияның өсуі, өзіне барынша ден қою тән. Мұның өзі интимдік күнделіктердің шығуынан да ( жас өспірім ұлдарға қарағанда, қыздарда көбірек кездеседі және ертерек басталады ), көркем әдебиет бейнелерін өзіне “өлшеп көруден” де, басқа адамдардың ішкі жан дүниесіне көбірек ден қоюдан да аңғарылады.
Кейбір психологтар жас өспірімдік рефлексиясының өзін-өзі оқшаулау, шындық болмыстан қиялдағы арман дүниесіне беріліп кету қаупі бар есептеп, оған теріс көзқараста болады. 15 жастағылардың ішкі жан дүниесі алаңсыз болып көрінгенімен әжептеуір қалыптасқан және нәзік болады. Психикалық саулық нормаларының өзі оларда үлкендердегіден гөрі өзгеше. Кіші шәкірттік жастағыларға қарағанда, жас өспірім жігіттер мен қыздарда алаңдаудың жалпы дәрежесі жоғары. Пубертаттық жаста деперсонализация және психикалық жастсыну жағдайлары аз болмайды. Балалықпен қоштасу көп жағдайда бір нәрседен айырылу сезімі ретінде, өз “менінің” бұлыңғырлығы, жалғыздық, өзін басқадлар түсінбейтініндей көру т.с.с ретінде уайымдалады.
Алайда, бұл сәттерді асыра бағалауға болмайды. Жас өспірімдік шактың қиыншылықтары бұларға бәрі де душар бола бермейтінін, кезікеннің өзінде міндетті түрде соншалық қиын болмайтынын айтпағанның өзінде бұлар ойдағыдай жеңуге болатые өсу қиыншылықтары.
Тұрақты эгоцентризмнің нақты қаупі невротизм белгілері бар жас өспірімдерде ғана немесе бұған дейінгі дамудың ерекшеліктерімен байланысты ( өзін -өзі сыйламаушылық, адамдармен қарым-қатынастың нашарлығы ) оған бейім жастарда ғана болады. Жақсы мұғалім мұндай балаларды қарым-қатынастың олар неғұрлым қолдан келетін және қолайлы формаларына елеусіз тарта отырып тиімді көмек жасай алады. Алайда қысым атаулы немесе дөрекі араласу қосымша тауқыметке ғана ұғындырады. Адамгершілік тұрғыдан байсалды ортада, ұйымшыл ортада тәрбиеленген жас өспірім жігіттер мен қыздардың көпшілігінде психологиялық оқшаулану мен рефлексия қарым-қатынасқа кедергі болмағанымен қоймай, қарым-қатынастың тереңдеп, оның іріктеліп өсуіне жағдай жасайды.
Өзіне-өзі талдау жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатастыруға болмайды. Қайталанбас дара адам ретінде өзін-өзі ашу осы адам өмір сүруге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен ажырығысыз байланысты. Жас өспірімдік рефлексия, бір жағынан, өзінің “менін” ұғыну ( “Мен кіммін? Мен қандаймын? Менің қабілеттерім қандай? Мен өзімді не үшін сыйлай аламын? ” ), ал, екінші жағынан, дүгиедегі өзінің жағдайын ұғыну ( “Менің өмірлік мұратым қандай? Менің достарым, жауларым кім? Кім болғым келеді? Өзім де, айналамдағы дүние де жақсы болуы үшін мен не істеуім керек? ” ) болмақ . Мұны әр кезде бірдей ұғынбаса да жеткіншектің өзі-ақ өзіне арналған алғашқы сұрақтар қояды. Екінші, неғұрлым жалпы, дүниетанымдық сұрақтарды жас өспірім қояды, онда өзіне-өзі талдау жасау, әлеуметтік-адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі анықтаудың элементіне айналады.
Жас өспірімдік рефлексмясының тереңдігі мен қарқындылығы ( интенсивтігі ) көптеген әлеуметтік, жеке типологиялық, өмірбаяндық фактоларға байланыст, бұлардың арақатынасы әлі жете зерттелмеген.
Жас өспірімнің өзін-өзі сыйлауы және оның функциялары.
Жеке адамның көбіне жас өспірімдік шақта қалыптасатын ерекше маңызды белгісі – өзін-өзі сыйлау, яғни қорытындыланған өзін-өзі бағалау, өзін жеке адам ретінде қабылдау не қабылдамаудың дәрежесі. Өзін-өзі барынша сыйлау менменсудің не сын тұрғысынан қарамаудың синонимі емес. Мұның мәнісі адам өзін өзгелерден нашармын не төменмін деп санамайды, өзін жақсы көреді деген сөз. Керісінше, өзін-өзі сыйлаудың төмендегі үнемі көңіл толмаушылықты, өзін жек көруді, өз күшіне сенбеуді көрсетеді.
Өзін сыйлаудың белгілі бір адамға тән деңгейлі жекелщей өзін-өзі бағалаудан өзгеше біршама орнықты болады, дегенмен ұзаққа созылған сәтті немесе сәтсіз жағдайлар оны тиісінше артты руы немесе азайтуы мүмкін. Өзін-өзі сыйлаудың қалыптасуына кішкене кезінен бастап-ақ көптеген факторлар – ата-аналардың көзқарасы, құрдастарының арасындағы жағдайы т.б. әсер етеді. Жас өспірім кезде бұрынғы құндылықтар жүйесінің бұзылуына және өзінің жеке қасиеттерін жаңадан ұғынуға бай ланысты өзінің жеке басы туралы түсінік қайта қаралады. Жас өспірімдер көбіне көтеріңкі, болмысқа сай келмейтін талаптар қояды, өз қабілеттерін, ұжымдағы алатын орнын т.б. асыра бағалайды. Бұл өзіне деген негізсіз сенімділік көбіне ересектерді ( құрдастарын да ) мезі қылады, көптеген тартыстар мен түңілушіліктер туғызады. Жас адам өзінің нақты мүмкіндіктерінің шамасын көптеген сынаулар мен қателесулерден кейін барып ( әдетте, кейінірек мектептен кеткеннен кейін ) беріледі.
Жас өспірімнің өөіне деген сенімі қа ншалық жағымсыз болғанымен, психологиялық тұрғыдан өзін-өзі сыйлаудың кемдігі анағұрлым қауіпті. Мұның өзі адамның өзі туралы түсінігін қарама-қарсы әрі орнықсыз етеді. Өзін-өзі сыйлауы төмен жас өспірім жігіттер мен қыздар қарым-қатынаста көбінесе қиыншылық көреді, қайсыбір жалған бет перде жасап алып, айналасындағылардан бөлектенуге тырысады. Басқа рөлде көріну қажеттігі ішкі құрбаластықты күшейтеді. Мұндай адамдар сынағанды, күлгенді, жазғырғанды өте ауыр алады, жұрттың өзі туралы не ойлайтынына мазасызданады. Адамның өзін-өзі сыйлауы неғұрлым төмен болса, оның жалғызсырап қиналуы соғұрлым көбірек болады. Өзін-өзі сыйлаудың төмендігінен барып адамның әлеуметтік талаптарының деңгейі біршама төмен болады, оны жарысу сипаты бар іс-әрекет атаулыдан тартындырады. Мұндай адамдар көбіне өз күштеріне сенбегендіктен, алға қойған мақсаттарына жетуден бас тартады. Ал мұның өзі олардың өзін-өзі төмен баға лауын нығайта түседі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *