Ашық сабақ «Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы»

Наурызбекова Айжан Ерназаровна география пәні мұғалім

Пәні: География
Бөлім: Физикалық география
Мектеп: «Даражол» лицей-интернаты
Мұғалімнің аты жөні: Наурызбекова Айжан Ерназаровна
Күні: 09.12.2021ж
Сыныбы: 7 а                             Қатысқандар:           Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы
Оқу бағдарламасына сәйкес  оқыту мақсаты: 7.3.3.4 -Дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды.

7.3.3.5 – мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттайды.

Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар- Дүниежүзілік мұхиттар  туралы біледі.

Басым оқушылар- Дүниежүзілік мұхиттың  бөліктерін   анықтайды.

Кейбір оқушыларМұхиттардың бөліктерінің географиялық жағдайын  түсінеді.

Сабақтың барысы:  
Сабақтың кезеңі/ уақыты Педагогтың іс-әрекеті Оқушы

ның әрекеті

Бағалау Ресурстар
Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі

«Шаттық шеңбері»

Оқушыларды топ бөлу

ІІ. Алдыңғы білім:

«Зымыран сұрақтар»

ІІІ. Жаңа сабақ

Бейне үзінді «Мұхиттар қалай пайда болған»

Дүниежүзілік мхиттың географиялық жағдайы (Постер қорғау)

Сергіту сәті

ІV. Кері байланыс

1.      Сандар сөйлейді

2.      Кордиограмма әдісі

3.      Географиялық диктант

4.      Сәйкестендіру

V. Бағалау

     
Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру

 

3 мин

 

Алдыңғы білімді тексеру

 

5 мин

Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу. «Шаттық шеңберін» құрып Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты тілек тілеу.

Оқушыларды суреттер арқылы 3 топқа бөлу

Зымыран сұрақтар: арқылы әр топқа 5 сұрақтан қойылады.

І топ. Гидросфера тобы:

1.       Планетамыздың су қабығы қалай аталады? (Гидросфера)

2.       Күн жүйесіндегі барлық планеталардың ішінде қайсы ғаламшар үлкен мұхит алабына ие? (Жер)

3.       Адам денесінің қанша бөлігі судан құралған? (2/3)

4.       Күн энергиясының әсерінен судың үздіксіз орын ауыстыруынан не пайда болады? (Дүниежүзілік су айналымы)

5.       …………өте жақсы еріткіш. (Су)

Су ресурсы тобына

1. Жалпы Жердің ауданы неше? (510 млн км²)

2. Мұхит бетінен буланған су тамшылары атмосферада конденсацияға түсіп мұхитқа қайта жауын күйінде оралады оны қандай айналым деп атайды? (Кіші айналым)

3. Дүниежүзілік мұхиттың 0,2млн км² алып жатқан бөлігі қалай аталады? (Көлдер)

4. Қазақстанда ірілі ұсақты неше өзен бар? (85 мыңнан астам)

5. Гидросфера бөліктерін ата? (Мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер, жер асты сулары, мұздықтар т.б)

 

Мұхиттар тобына сұрақтар

1.       Жердегі ағзалардың тіршілік етуін қамтамасыз ететін бағалы қасиеттерге ие минерал? (Су)

2.       Мқхит және атмосферамен қатар құрлықты қамтитын су айналымын ……деп аталады? (Дүниежүзілік су айналымы)

3.       Жер асты сулары нешеге бөлінеді оларды ата? (Грунт сулары, артезиан сулары, минералды сулар)

4.       Дүниежүзіндегі ең суы мол өзенді ата? (Амазонка өзені)

5.       Аадамның немесе антропогеннің қолымен жасалған көлді не деп атаймыз? (Су қойма)

Дискриптор

-Алдыңғы тақырыпты еске түсіріп жауап береді

1.      Қ/Б Түрлі смайликтер арқылы бағалау

Оқушылар өз тілектерін айтады

 

 

 

 

 

 

 

Өткен тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап береді

Мадақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

Плакаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, слайд, суретттер

Сабақтың ортасы

 

10  минут

 

III. Жаңа  сабақ

1.Тақырыпты ашу  барысында  «Кинометафора»  әдісі бойынша  «Мұхиттар қалай пайда болған?» тақырыбында  бейнеролик көрсетемін.

2.Дүниежүзілік мұхит. Глобусты алып қарасақ, жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол Дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл Жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді.

Дүниежүзілік мұхит бөлек — бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір — біріне жалғасып жатыр.

Дүниежүзілік мұхиттың кез келген нүктесінен келесі нүктесіне құрлыққа аяқ баспай жетуге болады (жарты шарлар картасынан байқап көріңдер).

Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлықты материктер немесе континенттер деп атайды. Дүние жүзінде алты материк бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида.

Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады (картадан Гренландия, Мадагаскар, Исландия аралдарын табыңдар).

Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды (картадан Апеннин және Лабрадор түбектерін табыңдар).

Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады.

Тынық мұхит – Жер шарындағы ең үлкен (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа парапар. 1520 – 1521 жылдары Ф. Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит» деген ат берді.

Мұхит пен құрлық аудандарының арақатысы

Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр.

Тынық мұхитта бүкіл Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м.

Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады.

Үнді мұхиты оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр (75 млн км2). Бұл – ең жылы мұхит (жарты шарлар картасынан Үнді мұхитының қандай материктердің аралығында жатқанын анықтаңдар). Үнді мұхиты суының таза, көгілдірлігімен де ерекше көзге түседі. Өйткені оның оңтүстік бөлігіне құятын өзен аз.

Солтүстік Мұзды мұхит – мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн км2). Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады. Солтүстік Мұзды мұхиттың тағы бір ерекшелігі – ол басқа мұхиттарға қарағанда тайыз болып келеді. Материктердің шеті мұхит түбіне өтетін жерінде тереңдік 200 м — ден аспайды. Ол әсіресе Еуразия жағалауында жалпақ өңір құрайды. Мұхитта ірі аралдар көп.

2. Мұхит бөліктері. Мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады.

Теңіз – мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхитта да кездеседі (мысалы, Саргасс теңізі, Фиджи теңізі). Әдетте, теңізді мұхиттан түбектер, аралдар немесе су астындағы жоталар бөліп тұрады.

Материкке сұғына еніп жататын теңіздерді ішкі теңіздер деп атайды (мысалы, Қара теңіз, Жерорта теңізі. Олар қай мұхиттың бөліктері болып табылады?). Материктердің маңында орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер дейді. Шеткі теңіздерге – Еуразия жағалауындағы Баренц, Кара, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шығыс Қытай және т. б. теңіздер жатады.

Шығанақ – мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі.

«Дүниежүзілік мұхиттарға саяхат» (Постер қорғау) топ мүшелеріне материктердің пазлы беріледі, олар оны құрап әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

1.       Гидросфера тобына теңіздерді түсіру

2.      Су ресурсы тобына шығанақтарды түсіру

1.      Мұхиттар тобына бұғаздарды түсіру

Қ/Б: «Екі жұлдыз бір тілек»

IV. Сергіту сәті

«Тәуелсіз жастар ұраны»

 

 

 

 

Дискриптор:

1.Бұрынғы уақытта жердің қандай күйде болғанын айтып бере алады.

2.Жер ғаламшарында мұхиттардың қалай пайда болғанын баяндайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дискриптор

1.карталарды құрастыра алады.

2.Берілген нысандарды тауып түсіріп көрсете алады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық слайд, бейне материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Плакаттар, түрлі түсті суреттер бояғыштар, карта

Сабақтың соңы

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

Жаңа сабақты бекіту

1. «Сандар сөйлейді» әдісінде 3 топ мүшлеріне сандар беріледі.

Гидросфера тобына-

1. 96,5%-судың мұхитқа тиесілі пайызы,

2. 1,7%- жер асты суларына тиесілі пайызы,

3.  0,01%- құрлықтағы жер үсті суларына тиесілі бөлігі,

4.   3\4— жер бетінен гидросфераның алып жатқа бөлігі,

5.  40С-су осы градусқа дейін қыздырғанда  көлемі азайып,

Су ресрурсы тобына

1. 510 млн км²- жердің ауданы

2. 85 мыңнан астам – Қазақстандағы өзендер

3.  71% — судың үлесі

4.  178,7 млн км² — Тынық мұхиты ауданы

5. 11022 м – Мариана шұңғымасының тереңдігі

Мұхиттар тобына

1.      91,6 млн км² — Атлант мұхитының ауданы

2.      29% — құрлықтың үлесі

3.      8742м – Пуэрто –Рико шұңғымасы

4.      76,2 млн км² — Үнді мұхитының ауданы

5.      5625м – Гренлант теңізінің тереңдігі

2.      «Кардиограмма» әдісі Ия(˄) Жоқ(˗)

Гидросфера тобы:

1.Гидросфера жердің су қабаты (˄)

2. Планетамыздың 29% су алып жатыр (˗)

3. Жер бетіндегі ең ірі арал Гренландия (˄)

4. Қызыл теңіз Африка мен Азияны бөліп жатыр (˄)

5. Дүниежүзіндегі ең суы мол өзен Ніл (˗)

     ˄˗˄˄˗

Су ресурсы тобы:

1.Грунт сулары жер асты суларына жатады(˄)

2.Тынық мұхитының ауданы 178,7 млн км² (˄)

3. Пуэрто-Рико шұңғымасы Үнді мұхитында орналасқан (˗)

4.Гибралтар бұғазы Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американы бөліп жатыр (˗)

5.Қазақстанның ең ірі өзені Ертіс (˄)

             ˄˄˗˗˄

Мұхиттар тобы:

1.Жер шарының 71% су алып жатыр (˄)

2.Мариан шұңғымасының тереңдігі 5625м (˗)

3.Беринг бұғазы Солтүстік Америка мен Еуразияны бөліп жатыр (˄)

4. 361 млн км² құрлықтың ауданы (˗)

5 Үнді мұхитының ең терең нүктесі Зонд шұңғымасы (˄)

      ˄˗˄˗˄

Географиялық диктант

Әр топқа мәтін беріледі топтасып орындап оқушылар оқиды.

Гидросфера тобы:

1. Жер бетін жайлаған су…………………….. құрайды? (дүниежүзілік мұхитты)

2. Дүниежүзілік мұхит…………………. бөліктен тұрады?

3. Жер шарындағы ең терең мұхитқа………………… мұхитын жатқызамыз.

Су ресурсы тобы:

1. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің ¾ бөлігі немесе……………….. млн км² тиеді.

2. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі………………… деп аталады.

3. Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынап кіріп тұрған бөлігін………………. деп атайды.

Мұхиттар тобы:

1. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері бір – бірімен…………………. арқылы жалғасады.

2. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері -……………………….. шұңғымасын айтамыз.

3. Көлемі жөнінен ең шағын мұхит…………………………………………………

Сәйкестендіру:

Гидросфера тобы:

Тынық м                         Саргас, Кариб, Лабрадор

Атлант м                    Баренц, Боффорт, Гренланд

Үнді м                         Филиппин, Коралл, Тасман

Солтүстік мұзды м      Арабия,Андаман

Су ресурсы тобы:

Тынық м                       Мексика ш, Бискай ш

Атлант м                    Бенгал ш, Аден шығанағы

Үнді м                         Аляска шығанағы

Солтүстік мұзды м      Шығыс Сібір, Кар

Мұхиттар тобы:

Тынық м                     Мозамбик бұғазы

Атлант м                    Корея б, Торрес б

Үнді м                         Гибралтар б, Ла-Манш бұғ

Солтүстік мұзды м     Беринг б, Карск қақпасы б

 

 

 

 

 

Дискриптор

1.Мұхиттардың ауданың біледі

2.Тереңдіктерін айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дискриптор:

1.Оқушылар «ия», «жоқ» белгілері арқылы дұрыс белгілейді

2. Өздерін тексеріп бағалайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дискриптор:

Оқушылар тақырыпқа байланысты нүктелер орнын жаза алады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дискриптор:

1.Оқушылар мұхиттарға байланысты теңіздерді сәйкестендіре алады.

2. Оларды ажырата алады

 

 

 

 

 

Қ/Б Смайликтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К/Б Басбармақ арқылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ/Б Смайликтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ/Б: Басбармақ

 Интер белсенді тақта, суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйлестірме қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, интер белсендң тақта, үйлестірмелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атлас

Үйлестірме қағаздар

Бағалау

2 мин

Критерийалды бағалау

Әр топтағы оқушылардың бағалау парақшасы арқылы ұпай санын санап бағалау

Рефлексия

Кері байланыс

 

Өте жақсы түсіндім

Үйге тапсырма : мәтінді пайдаланып, кескін картаға мұхиттарды түсіріп келу.

     
 

Қосымша ақпарат

Саралау

 

 

 

 

Бағалау

Дескриптор

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік  техникасын сақтау. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану
Оқыту үдерісін саралаудың мақсаты-әр оқушыға қабілеттері мен бейімділіктерін барынша дамыту үшін, олардың жалпы білім мазмұнын меңгеру үдерісіндегі танымдық қажеттіліктері мен қызығушылқтарын қанағаттандыру үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.

 

Кері байланыс.

Дәл уақытысында алынған кері байланыс оқушылардың білім алуын дұрыс бағыттауға, ішкі уәжін дамытуға, өз бетінше білім алуға дағдыландырады.

·Оқушыларға түрлі смайликтер арқылы, басбармақ әдісі, білім ағашы арқылы кері байланыс беріледі

Дескриптор.

Оқушылар сабақ соңында нақты қайсы тапсырманы орындай алды немесе орындай алмағанын көрсетеді.

 биология,

пәндерімен байланыс орнатылады АКТны тиімді пайдаланады.

Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады.

 

Рефлексия.

Сабақ  мақсаттары оқушыларға қолжетімді болды-ма?

Оқу үдерісінің жақсаруына белсенді әдіс-тәсілдер өз үлесін қосты-ма?

Сараланған тапсырмалар қолжетімді болды ма?

Сабақтағы көрнекіліктер жеткілікті болды ма?

АКТ -ны тиімді пайдаланылды –ма?

Менің кері байланысым тиімді болды ма?

Келесі сабақты жоспарлағанда нені ескеруім керек?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің  сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ мақсаты оқушылардың деңгейіне қарай жоспарланғаны үшін оқушыларға қолжетімді болды.

Сабақтың мақсатына жетуде белсенді әдіс-тәсілдер шешуші рөл ойнады деп санаймын.

Сараланған тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға бағытталған.

АКТны орынды пайдаланылды.

Кері байланыс оқушыларға қай бағытта даму керектігіне жетеледі.

Сыныптағы психологиялық ахуалды.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды(Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

 

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

 

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *