Журналисттің басты қаруы

Журналисттің басты қаруы
Журналист-қоғамдағы өзекті мәселелерді халыққа жетізуші, адам мен қоғам арасында шегі жоқ көпір болып есептеледі. Қоғамда орын алып жатқан, шиеленісен мәселелерді шешуші, жақсы жаңалықтармен адамдарды хабар етуші ерекше тұлға. Менің ойымша, журналистика мамандығы құндылығын еш жоғалтпай, керісінше қоғамға өз пайдасын молынан тигізетін адам. Жалпы журналистті басты қаруы не болып табылады?
Журналистің басты қаруы-таптырмас тіл байлығы мен жүйрік ойлау қабілеті. Себебі, қандай да бір істі өзінің тіл байлығы мен жүйрік ойлау қабілеті мен алға алып шығады. Мысал келтірер болсақ, жедел дайындығы жоқ, тек тақырыппен берілген жаңалықты тез арада, тікелей эфирде өзінің ойымен алып шығу керек болды делік. Осы орайда, журналисттің басты қарулары-шешен тілі мен жан-жақты ойлау қабілеті болып табылады. Бұндай нағыз қарулармен ситуацияны тез қабылдап, оңай шығып кете алады. «Сөйлей, сөйлей, шешен боласын»-демекші, сөйлеу арқылы ойын жақсы жеткізеді. Бұл жүйрік ойы мен бай тілінің арқасында, жаңа ақпаратты халыққа қонымды етеді. Сонымен қатар, журналисттің басты қаруларына-білім мен тапқырлығын жатқызуға болады. Себебі, білімсіз ешқандай мақтан-тұтарлық жетістікке қол жеткізе алмаймыз. Тек білім арқылы журналистика мамандығының шыңына шыға аламыз. Сол себептен «білім көзі-бұлақ»-дей келе, журналисттің басты қаруларына білімді де жатқызамыз. Ал тапқырлық арқылы жаңа ел аузындағы ақпараттарды тауып, әрдайым көш бастау қабілеті пайда болады. Тапқырлық бұл-барлық адамға беріле бермейтін, ерекше қасиеттердің бірі. Осылайша, біз журналисттің басты қаруларын ортаға салып, пайымдадық.
Қорытындылай келе, қазіргі қоғамда өзекті, шешімі жоқ мәселелер өте көп. Сондықтан, бұл шиеленіскен мәселелерге өзінің ойын ашық жеткізіп қоймай, тапқырлығы мен халық түсінетін көркем тілімен жеткізу-бұл журналисттің басты қаруы болып табылады. Бұл құнды қарулар болмаса, журналистика мамандығының құндылығы жоғалады. Журналистика мамандығын ары қарай дамыту үшін бұл қасиеттерді бойымызға жинайық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *