Мейірімділік-асыл қасиет

Түркістан облысы,Арыс ауданы , Байырқұм ауылы

М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Бекаева Тұрсынгүл Әбдіхалыққызы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

 

М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің I санатындағы өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Бекаева Тұрсынгүл Әбдіхалыққызы

Тақырып:  Мейірімділік-асыл қасиет.

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Адалдық,мейірімділік

Сынып: 3 «А»

Оқушылар саны: 10

Сабақ мақсаты:Оқушылардың бойына «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтарын қалыптастыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері: мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-мейірімділікке,жанашырлыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: бейнефильм,жүрекшенің үлгісі,қанатты сөздер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

 Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

 5 Т –ережесін еске түсіру.

1.Тәртіп    2.Талап    3.Тазалық    4.Татулық      5.Тыныштық

Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне, сендермен біз үлкен киіз  үйді құрдық.Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып,шаңырағы биік болсын!

2.Жағымды көңіл-күйге келу.  «Нұрға бөлену»

-Балалар,көзімізді жұмып,біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.Бұл әлемнің  ауасы тым таза, жұпар иісті.Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық.Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса қандай жақсы болар еді! Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен ала кетейік.Енді  балалар, көздеріңді ашыңдар.

 

 

Ескерту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Жаңа сабақ

Ребус арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

«Мейірімділік асыл қасиет» 

4. Дәйексөз

«Мейірімділікті анадан үйрен»

Халық  даналығы

-Мейірімділік деген не?
-Неге мейірімді болу керек?
-Қалай мейірімді болуға болады?

-Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

-Өздеріңе  мейірімділік  сезім көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

-«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап өтсек:

—  Жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы  жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?

-Ана.

Ана — халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші — Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

«Мейірімділік»- адамдар бір – біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы.

Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді. Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды бәрі жақсы көреді.

-Олай болса, бүгінгі сабағымызда адамның бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.

-Мейірімділік-жеке адамның жоғары адамгершілік белгісі болып табылады.Мейірімділік басқаларға тек жақсылық ойлау.Адамның бір-біріне жылылығын білдіріп,оның бүкіл тыныс тіршілігін,жан дүниесін жадырату,игі әрекет жасау.Мейірімділік адамның өзге біреуге жылылығын,ізгі ниетімен лебізін білдіру көрінісі.Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық,кеңпейілділік,жанашырлық,ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.Мейірімділік ,  махаббат , қайырымдылық, адалдық  секілді ақ жүректен шығады

(Шәкәрім Құдайбердіұлы).

Мейірімсіз болсаң,Алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған ,

Қайтарма қолын,ананың көмек сұраған.

Оу,адамзат,сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны сіздерден әркез сұранам.

Мейірімді ізде,таза,аңғал жүректен,

Селт еткізіп,сезімді бойда дір еткен.

Мейірім ана бойында сіңірген бойға,мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

 

 

Оқулық
5. Оқиғаларды әңгiмелеу.Мұғалім сыйы.Бейнефильм«Мейірімділік»

Балалар,  бейнефильмнен қандай әсер алдық?

Бейнежазбадан қандай ой түйдік?

Бауырмалдылық,мейірімділіктің мағынасын қалай түсінесіңдер?

         Сахналау.

«Мейірімділік деген не?»көрініс.
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың.Өскеннен кейін түсінесің», деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,-деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан балапанды кездестіреді,ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп сұрайды. «Менде уақыт жоқ,дейді балапан, -Мен мейірімділіктің не екенін білгім
келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы». «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.

 

«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға …. (болады),

Кешірімді болуға …. (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),

Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),

Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),

Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),

Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),

Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),

Арам болуға …. (болмайды),

Маманболуға …. (болады),

Жаманболуға …. (болмайды),

Айтпақшы,

Жаманболуға ….! (болмайды).

Жағдаяттарды талдау.

-Сен аулада ролик теуіп жүрдің,ал сенің досыңның

ролигі жоқ,сенің әрекетің?

-Сенің алдыңнан бір құшақ газет журнал көтерген хат

тасушы апай шықты,сен не істер едің?

-Сенің анаң ас дайындап жатыр,ал інің мазасызданып

кетті,сенің әрекетің?

-Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты,

сен абайсызда ол әжені қағып кеттің,оның сөмкесіндегі

заттар шашаылып қалды,сен не істер едің?

Саят өз ата — анасын басқа балалардың ата — аналарымен көп салыстырады. Кейде Саяттың  өз ата -анасына көңілі толмай, реніш білдіретін кездері де болады.

Саяттың іс- әрекетін қалай бағалайсыңдар?

Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?

Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата -анасының, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш ұялмайды да.

Меруерттің немқұрайлығының себебі неде?

Меруерттің бойына қандай қасиеттер жетіспейді?

Ербол үйіндегі кәрі әже, атасының мазасыздығына,

құлағының нашар еститініне ашуланады. Ол  қарттың табиғи қауқарсыздығын

түсініп тұрса да,

ашуға қалай бой бергенін сезбей қалады.

Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?

Ерболға қандай кеңес бересіңдер?

 

АКТ
6. Шығармашылық    жұмыс.(топпен  жұмыс)

І-топ «Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру

ІІ-топ Өлең шумақтарында қалып кеткен сөздерді толықтыру.

Күлімдеген …. мейірімді. (күн)
Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)
Таза мөлдір…. мейірімді! (су)
Бәрімізді көтеріп түрған …. мейірімді! (жер)
Аяулы …. мейірімді! (анам)
Қадірлі …. мейірімді! (әкем)
Әлпештеген …. мейірімді! (әжем)
Еркелеткен …. мейірімді! (атам)
Жылы жүзді …. мейірімді! (ұстазым)
Тату-тәтті …. мейірімді! (достарым)

 

 
7. Топпен ән айту   

Ән:Жан жылуы.

Ізгілік нұрын сепкен,
Махаббат гүлін еккен,
Күн көзі бар шуағын,
Төккендей бүгін көктен!
Бөленіп далам нұрға,
Бусанып санам жырға,
Жүректер соқсын бірге,
Тебіреніп бабам қырда!
Қайырмасы:
Жан жылуым – Саған

Ән ғұмырым – Саған!
Аман болсын ұл мен қызың!
Аман болсын Далам!
Тыныш болсын Жерім!
Ырыс көрсін Елім!
Жан жылуы төгіледі
жүрегімнен менің!
Менің!
Жалғыз қалдым демеші,
Тәңір жанның егесі!
Күтеді әне, қол бұлғап
Болашақтың кемесі!
Қолыңды бер, кел, досым!
Жан жылуым ем болсын!
Биіктерге бастайық,
Бұл бақытты ел көшін!

8.Жүректен жүрекке(Баяу әуен ойналады)

-«Жылы сезім жүректерде сақаталады.Мейірімділік тек жүректен басталады»-деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырамын.Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді  есімізге түсіріп,жүрегімізге сақтайық.Бір-біріне деген жақсы тілектеріне білдіреді.

 
Үйге тапсырма: «Мен мейірімді баламын» тақырыбында эссе жазып келу

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *