Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы»»Күйкен»бөбекжайы»МКҚК тақырыбы:««Ғажайып құм әлемі» тәрбиеші: Желтыбаева Дина

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Оқу қызметі:Ойын сабақ

Тақырыбы: «Ғажайып құм әлемі»

Мақсаты: Көріп сезіну арқылы балалардың сөздік қорын, танымдық қабілеттерін дамыту.Балалардың ақыл-ой белсенділігін күшейтіп, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, ойын.

Көрнекі құралдар: Түрлі түсті құм,сусымалы құм әр түрлі пішіндегі ойыншықтар.

Мотивациялық қозғаушылық

Музыкалық сәлемдесу

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Сендердің көңіл – күйлерің жақсы екен. Сендер саяхатқа шыққанды ұнаттасңдар ма?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Ендеше бүгін сендермен Ғажайып құм әллеміне саяхатқа барамыз.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Тәрбиеші: Балалар кедергі жолдармен жүріп біз Ғажайып құм әлеміне жетеміз.

Міне балалар бұл құм әлемі.  Құм әлеміне кіру үшін ережесін білу керек:

Құмды шашпау.

Лақтыруға болмайды.

Құмды жереге шашуға немесе ауызға салуға болмайды.

Балалар құмзарға жақындайық, ыңғайлы тұрыңдар.

Құм — нағыз кең таралған пайдалы қазба. Құмның түрлері: сусымалы, сазды, қыйыршықты құм . Құмды бір орыннан екінші орынға  сусытып себуге болады. Адамдар құрылысқа сазбен бірге құмды пайданалады. Құмды су қосып ылғалдау арқылы түрлі пішіндер жасауға болады.

Ойын сабақтар өткізер алдында қолданылатын ойын жаттығулар:

«Сәлеметсің бе, құм!» жаттығуы.

Мақсаты: психологиялық тежелуді қалыпқа келтіру.

Тәрбиеші балалардан «құммен амандасуды» сұрайды, яғни түрлі әдіспен құмға қол тигізу қажет.

Баланың іс-әрекеті: құмға кезекпен бір бірлеп саусақтарын тигізеді, сосын екінші қолын, соңында түгел саусақтарын тигізеді, жұдырығына құмды сәл не қаттырақ, сосын оны жәйлап құмдаққа төгеді. Құмға алақанын түгел қояды,алдымен ішкі, сонан соң сырқы жағымен; құмды саусақтарымен, алақанымен, алақанымен үйкелеп көреді. Соңында құмға бір кішкентай ойыншықты жасырып: «Сенімен құм әлемінің бір тұрғыны сәлемдескісі келеді деуге» болады.

«Құмды жаңбыр» жаттығуы.

Мақсаты: бұлшықет тежелуін, әлсіруді қалыпқа келтіреді.

Бала жәймен,  сонан соң тез құмды өз алақанынан құмдаққа, з алақанына, тәрбиешінің алақанына себелейді. Бала көзін жұмып, құмға алақанын қояды, тәрбиеші оны бір саусағына құм себеді, ал бала сол саусақты айтады. Кейін орын алмастыруға болады.

«Ғажайып іздер» жаттығуы.

Мақсаты: балалардың дене арқылы сезінуін, қиялын дамыту.

«Қонжық келе жатыр» деп, бала жұдырығымен және алақанымен басып, құмға із қалдырады. «ояндар секіреді» деп, саусақ ұшымен құм бетін түрткіштеп, әр бағытта із қалдырады. «Жылан жорғалайды» деп, балла саусағымен, алақан қырымен бірде жәй, бірде қатты етіп құм бетінде ирек із қалдырады.

Сергіту сәті: Әуенмен

Тәрбиеші: балалар құм ылғал болу үшін не істеу керек?

Балалар: Су құю керек.

Тәрбиеші: Шамалы су құйып араластырамыз, бірақ жартысын құрғақ күйінде қалдырамыз. Қолды ылғал құмға саламыз.

Не сезіндің? (салқын, дымқыл, ылғал, ол сусымалы болмай қалды, одан бірдеңе жасай аламыз). Ол  «ақпайды, ол құлайды». Қане, ылғал құмнан бір нәрсе жасап көрейік (әр түрлі пішіндердің бейнесін жасау).

Сонымен қандай қортынды жасаймыз?

Ылғал құм жабысқақ, одан кез келген пішіндер жасауға болады.

Рефлексиялық түзетушілік

Тәрбиеші: балалар құммен жұмыс жасаған сендерге ұнады ма?

Балалар: ия

Тәрбиеші: Осымен Құм әлеміне саяхатымызды аяқтаймыз.

Қолдарымызды тазалап өзіміздің балабақшамызға оралайық.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: құмның ерекшеліктері туралы түсінікті.

Нені меңгеру керек: тапсырмаларды орындауды.

Нені игерді: құммен ұқыпты жұмыс жасауды.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *