Майдандық газеттер

Қазақстан баспасөзі Ұлы Отан соғысы жылдарында.

Майдандық газеттер

ЕЛАМАН Асылжан

Журналстика факультетінің

1-курс студенті

Республикамыздың экономикасы мен мәдени өмірін соғыс уақытына орай шапшаң қайта құру жөнінде партия ұйымдарына көмектесе отырып, баспасөз елімізге төнген қауіптің тым қатерлі екендігін, бейғамдық пен жайбырақаттыққа жол бермеудің қажеттігін түсіндіріп отырды.

Республикалық және облыстық газеттердің өзі ұйымдастырған материалдарының да маңызы кем болған жоқ. Мәселен, “Социалистік Қазақстан” және “Казахстанская правда” сол кезде Алматыда тұрған академик Е.Тарленің фашизмді және оның шапқыншылық әрекетін әшкерелейтін “Жалпы адамзат мәдениетін құлатушылар” деген мақаласын жариялады. Автор өзінің бұл мақаласында “кімде-кім Европада адамзаттың прогрестік мәдениетін қымбат санайтын болса, олар баса-көктеп келген зорлықшыларға күйрете соққы беріп отырған тарихи кезеңдер рухани жағынан Совет Одағын жақтайды”,-деп сенім білдірді. Ол, сонымен қатар Наполенонның шапқыншылық соғысының мәнін әшкерелейтін, оған қарсы күресте орыс халқы өзінің дәстүрлі қайраттылығымен жеңіп шыққанын баяндайтын Алматыда кітапша бастырып шығарды.

Совет халқы фашизмге қарсы техникалық қаруымен де, сөз қаруымен де сайысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында сықақ, мысал, эпигармма және памфлет сияқты саяси сатиралық жанрлар газет, журналдарда немесе жеке жинақ болып жарияланды. Бүкіл баспасөзбен бірге сатира немсі-фашист басқыншыларына деген ел ызасын, ел кегңн оятуға, жұтты жауға жұмылдыруғп қызмет етті. Қыазақтың біріккен мемлекеттік баспасы Отан туралы мақал, мәтел, тақпақ сөздердің жинағын шығарды.

Жинақтың өмір танытқыштық, патриотизм рухында тәрбиелік мәні зор болды. Қысқасы, бұл жинақ сөзі халыққа, ер-азаматқа Отан қорғау, жауды талқандау өнерін үрететін, оларды ерлікке, қамал бұзуға үндейтін қаһарлы сөз болды.

Әйелдердің патриоттық қозғалысы.

Соғыс жарғайында әйелдер мен жастардың өндірістегі рөлі мейлінше арта түсті. «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттері 1941 жылы июньнің аяқ шенінде Солтүстік Қазақстан облысының Полуден МТС-індегі бір топ тракторшы әйелдердің, «Қыздар, тракторға, комбайн штурваліне!» деген ұранын жариялады. Осы ұранды көптеген газеттер рубрика ретінде қолданып, онда әйелдерден механизатор кадрларын даярлау және патриот кыз-келіншектердің өнегелі істері туралы хабарлар берді «Казахстанская правда» сол жылы 19 июльдегі бас мақалада қазірдің өзінде республика бойынша 13 мың қыз-келіншек, өндірістен қол үзбей техниканы уйренуде, олардың көшілігі трактордың рулін ұстауға, комбайнның штурвалына отыруға право алды деп жазды.

«Социалистік Қазақстан» республика әйелдерінін техниканы жаппай меңгеру жөніндегі қозғалысын құптап, кеңінен жазды. Полуденшылардын патриоттық бастамасы баспасөз арқылы бүкіл республикаға кеңінен тарап, жаппай қолдау тапты.

Қазақ тіліндегі майдандық газеттер. Комунистік партия лениндік ұлт саясатын жүзеге асыра отырып, Ұлы Отан соғысы кезінде армия мен флотта барлвқ ұлттардың жауынгерлері арасында саяси тәрбие беруді және соғыс ісін үйретуді олардың ана тілінде жүргңздң. Партияның бұл қамқорлығы мынадан айқын көрінеді. Оңтүстік майданның саяи басқармасы бастығының орынбасары бригадалық комиссар Л.И.Брижнев Қазақстан Компартия Орталық Комитетіне жолаған телеграммасында былай деп жазған. Оңтүстік майданның әскер бөлімдерінде орыс тілінде оқи алмайтын қазақтар көп, олардың арасында саяси тәрбие жұмысын жүргізу үшін бізге қазақ тілінде шығатын газет-журналдарды үзбей жіберіп тұруларыңызда және Қорғаныс халық комиссарының барлық сөздері мен бұйрықтарын қазақ тілінде кітапша етіп шығарып, бізге жіберулеріңізді сұраймыз, деп бұйрық берілген екен.

1942 жылы ноябрьден бастап қазақ тілінде майдандық газеттер шыға бастады. Қазақ ССР Кітап палатасының анықтамасына қарағанда, Ұлы Отан моғысв жылдарында қазақ тілңнде 15 газет шығып тұраған. Алғашқв майдандвқ газетте генерал-майор Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның “Отан үшін” деген газеті болды. Сонымен қатар: Оңтүстік майданның газеті: “Майдан правдасы”, “Қызыл әскер правдасы” Батыс майдан, “Жауға қарсы аттан” т.б. газеттер шығып тұрды.

Майдандық қазақ газеттері туралы түскен көптеген пікірдің бірінде бір топ қазақ жауынгерлері мен офицерлері былай деп жазды: «Майдандағы қазақ газеттері біздің мақтаныш сезімімізді бұрынғыдан да жоғары көтерді. Газеттер бізге қазір қызу жұмыс жүріп жатқан алыстағы туған өлкемізден, қаламыздан, ауылымыздан хабар әкеледі. Сондықтан да біздің солдаттық жүрегімізге қазір әскери газеттердің әрбір сөзі қымбат».
Майдандық газеттердің сарғайған, оқ тескен, жыртылған беттері қазақ жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысындағы өшпес даңқына, ерлігіне толы. Олардың қазақ халқының батыр ұлдары мен қыздары – Төлеген, Сұлтан, Ағаділ, Нүркен, Мәлік, Талғат, Рақымжан, Әлия мен Мәншүктердің ерліктерін әлемге паш еткен қысқа-қысқа хабарын, қызықты очерктерін оқимыз. Сондай-ақ фашист басқыншыларын әшкерелеген сықақтарды, өлеңдерді, әңгімелерді кездестіреміз. Қалам қайраткерлерінің газет бетіндегі жалынды лебізі қаһарман халқымыздың намысын сілкіндіріп, елдікке, ерлікке шақырғанында дау жоқ.
Қан майданға арналған көптеген өлең от-жалын ортасында жүрген ақындар қаламынан шығып, сол кездегі орталық, республикалық, майдандық баспасөз бетінде жиі-жиі жарияланып тұрды. Әсіресе «Отан үшін ұрысқа», «Жауға қарсы аттан», «Дабыл», «Отан үшін», «Қызыл әскер ақиқаты» т.б. қазақ тілінде жарық көрген газеттердің ақындар өлеңдері басылмаған саны кемде-кем.
Мемлекеттік қорғаныс комитетінің бұйрығы бойынша, басқа республикалардағы сияқты Қазақстанда да бірнеше ұлттық бригада құрылды. Солардың бірі – 1941 жылы 5 желтоқсанда Алматыда құрылған 100-інші жеке атқыштар бригадасы. Бригаданың «Сталин үшін алға» газетінің редакторы капитан Қасым Шәріпов еді. Ол соғыстан кейін ұзақ жылдар «Социалистік Қазақстан» газетінің (қазіргі «Егемен Қазақстан») редакторы, ҚазТАГ директоры болды. 100-бригадада бірге болған жауынгер жолдастары жайында «Қатардағы қаһарман» және «Қаруластар» деген екі кітабы жарық көрді.

1943 жылдың 5 мамырында «Сталин үшін алға» майдандық газеті тілшілері және әскери бөлімшелерде шығарылатын «Жауынгерлік листоктардың» редакторлары бригада штабы тұрған селоға шақырылды. Баспасөз күніне арналған жиналыс өтті. Жиналыста ең белсенді әскери тілшілерге, үздік редакторларға құрама командирінің арнаулы бұйрығымен алғыс жарияланды. Алғыс алғандардың ішінде сержант Әзілхан Нұршайықов, сержант Мәншүк Мәметова, аға сержант Мырзағали Ұсаев, кіші сержант Мағауия Қалиев, жауынгер Бейсенбек Мұстафин, старшина Сабыр Баймұратов, лейтенант Қаби Нұрмағанбетов, капитан Шазада Әтеев болды. Бұл тізімде ең алдымен сержант Нұршайықов есімінің аталуы өте орынды деп есептелді.
Сержант Нұршайықов тек тілші ғана емес, қатаң тәртіп ұстайтын зеңбірек командирі екен. Сондықтан да ол Қорғаныс халық комиссариатының бұйрығы бойынша бригада жауынгерлерінің ішінде бірінші болып «Қызыл Армия үздігі» белгісімен наградталған.

Тыл тірлігіндегі дертті аластаған, майдан шебінде қамал бұзған қаһарлы сөздің, жауға оқ болып атылып, от болып шашылған жалынды сатираның тәрбиелік мәні өте зор болды. Майдандық қазақ газеттеріндегі очерктерде Берлин үшін болған ұрыстар, Берлиннің алынуы, Германияның тізе бүгуі, Совет Одағының Ұлы Жеңісінің салтанаты туралы да кең көлемде жазылған. Бұл тақырыптарда әсіресе Берлинге бірінші болып кірген майданның қазақша «Қызыл Армия» газетінде көптеген очерк басылды. Олардың ішінде Қалмақан Әбдіқадыровтың бірқатар очеркі бар. Олардан халқымыздың қаһарман тұлғасы, соғыстың соңғы кезеңдері жайлы, Берлин үшін болған ұрыстардағы ерлік жайлы деректер табамыз.
          Адамзаттың зұлым жауы – неміс-фашист басқыншыларына қарсы қарумен қаламды қоса кезеген, 28 жасында Отан үшін опат болған, «Октябрь балалары», «Лениншіл жас» сияқты жастар газеттерінің төңірегіне топтасқан жалынды жас әдебиетшілер қауымының аяулы ағасы болған, патриот-журналист Баубек Бұлқышев еді.
Баубек Бұлқышев Москва пролетарлық атқыштар дивизиясының қатарында жүріп, Мәскеуді, Смоленскіні қорғауға қатысты. Оның «Комсомольская правда» газетінің 1942 жылғы 1 мамырдағы нөмірінде жарияланған «Өмір мен өлім туралы» атты публицистикасы елдегі жастарды дүр сілкіндірді. Өйткені бұл жастарға арналып жазылған жауынгер жас азаматтың жүрек жыры еді. Осы публицистикаға Баубек 200-ден аса хат алды. Совет жастары авторға асқан сүйіспеншілікпен хат жолдап, өздерінің Отан қорғау үшін өлімге де әзір екендіктерін білдірді.
Осы күндерде майдандық қазақ газеттерінің беттеріне тағы бір үңіліп, Отан үшін, бүгінгі өмір үшін жанын қиған ерлердің асыл бейнесін еске түсіргеніміз абзал. Өйткені майдандық қазақ газеттері – сол ерлік күндердің шежіресі.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер және деректер тізімі:

Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958) Х Бекхожин.

Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008) Қ.Аллаберген,Ж Нұсқаубайұлы, Ф.Оразаев.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *