Тиктокер, блогер Алихан Алмасбекұлымен танысу сұхбаты

http://Тиктокер Алихан Асылбекұлымен танысу сұхбаты.
Қайырлы күн! Бүгін біздің Тұран сториста қонақта инста парақшасында 81700, тикток парақшасында 488 500 оқырманы бар Алихан Алмасбекулы.

-Алихан қалыңыз қалай ? Сізді таныстырарда блогер немесе тиктокер қалай дұрыс екенін білмедім. Алғашқы сұрағым осы болсын, өзіңізді тиктокер санайсызба әлде блогер?

-Қайырлы күн! Шақырғаныңызға рақмет. Өзімнің хоббиім би болғандықтан, жан дүниеме тикток жақынырақ, тиктокер десеңіз қарсы емеспін.

-Өзіңізге қысқаша таныстыру болса, қай жылғысыз ? Қай өңірдің тумасы боласыз? -Есімім Алихан, 2001 жылғымын, осы Алматы қаласының тумасымын.

-Осы жолға қалай келдіңіз бастау жолыңыз туралы айта аласыз ба? -Досымның айтуы бойынша келдім, алғаш тикток желісі туралы сол айтып ұсыныс жасады, жақсы билейсіңғой бағыңды сынап көр дегендей, өзімніңде қызығушылығым бірден болып, осылай қазір осы жолдамын.

-Бимен кәсіби түрде айналысасыз ба? -Жоқ, тек өз қызығушылығыммен билеймін.

-Мамандығыңыз қандай?

-Жүргеновты бітіргенмін, мамандық актер. -Болашақта мамандық бойынша жұмыс істейсіз ба әлде блогерлік жолды жалғастырасыз ба?

-Киноларға шақырту бар, егер өзіме ұнап тұрса неге мамандықпен жұмыс істемеске, екеуін қатар алып жүремін.

-Ал енді блогыңызға келейік,н егізі жеке шекараңызға өткім келмейді бірақ бүгін блогерлік жолмен толық таныссақ деймін. Табыс көзі қайдан келеді? Инста әлде тикток?

-Инстадан реклама бойынша табыс көзі көбірек.

-Келгеніңіз үшін рақмет, өмірлік және өнер жолыңыз табысты болсын!

-Сізге де шақырғаныңыз үшін рақмет!

Сұқбаттасқан: Тұран университетінің 4 курс студенті Рысалды Маратқызы Жетекші: Раушанова Н.Б

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *