Көңілді математика

Нұр-Сұлтан қаласы, № 15 «Дарын» балабақшасының тәрбиешісі

Ақпанова Маржан Қанатқызы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: «Көңілді математика»

Мақсаты: 1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін тереңдету.  Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, топтық жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қоланылатын көрнекі құралдар: геометриялық пішіндер, сандар, үлестірмелі материалдар, Фребель жиынтығы, плакат, стакандар.

 

1.ҰОҚ барысы

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші: Балалар таңертең көзімізді ашып, терезеге қарасақ алдымен  нені көреміз? Әрейне күнді, күннің нұрын көреміз. Ендеше барлығымыз қуанып бүгінгі күнді қарсы алайық. 

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан әр күнге.

— Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы, көңілді өтсін, орнымызға отырайық.

Сұрақ-жауап:

-Балалар, біз математика негіздері оқу қызметінде нені үйренеміз?

-1 ден 10 ға дейін санайықшы.

-Қандай пішіндерді білеміз?

Таңдану сәті: есік қағылады, есіктің артында сиқырлы сандықша тұрады.

Балалар, қараңдаршы, бізге сиқырлы сандықша қалдырып кетіпті. Ішін ашып көрейікші. Ішінде қима суреттер мен хат бар екен.

Хат: балақайлар, мен білім патшасымын, сендердің математикадан алған білімдеріңді тексерейін деп әр бөлігінде бір тапсырма жазылған қима суреттер салып қойдым. Тапсырмаларды орындап, суретті құрастырыңдар. Бұл менің сендерге деген сыйлығым.  Ол сендерге өте қажет болады.

  1. Негізгі кезең

-І тапсырма: «Адасқан сандар»: балаларға сандар таратылады, балалар оны ретімен қойып, тура және кері санайды, көршілерін атайды.

 

-ІІ тапсырма: «Кім жылдам»: балаларды, 3 топқа бөлеміз. Әр топқа плакат пен сандар жазылған стакандар беріледі. Плакатта берілген заттар саны мен стаканда жазылған сандарды сәйкестендіріп орналастырад

-ІІІ тапсырма: «Көңілді пішіндер»: алдымен барлығы бірге пішіндерді қайталайды. Әр балаға пішіндер таратылады.

  1. «Түн» дегенде балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші пішіндердің тақтаға ретін ауыстырып орналастырды. «Күн» дегенде көздерін ашып алдыларында жатқан пішіндерді тақтадағыдай етіп орналастырады.
  2. Балалар пішіндердің ретін естеріне сақтайды. Балалар көздерін жұмғанда, тәрбиеші пішіндерді алып тастайды, балалар естеріне сақтап пішіндерді ретімен орналастырады.

 

-ІV тапсырма:  «Үйін тап»: Тақтаға 4 үйдің суреті ілінеді, әр балаға бір бір пішін таратылады. Балалар, тәрбиеші берген бағытпен пішінддерді үйлеріне орналастыру керек. Мысалы: оң жатағы үйге көк түсті шаршыны орналастырамыз. Жоғарыдағы үйге сары түсті дөңгелектерді орналастырамыз т.с.с.

Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық
2, 3, 4 алақанды соғайық
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бұрылып
Біз шынығып алайық

  1. Рефлексия.

Балалар әр тапсырма орындағанда берілген суреттерді құрастырады. Суретте білім кілті бейнеленеді.

-Балалар біз бүгін кімнің тапсырмаларын орындадық?

-Сендер өте ақылды, білімді балалар екенсіңдер. Жарайсыңдар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *