Күкірт қышқылы және оның тұздары

Байкежанова Рымгуль Кенжебековна

Сабақтың мақсаты:         

білімділік :күкірт қосылыстарының табиғатта таралуын, алынуын,физикалық ,химиялық қасиеттерін,күкірт қышқылының қасиеттерін,тұздарын,қолданылуын өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.

дамытушылық :оқушыларды топпен жұмыс істеуге ,өзін-өзі тексеруге үйрету,химиялық теңдеулерді ұқыпты жазып,теңестіре білу дағдыларын дамыту.

тәрбиелік:тұрмыстық химияда кездесетін заттармен ұқыпты жұмыс жасауға ,сабырлы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: периодтық жүйе, күкірт қышқылының қолданылу суреттері.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі, сұрақ-жауап,тест,Венн диаграммасы.

                                        Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.Оқушыларды түгендеу.Оқу құралдарын тексеру. 3 топқа бөлу.

II.Үй тапсырмасын сұрау

Бір оқушы күкірттің периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттайды.

3 топ берілген сұрақтар бойынша постер қорғайды:

1.Күкірттің физикалық қасиеттері.

2.Күкірттің химиялық қасиеттері.

3.Күкірт және оның қосылыстарының қолданылуы.

III.Мақсат қою: сабақтың тақырыбымен ,мақсатымен таныстыру.

IV.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Концентрлі күкірт қышқылы – түссіз, ұшпайтын, май тәріздес ,суда жақсы еритін сұйық зат.Тығыздығы 1,84г/см3 , массалық үлесі 98%. Ол 2800С-та қайнайды,ал 10,40С-та кристалданады.Күкірт қышқылы –күшті су тартқыш зат.Егер концентрлі қышқыл толтырылған стақанды біраз уақыт ашық қалдырса, ауадағы су буын бойына тартып сіңіреді де, қышқыл ыдыстан асып төгіледі.Осы қасиетіне бола күкірт қышқылын  түрлі газдарды ылғалдан құрғату үшін пайдаланады. Концентрлі күкірт қышқылы адам

терісіне , матаға, ағашқа тисе,оны қарайтып күйдіреді.Сол себепті күкірт қышқылымен жұмыс  істегенде өте сақ болу керек.Теріге немесе матаға тиген күкірт қышқылын тездетіп сумен жуып,содан соң ас содасы ерітіндісімен шаю қажет.

Химиялық қасиеттері:

1.Екінегізді  күкірт қышқылы сатылап диссоциацияланады,индикаторға әсер етеді:

H2SO4         H+   +    HSO4

                                     гидросульфат-ион

HSO4—             H+   +   SO4-2

                                          сульфат-ион

                                        

  1. Күкірт қышқылы сілтілермен және ерімейтін негіздермен әрекеттесіп тұз түзеді:

    H2SO4      +   KOH    =     KHSO4 +    H2O

        H2SO4      +     Сu(OH) 2    =   СuSO4     +   2H2O

  1. Негіздік және екідайлы оксидтермен әрекеттеседі:

а)  H2SO4      +    СuO        =      СuSO4     +   H2O

        2H+          +        СuO       =       Сu +2      +      H2O

  ә) H2SO4     +       ZnO      =       ZnSO4  +   H2O

      2H+       +        ZnO          =       Zn+2 +     H2O

  1. Сұйытылған күкірт қышқылы металдардың кернеу қатарындағы сутектің сол жағында орналасқан металдармен әрекеттескенде тотықтырғыш қасиет көрсетеді, нәтижесінде сутек газы бөлінеді:

     H2SO4       +     Zn  0    =       ZnSO +  H2

      2H+          +     Zn 0       =       Zn+2    +   H20

5.Барийдің ерімтал тұздары күкірт қышқылына және оның тұздары-сульфаттарға анықтағыш  реактив болады,ақ тұнба түзіледі:

    H2SO4     +       BaCI2       =     2HCI   +   BaSO4

    Na2SO4    +        BaCI2   =     2NaCI  +    BaSO4

     SO-2    +      Ba+2        =      BaSO4    

 

Қолданылуы:

 

V.Жаңа тақырыпты бекіту

Жоғалған формулалар: химиялық  реакция теңдеулеріндегі             «жоғалып»тұрған формулаларды табу керек.

 1.H2SO4      +                                  KHSO4 +    H2O

  1. +     Сu(OH) 2               СuSO4     +   2H2O
  2. H2SO4 + СuO              СuSO4     +
  3. 2H+ +                        Сu +2      +      H2O
  4. H2SO4 +                 ZnSO4  +   H2O
  5.       +        ZnO                Zn+2 +     H2O
  6. H2SO4 +       BaCI2               2HCI   + 
  7. Na2SO4 +                        2NaCI  +    BaSO4
  8. SO4 -2    +      Ba+2                 

 

 

Сәйкесін тап: қосылыс атауы мен формуласы сәйкесетін тұсына белгі қоюы керек.

Күкірттің SO2 SO3 H2SO3 H2SO4 Na2SO3 FeSO4 NaHSO4
Тұздары         + + +
Қышқылдары     + +      
Оксидтері + +          

 

Дихотомиялық  тапсырма: «иә»  немесе «жоқ»  деп жауап беріп, жауаптың графигін салу.     

«Иә»  — «Жоқ»

  1. Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат.
  2. Ол екі сатыда диссоциацияланады.
  3. Концентрлі күкірт қышқылы суда ерімейтін сұйық зат.
  4. Күкірт қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек.
  5. Орта тұздар-сульфаттар.
  6. Қышқыл тұздар –гидросульфаттар.
  7. NaHSO4 –натрий сульфаты.
  8. Na2SO4 – натрий гидросульфаты.
  9. Концентрлі күкірт қышқылына күшті тотықтырғыштық қасиет тән.

Дәптермен жұмыс

Мына өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін  жазу:

H2S  —      S       SO2        SO3               H2SO4             СuSO4

                                         Na2SO3                           Na2SO4

VI .Сабақты қорытындыла󧧧

Бағалау парақтары бойынша оқушылардың  білімін бағалау.

VII . Үйге тапсырма: §16 «Күкірт  қышқылы және оның тұздары»  тақырыбын оқу.

74-78 бет № 4,5 жаттығуларды орындау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *