Каспий Аралдың тағдырын қайталай ма?

Бұл көл өзінің мөлшеріне байланысты теңіз деген атау алған. Өкінішке орай әлемнің ең үлкен көлі қарқыштап тартылып бара жатыр. Бұл көлдің тіршілігі ұзаққа созылады ма, әлде Аралдың тағдырын қайталайды ма?

Каспий көлінің тарихы терең. Көлдің өзі 13 миллион жыл бұрын Альпі тауларының көтеріліп Сармат теңізінің Жерорта теңізінен бөліп шығуынан пайда болды. Осы кезге дейін көл бірде тартылып, бірде созылып келе жатты. Бірақ әсіресе соңғы жылдары су деңгейінің қарқынды түрде төмендеп келе жатқаны байқалды.

Каспий көлі

2009 жылғы деректер бойынша су деңгейі Дүниежүзілік мұхит деңгейінен 27,16 м төмен болды. Каспий теңізінің ауданы қазіргі уақытта шамамен 390 000 км², максималды тереңдігі 1025 м. Каспий теңізіндегі су деңгейі жылына 6-7 сантиметрге төмендейді, бұл өте жылдам. Ғалымдардың есептеулерібойынша, осы қарқынмен ғасыр соңына қарай теңіздегі су деңгейі 9-18 метрге төмендейді, ең болмағанда, ештеңесі де қалмайды. Жерсеріктен түсірілген суреттер бойынша теңіздің солтүстік-шығыс бөлігі 5000 км²-ден астам аумақта құрғады.

2004                                   2021

Каспий 2004                     Каспий 2021

Каспий теңізінің тайыздануына көптеген факторлар әсер етеді: арналарының ластануы, жаһандық жылыну, жауын-шашынның азаюы, шаруашылық, өндіріс, мұнай өндірісі. Әсіресе, жаһандық жылыну басты фактор блоып тұр. Зерттеушілердің болжауынша, жаһандық жылыну тоқтамаса, алдағы 75 жылда Каспийден түк қалмайды.

Теңіздің тартылуының салдары әрине де кері. Су деңгейінің төмендеуі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан бірегей экожүйеге қауіп төндіреді. Бұған қоса, ол басқа нәрселермен қатар балық аулау мен тасымалдауға, жергілікті экономикаға әсер етуі мүмкін. Тіпті халықтар және мемлекет арасында қайшылықтар туғызуы мүмкін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *