«Информатика жұлдыздары» сайысы

Боздакбаева Гульмира Саттархановна

Мақсаты:
— информатика пәнінен білімдерін кеңейту, әртүрлі қызықты сұрақтар қою арқылы, оқушылардың білімдерін жетілдіру;
— оқушының пәнге деген қызығуын арттыру, ізденуін, танымдық деңгейін арттыру;
— оқушылардың өздігінен логикалық ойлауын, ортақ іске деген жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу;
Түрі: Сабақтан тыс іс – шара (Сайыс)

Дайындық жұмысы:
1. Әр команда өздерін таныстыру үшін атын, сәлемдесуін алдын  — ала дайындайды.

Қажетті көрнекіліктер: плакат,эмблема, видеопроектор, компьютер, шарлар, слайд, т,б
Плакаттар:
1. Компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.

  1. Құтқарып ауыр бейнеттен
    Техниканы үйреткен
    Роботтай адамды
    Тіл бітіріп сөйлеткен
    Компьютеремей немене?

Жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сайыс кезеңдері:
1. Командалардың таныстыруы
2.
 «Иә немесе жоқ» сайысы
3.  «Бәйге»  Flippity платформада сайысы
4. «Адасқан әріптер» сайысы
5. Тіл-өнер сайысы

  1. Кім жылдам сайысы. 
  2. Кім үздік. Flippity платформада онлайн тест. Сертификатпен марапаттау

ІІІ. Қорытындылау.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Мұғалім:  Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым отырсың ба елеңдесіп.
Ата — салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, мен оқушылар сіздермен бірлесе отырып, бүгін біз «Информатика жұлдыздары» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Әділ халқым берсін әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып
Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер

Қазылар алқасымен таныстыру

Бүгінгі «Информатика жұлдыздары» сайысын» 4 команда қатысады. Сайысымыздың 7 кезеңі болады.

  1. Командалардың таныстыруы (5 ұпай)
    Сайысымыздың шарты бойынша әр команда өздерін таныстырып өтеді:
    команданың аты және сәлемдесуі. Команда капитандар шар үрлейді. Кімннің шары бірінші жарылса сол команда сайысты бастайды.

Демеймін заман сөздері
Түбі бүгін өзгерді
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін   кез келді – дей отырып, кезекті таныстыруға береміз.

(1 команда «Интернет»
(2 команда «Компьютер»)

(3 команда «Алгоритм»)-7В
(4 команда «Программа»)

 

  1. «Иә немесе жоқ» ойыны сайысы (5 ұпай)
    Әр командаға сұрақтар беріледі. Сұрақтар қойылғанда Иә, Жоқ деп жауапты айтуы керек. Қанша сұраққа жауап берсеңдер сонша ұпай аласыңдар. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап бере алады.

 

▷ Spin the Wheel — Random Picker » Single or MultiWheel

 

  1. Компьютер миі жүйелік блок /иә
    Интернет пен байланыс жасайтын құрылғы модем   /иә
    3. Мәлімет енгізу құрылғысы пернетақта   /иә
    4. Ақпаратты шығару құрылғысы тышқан /жоқ
    5. Paint -графикалық редактор /иә
    6. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама калькулятор / иә
    7. Дауыс жазуға арналған құрылғы микрофон емес         / жоқ
    8. Жойылған нысандар орналасатын қапшық себет-корзина              / иә
    9. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы сканер     / иә
    10. Мәтіндік ақпартты енгізуге арналған бағдарлама Excel                  /жоқ
    11. Пернетақта қағаз бетіне басып шығару құрылғысы        /жоқ
    12. Компьютер ақпартты өңдеу құралы     / иә
    13. Ақпарат латын сөзінен шыққан       / иә
    14. Компьютердің негізгі құралдары монитор, жүйелік блок, пернетақта                    /иә
    15. Ең ұзын перне бос орын                /иә
    16. Қатқыл диск  жүйелік блоктын ішінде орналасқан             /иә
    17.Ақпаратты ұзақ мерзімге сақтауға арналған жады ол сыртқы жады               /иә
  2. Екілік кодтар 1,2 /жоқ
  3. «Microsoft» фирмасының президенті Билл Гейтс /иә
    20. Информатикадағы өлшем бірліктері бит, байт             / иә
  4. Wi-Fi сымсыз желі / иә
  5. 22. Компьютер мен көздің ара қашықтығы 10-20 см /жоқ
  6. Информатика сөзінде 2  байт бар         /жоқ
  7. Файл атында 256 символ бар /иә
  8. «Бәйге» сайысы
    «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермейік»
    «Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,- деген Абылайханның ойлы сөзімен келесі кезеңімізге көшейік.

Экранда  ұяшықтарда жасырын түрде сұрақтар болады.100,200,300,400,және 500 ұпайлық сұрақтар.  6 категориядан тұрады. Әр команда кезекпен ұяшықтарды таңдайды. Осы сұрақтарға жауап беру керек.

Flippity.net: Quiz Show

Тармақталған алгоритмде қолданылатын оператор      If  -else     /егер -әйтпесе/

Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі    /интерфейс

Экранға шығару операторы   /Print

Python-да жолдық шамаларды қалай өрнектейді?     /str

Python-да бүтін санды қалай өрнектейді?        /int

Санның модулін беретін функция         /abs

Деректерді тұрақты жадта ұзақ уақыт сақтауға арналған дискінің атау берілген аймағы  /файл

Буманы құру үшін қандай команданы орындайды?  /Контекстік менюден Создать -Папку- Ат беріп- Создать командасын орындау

Файл атында неше символ болады?   /256

Файлды оқу және жазу режимін қандай функция арқылы орындайды?      /Open

Белгіленеген объектіні көшіру пернелері:   /CTRL+C

Баспаға шығару пернесі      /CTRL+P

Тілдер регистрін ауыстыру  /SHIFT+ALT

Word-та жаңа парақ ашу      /CTRL+N

Болдырмау пернесі    /ESC

Excel-де формула қандай белгімен басталады?  /   =

Файлды сақтау  командасы     /Файл-Сохранить как

Файлдың кеңейтілімі     /docx

Жолдың соңына өту пернесі /and

Excel-де жұмыс парағында бағанның дұрыс белгіленуі?      /АB

Ұяшықтың мекен-жайы     F1

Excel-де жұмыс парағында жолдың дұрыс белгіленуі?     /18, 25

Excel порграммасында файлдың кеңейтілімі?      /xlsx/

Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм   сызықтық

Әрекеттер тобы бірнеше қайталанатын болса ондай алгоритмдер ….деп аталады     /циклдік

Логикалық амалдар көмегімен тұтас бір шартқа біріктірілген бірнеше қарапайым шарт

Құрамды шарттар

Шарт тексеру операторының құрамында екінші шарт тексеру операторы қолданса, онда мұндай шарт тексеру ………деп аталады.      Кірістірілген шарт тексеру

Орындалуы керек қадам белгілі бір шарттың орындалу немесе орындалмауына байланысты жүзеге асыратын алгоритм

Тармақталған алгоритм

  1. «Тіл өнер» сайысы (5 ұпай)
    Тартысайық сайыста, күш жігермен.
    Тартысайық қимас біз, дос көңілмен. –дей отырып ойынымыздың 4-ші кезеңін бастаймыз. Ойынның 4-ші кезеңі «Кім жылдам?»

 

«Тіл – өнер» жұмбақтарды шешу.
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор, монитор, monitor)

2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды ( бос орын, пробел)

3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус, тікенгүл-cactus)

4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта, клавиатура)

5. Батырмасын бассаң
Қажетті файлды ашасың (тышқан,мышь, маус)

  1. Жақтаулар арқылы шектеледі
    Бейне бетте төртбұрыш болып бейнеленеді

Жауабы: терезе, окно, windows

  1. Енгізу пернесі, ең басты перне?

Жауабы: енгізу-ввод-enter

  1. Қоқыс жәшігі?

Жауабы: себет-корзина-basket

9. Беттерге төрт жағынан қоршау жасайтын жақтаулар қалай аталады?

Жауабы: Шекара-Граница-Border

10. Жұртты өзіне қаратқан

Ақпаратты сақтап, таратқан: диск, диск, disk

5 КЕЗЕҢ. « Адасқан әріптер» сайысы (Әр сөзге 1 ұпай)
Мұғалім: Тез жауап бер ойланып тұрып қалма
Мәреге таяп қалды бұл жарыста –демекші «Адасқан әріптер» сайысын бастайық бұл сайыстың шарты: экраннан сөз беріледі, осы сөзден әрбір команда сөз құрастыру қажет. 5 минут уақыт беріледі.

І топ.
1. Нимотор (монитор)
2. Комтерпью (компьютер)
3. Ернетақтап (пернетақта)
4. Лайф (Файл)
5. Кулкальторя (Калькулятор)
6. Таусақ (Сақтау)

ІІ топ.
1. Иннеттер (интернет)
2. Микфонро (микрофон)
3. Канерс (сканер)
4. Ксид (диск)
5. Просорцес (процессор)
6. Ранкэ (экран)

ІІІ топ.
1. Шынтақ (тышқан)
2. Терпинт (принтер)
3. Тезере (Терезе)
4. Тайб (байт)
5. Кафлеш (Флешка)
6. Репне (перне)

IV топ

  1. Электринока (электроника)
  2. Ирусв (вирус)
  3. Қатта (тақта)
  4. еммод (модем)
  5. тби (бит)
  6. атақпар (ақпарат)
  7. «Кім жылдам» сайысы. Сөздерді құрастыру

Пернетақта, Бағдарлама, Информатика, Электроника

Интернет командасына 7Ә —Пернетақта
Компьютер командасына 7А—- Бағдарлама

Алгоритм тобына  7 В—Информатика

Программа тобына 7Б —Электроника

1 – топ. – Пернетақта.(перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет,….)
2 – топ. – Бағдарлама.(бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,…)
3 — топ. – Информатика(мата, информатик, ит, форма, формат, орман, ана, рим, ритм, ата, ар, ат,.)

4-топ –Электроника( электр, трон, лекор, лек, нар, ик, он, тон, тор, ток, кел, ал, ол, кен)

 

  1. 7. Кім үздік. сайысы

Әр команда мүшелері  онлайн тест тапсыру арқылы сертификатқа ие болады?

https://www.flippity.net/cq.php?k=16pVYnFOarOX8IpWVmiiJkpDQR-nP6wRylOSPp6dgDhc

ІІІ. Қорытындылау. Марапаттау.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы
Тағы да үйренеміз аман болсақ! –дей келе

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Жеңімпазды анықтап марапаттау. Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Информатика жұлдызы» сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен командаға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз.

Кездескенше  достар!

 

 

 

 

 

Кезеңдер  
Командалар 1-кезең

Таныстыру

2-кезең

«Иә немесе жоқ»

3-кезең «Бәйге» 4-кезең»

Тіл-өнер

Жұмбақ шешу

 

5-кезең

«Адасқан әріптер

6- кезең

Кім жылдам сайысы. Сөздерді құрастыру

7-кезең

Кім үздік

сайысы

Интернет 7Ә
Компьютер 7А
Алгоритм 7В
Программа 7Б

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *