Журналистің кәсіби этикалық қағидалары

Автор ретінде мақала шығарған журналиске мүліктік емес құқықтар қарайды – авторлық тану, жариялау құқы, қорғау құқығы. Жеке мүліктік емес авторлық құқықта материалдық мазмұн болмайды. Журналисте авторлық құқықпен  бірге өз есіміне де құқығы бар, бірақ ол құқық адамға туған кезден бастап берілетін жалпыазаматтық құқықпен сәйкес келмейді. Автор өз шығармасын қалауына қарай, бүркеншек атпен де және аты-жөнін көрсетпей де шығаруына болады. Автор өз шығармасына кең қауымға таныстыру үшін өз аты-жөнін қоя алады және оны кері шақырып алуға құқы бар. Сонымен, жеке мүліктік емес құқықтарды автордан бөлек қарауға болмайды. Сонымен қатар, «Авторлық құқықты пайдалану принципі» де бар. Бұл дегеніңіз, автордың шығармасы өзінің келісімімен азаматтық таралымға жіберіледі, содан кейін оның көшірмелері қаламақы төлемей-ақ, автордың келісімінсіз еркін таратыла береді. Бірақ міндетті түрде автордың аты-жөні мен қай жерден алынғандығын көрсету керек.

Авторлық шығарманы қалай рәсімдеп, қаламақыны қалай төлейді?

Бас редактор авторлық шартты ұсына отырып, болашақ шығарманы мүліктік құқық ретінде заңдастыруды ұсынады. Себебі, авторлық құқық арқылы басқа адамға автордың мүліктік құқықтары беріле алады. Авторлық құқықты беруді авторлық құқықтың басқа біреуге өтуімен (заң бойынша мұраға қалдырылу, өсиет) шатастырып жүрмеңіз. Кез келген авторлық шарттың мазмұны – мүліктік құқық беру, ал шарттың нысаны – мүліктік авторлық құқықтар болып табылады.

Бірігіп жазған шығармаға журналистердің құқы қандай?

Бірлескен авторлық шығарма — екі не одан да көп адамның бірлесіп дайындауы. Алайда бірлескен авторлықты процеске емес, нәтижеге қарап бағалайды. Маңыздысы – қанша адам жазғанында емес, шығармашылық еңбекке қайсысы және қаншалықты көп қатынасқанында. Егер адам шығармадағы идеяларды, айғақтар мен әдістемелерді өңдеумен ғана айналысса, онда ол адам шығарманың авторы немесе бірлескен авторы бола алмайды. Себебі ҚР «Авторлық және аралас құқықтар туралы» заңының 6-бабы 4-тармағында: авторлық құқық идеяға, концепцияға, принциптер мен әдістемелерге, жүйеге, процеске, айғақтар мен жаңалықтардың өздеріне тарамайды деп көрсетілген.

Авторлық құқық пен журналистік құпияның ара қатынасы қандай болуы керек?

Журналистің өз шығармаларына авторлық құқы бар. Ол өзінің осы құқығын толық пайдалана алады және оны басқаларының да – бұл жерде редакцияның сыйлауын талап етуіне болады. Автордың басты құқықтарының бірі – шығарманың авторы болып танылуы және өз атының аталуы. Заң мұндай жағдайларға орай үш әдісті қарастырған: өзінің шын атымен, бүркеншік атпен(псевдоним) және атын қомай-ақ(анонимно) шығару. Осы үш жағдайда да жеке мүліктік емес құқықтар тек авторға қарайды және шығармасын қай атпен(өзінің бүркеншік атпен немесе ат қоймай) шығару-ды ол өзі ғана шешеді. Және өткір тақырыпқа қатысты материал шығып жатқанда, жалған ақпаратқа жол берілсе, журналиспен бірге газет редакциясы да жауапқа тартылады.

Жайырова Нұрила

Тұран университеті 3 курс

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *