Жоғары білімнің өзектілігі

Кеше ғана мектеп бітірушілер бірыңғай ұлттық тестілеуден өтті. Жоғары балл жинап қуанғандары да, әттеген-айлап өкініште қалғандары да бар. Балаларының тілеуін тілеп сыртта сағаттап тапжылмай күткен ата-аналардың толқынысын сөзбен айтып жеткізуге болмас. Осының бәрі не үшін? Жоғары балл жинап, мемлекеттік грантпен оқуға түсу үшін.

Жоғарғы білімді жұмыссыздар

Жоғары білім алып, жұмыссыз жүрген жастар қатары жыл санап өспесе, кемитін түрі байқалмайды. Неге десеңіз, жоғары білім беретін оқу орындары біздің елімізде басқа елдермен салыстырғанда біршама көп екен. Көптеген пысықайлар ақша табудың сенімді жолы деп жоғары және арнаулы орта оқу орындарын ашып алған. Бір ғана Көкшетауда екі университет пен Астана қаласының бірнеше жоғары оқу орындарының филиалдары бар. Осы оқу орындарын жыл сайын мыңдаған жас мамандар бітіріп шығады. Олардың көп болса, 30-40 пайызы ғана өз мамандықтарына сай жұмыс тапса, қалғандары жұмыссыздар санын көбейтеді.

Мемлекет басшысы өзінің өткен жылғы жолдауында қазіргі қолданыстағы мамандықтардың жартысы енді бес-он жылдан кейін қажетсіз болып қалады дегенді айтқан еді. Қазіргі қарқынды даму бүгін қолданыста жүрген жалақысы мол мамандықтардың көбінің керексіз болып қалуын туғызатынын түсіну үшін данышпан болудың еш қажеті жоқ.

Осы орайда, ертең қажетсіз болып қалатын немесе оқу бітірген соң жұмыссыздар қатарына қосатын жоғары білім алудың қажеттілігі бар ма? –деген сауал туындайды. Қазір әлемдегі ең бай адам болып саналатын Гейтс, Баффет сияқты алпауыттардың жоғары білімдері жоқ екен. Олар жоғары білімсіз-ақ сонша дәулетке ие болып, мыңдаған адам жұмыс істейтін компанияларды басқарып отыр.
Панабаева Асем

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *