Жер ғаламшарының көрінісі

Қысқа мерзімді жоспар

Бекітемін

Мұғалімдердің

аты-жөндері:

Бастауыш сынып мұғалімі А.А.Саутбаева,

 

Күн: 20. 04. 17

пәні: Жаратылыстану

Сыныбы: 1 «Г»

Сабақ тақырыбы:

Жер ғаламшарының көрінісі

Сілтеме:

Білім стандарты, пән бағдарламасы,  оқулық

Жалпы мақсаты:

 Сабақ  барысында  оқушыларға  жалпы  Жер  туралы  түсінік  беру, жер  ғаламшарының қандай  болатыны  туралы  айтып   өту.Оның  пішіні  туралы   түсінік  беру.

 Балалардың  жер  туралы  білген  білімдерін  арттыру.

 

Күтілетін нәтиже:

Жер  ғаламшарының дөңгелек  екеніне  көз  жеткізу.

 

Негізгі идеялар:

Сабақ барысында оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы танымдық белсенділіктерін арттыру. Баяндау, пайымдау, рефлексивтік талдаулар жасауға бейімдеу.

Әдіс-тәсілдері:

1. ««Аялдамасы» стратегиясы. ,2. Синквейн әдісі

Тапсырмалар:

Топтық жұмыс, жеке жұмыс , жұптық жұмыс .Рефлексия 

 

 

 

Сабақ бойынша мұғалім жазбала-

ры

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

 

Топқа  бөлу:  Оқушылар  КҮН, АЙ, ҒАРЫШ, ЗЫМЫРАН топтарына  бөлінеді.

Оқушыларды  топтарға  бөлу, топ  ережесін  құру,  топтарда  рөльдерді  бөлісу

Оқушыларды  топқа   бөліп  орналастыру

Оқушылар  ғарыш  денелерін  таңдай  отырып   4  топқа  бөлінеді.

Мадақтау,  жылы  шырай  таныту,   оқушыларды  формотивті  бағалау  жүзеге  асырылады.

 

Оқушылар  әр  сұраққа  жауап беру  арқылы бір  зымыранды  алады.

 

 

 

 

 

 

Балалардың  жауап  берген  әрбір  сұрақтарына  алмалардан  беріп  отырамыз.

Алмаларды  санап  бірден  корытып  алда  келе  жаткан  топты  анықтап  кетеміз.

 

Ұйымдастыру  кезеңі:

Кіріспе: «Үшінші артықты»  тап  ойыны.

Аяз, боран, қаңтар

Жаңбыр, қар, өзен

Қалам, қарындаш, кітап

Тал, жапырақ, қарындаш

Дәптер, кітап, орындық

Ұшақ, тікұшақ, автобус

Велосипед, көлік, зымыран

Жұлдыз, ай, жер

Аспан, күн, топырақ

Гүл, ағаш,  жер

Оқушылар  үшінші артықты  тауып, не  үшін  артық  екендігі  туралы түсіндіріп  айтып  береді.

 

Жаңа  сабақ:  Жер   сөзі  артық  екені  туралы  балалар  өз  ойларын  айтады.  Содан  соң  балаларға  жер туралы  ұғым  беріледі. 

-Балалар қалай  ойлайсыңдар жер  қандай?

 

https://bilimland.kz/upload/content/lesson/13816/media/80137b7732c5adc3bf09b633b53345bc/content/script_00001/media/mcc_ge_ls_01_01_01i.jpg

Ежелгі үндістер көзқарасы 

Ежелгі үндістер Жер үш үлкен пілдің үстінде жатқан дөңес диск деп санаған. Жануарлар мұхитта жүзетін орасан зор тасбақаның үстінде тұрады, ал мұхитты киелі иілгіш жылан қоршап жатыр деп жорамалдаған.

Адамдар өзін қоршаған әлемнің құрылысын, ондағы болып жатқан құбылыстарды зерттеуге ежелден-ақ құмар болды. Көне замандағы әлем құрылысы туралы алғашкы түсініктер өте қарапайым және олар діни нанымдармен астасып жатты. Аспан мен Жер бөлек карастырылып, Жер дүниенің қозғалмайтын центрі ретінде қабылданды. Жердің бүкіл әлемнің центрінде орналасканы жөнінде қалыптасқан бұл көзқарасты Ежелгі Грекия ғалымдары дүниенің геоцентрлік жүйесінің негізіне алды. Мәселен, біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ойшылы, ғалым-энциклопедист Аристотель осы пікірді ұстанып, Жерді қозғалмайды деп есептеді.

           Шын  мәнінде  жер  қандай  екен?

          Жер  дөңгелек  екен.

          Жарайсыңдар, ендеше  барлығымыз  тақтаға  видеороликке  назар  аударайық. (Imektep  дүниетану)

          Балаларға  жердің  сұлбасын  көрсетемін, содан соң глобусты  көрсетемін ,  жер  6  құрлықтан  тұратынын  айтып  өтемін. 

 

Балалар  электронды  тақта  арқылы    жердің  бейнесін   тамашалайтын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жердің  қандай  екенін  айтып  береді.

 

4  топқа  тапсырмалар  беріледі.

1 – топка   тест

2 – топқа  сәйкестендір

3 – топқа  ауызша  сұрақтар

4 – топқа  ауызша тапсырмалар 

Әр  топтың  оқушылары  сұрақтарға  жауап  береді.

Жауап  берген  оқушыға  глобус  тәріздес доп  беріледі

 

 

          Жарайсыңдар  балалар,  сендерге  доп  берілді,  бұл  доп  кандай  пішінді?

          Дөңгелек

          Өте  жақсы, ол  неге  ұқсайды?

          Жерге

          Ендеше  осы  доптардан  жерді  жасауымыз  керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  допқа  жер құрлықтарын  желімдейді.

Содан соң оларды  мадақтау  арқылы зымыранды  беремін.

           Балалар  сендерге  бүгінгі  сабақта  барлығы  түсінікті  ме?

          Ендеше қолдарымыздағы  жердің  сұлбасын,  яғни  өз  қолдарыңмен  жасаған  глобусты мына  жетістік  баспалдағына  қоя  қойыңдар. Бұл  баспалдақты  өздерің  білесіңдер

          «Қызыл»  ештене  түсінбедім

          «сары»  орташа  түсіндім

          «Жасыл»  барлығын  өте  жаксы  меңгердім

Балалар  өздерінің  жасаған   глобустарын  жетістік  баспалдағына  қояды.

 

           Керемет  оқушылар. Ал  жаңа  сендердің  жасаған  глобустарыңа өте  жақсы   деген  баға  ретінде  зымыран  берілді. Ал  осы  зымыран  Қазақстанда  ұшырылады ма?

          Ия

          Қай  қалада?

          Байқоңырда.

          Жарайсыңдар  өте  керемет.  Ендеше  қолдарыңдағы  зымыранда  3  терезе  бар. Сол  терезелерді 3  түстің  біреуіне  бояйсыңдар.  Яғни, егер сабақ  ұнаса жасыл, орташа  ұнаса  сары, ал егер  мүлдем  ұнамаса  қызыл түске  бояйсыздар.

          Содан  соң  мына  картаға  яғни  Байқоңыр  картасына  желімдейміз.

  Балалар  зымыранды  картаға  желімдеу  арқылы  өз өздерін  бағалайды.

 

 

Ендеше  не  ұқтық? 

           Жер  қандай  екен?

          Жер  нені  айналады?

          Жерде  неше  құрлық  бар?

          Қанша  бөлігін  су  алып  жатыр?

          Неше  планета  бар  екен?

          Ғарыш  қандай ?

Балалар  сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  бүгінгі  ұғымдарын  қорытындылайды.

 

 

Осылайша  балалар  бүгінгі  сабағымыз  аяқталды.

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *