«Жас Алаш» газеті

«ЖАС АЛАШ» – ҚАЗАҚ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Қазақ публицистикасының тарихына көз жіберетін болсақ, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары саласында небір көрнекті басылымдар бой көрсетіп, ақпараттық бағытта қарқынды жұмыс жүргізді. Осы тұрғыда қазақ публицистикасының тарихы бірқатар басылымдардың есімімен қатталып жазылып тұр. Соның ішінде отандық БАҚ-та «Жас алаш» газетінің орны айрықша саналады.

«Жас алаш» газеті өзінің тарихында сан қилы кезеңдерді бастан кешіріп, халыққа анық әрі жылдам хабар таратуда ерекше қызмет атқарды. «Жас алаш» газеті 1921 жылдың 22-наурызында Ташкент қаласында жарық көрді. Оны шығарушы – Ғ.Мұратбаев, ұйымдастырушысы – Ташкенттегі қазақ-қырғыз институтының студенттері болатын. Кезінде «Оның тұтқан жолы, көздеген мақсаты – қазақ, қырғыздың еңбекшіл жастарының ұлы дәуір ұранына қамдамақ, төңкеріс ағымымен таныстырып, көзін ашып, көңілін оятпақ. Қазақ, қырғыз еңбекшіл жастарын ұрандастырып, ұйыстырып, бытыраңқы бастарын қосу» деп түсіндірілді. Бірінші нөмірде І.Жансүгіровтың «Жас замандастарға» деген бас мақаласы, «Жалпы жасқа» арнаған өлеңі жарияланды. С.Есова қазақ-қырғыз қыздарына революцияның не бергенін, ендігі міндеттерін түсіндірді. Екіншіден, «Ер-азамат жастарға» арнауында оларды ұйым болып бірігуіне үндеді.

«Экономика – қоғам дамуының басты діңгегі».«Жас Алаш» газеті бұл мәселеге атүсті қарамаған.Еліміздің экономикасына аса назар аударып, арнайы айдармен газет бетінде орын алған. Бұл айдардың негізгі мақсаты – аймақтың экономикасын тез арада дамытып, оның сала-салаларын тереңдетуге айрықша мән беру. Жаңа сәтті қадамдар көп жасалынды. Мәселен, облыстың экономикасын бұрынғы даму деңгейіне көтеру үшін, өзендеріне кішігірім су электр стансаларын салу, сөйтіп бұл өңірді арзан электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында небір тың іс-шаралар жүзеге асырылды. Даңғайыр диқандардың бай тәжірибелері газет бетінен барынша кеңінен насихатталады. Бұл айдардың жауапты шығарушысы Болатбек Абаған болды.

Газеттің әр сенбісінде «Тұлға» айдары үзбей беріліп тұрады. Мұнда еліміздің ертеңі үшін қызмет істеп, еңбек еткен азаматтарымыздың өміріне тоқталып, сол жайлы мәлімет беріп отырған. Осы айдардың арқау еткен тақырыптарының ішінде маған ең ұнағаны «Дара тұлға, дана басшы» деген тақырыпта Д.Қонаев туралы естеліктер болды. Осыны оқи отырып, Д.Қонаевтың басқаша қырынан танып, көзқарасым өзгерді. Әрбір газеттің соңғы беті облыс қауымының қуанышымен бөлісіп, қайғысына ортақтаса біледі. Сонымен қатар «Сөз – маржан» деген айдар әрдайым шығып отырған. Бұл «Жас Алаш» газетінің этнографиялық-танымдық бөлімі. Мұнда даналардың сөзі, ұлылардың ұлағатты сөздері, билер бітімі жарияланып тұрады. Бұл айдардың негізгі көздеген мақсаты – ұрпағымызға ұлтымыздың ұлы істерін дәріптеп, ұмыт болып бара жатқан өнерімізді жаңғырту.

Газет өз еліміздің хабарын ғана емес, өзге елдің өзекті жаңалықтарынан хабардар етіп отырған. «Жұмыр жер» айдары шет елдердегі болған таңғаларлық, қызықты мәліметтерді жария етеді. Алғашында оқырмандар бұған сенімсіздік танытады. Алайда «естімеген елде көп» деген бар емес пе, барлығы шындыққа келіп тіреледі. Басылым бір ғана бағытпен жүрмей, қоғамның әр саласын қамтитынын әрбір бетін парақтай отырып көз жеткізесіз. Экономика, әлеумет, мәдениет, әдебиет салаларындағы елеулі жаңалықтарды жеткізіп, оқырманды хабардар етіп отырған.

Қорытындылай келе, республикалық «Жас алаш» газетінің осындай міндеттемелері мен ерекшеліктерін атап өттік. Расында, республикалық «Жас алаш» газеті бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары саласында ерекше қарқынмент қызмет етуде. Сондықтан, «Жас алаш» газеті еліміздегі белді де беделді басылым ретінде саналады.

Омарова Ұлана

жалпы журналистика

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *