Ақпарат дайындау барысындағы журналисттердің қызметтері

Жаңалықтар – бұл күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі, ақпаратсыз қоғам дамымайды. Бір-бірімізге айтқан тұрмыстық айтқан хабардың өзі ақпарат, саяси мінберден айтылған хабарландырулар да ақпарат. Ал оны қоғамға жеткізуші – журналистер. Журналистика халықтың айнасы, қоғамдағы өзекті мәселелерді жарыққа шығарушы, оның оң шешілуіне атсалысатын бірден-бір маман.  Дегенмен журналистика мамандықтан бұрын адамдыққа негізделген кәсіп. Жазушы Шерхан Мұртаза айтқандай, жегені жантақ, арқалағаны алтын.

Журналист десе ақпарат, ақпарат десе журналистика араласа кететіні бар. Себебі де жоқ емес. Жоғарыда айтқандай, журналистің ең әуелгі міндеті –ақпаратты барынша нақты, шынайы әрі жедел тарату. Ақпарат дайындауда жаңалықтар қызметін мысалға ала отырып айтсақ. 2021 жылдың 26 тамызында сағат 19:10-да Байзақ ауданы, Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің No28349 әскери бөлімінің (инженерлік бригада) оқ-дәрі қоймасы жанды. Бұл кезде отандық телеарналар тілшілерін оқиға орнына жіберді. Енді бұл жерде журналист ақпаратты қалай дайындау керек дегенге тоқталсақ:

  1. Жарылыс қай жерде болды?
  2. Жарылыс неден болуы мүмкін? (себебі оның шешемі бірнеше айдан соң зерттеу қорытындысында айтылады. Ал біз сол салаға қатысты мамандарды іздеп тауып, сұқбат алуымыз керек)
  3. Жарылыстың салдарынан қанша адам қаза тапты, қаншауы жарақат алды? (Қорғаныс министрлігі, ішкі істер министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, төтенше жағдай министрлігіне сұрау саламыз, облыстық жауапты органдарға хат жазамыз және жауап тезірек беруін сұраймыз)
  4. Нақты оқиғаны көзбен көрген адаммен сұқбат
  5. Тұрғындар эвакуацияланды ма?

Міне, осы сұрақтарға жауап алу арқылы толыққанды сюжет жасап шығуға болады. Бұл жерде ең бастысы репортер оқиға болған жерге барып, көзімен көріп сезінуі керек. Сонда шынайы, көрермен көңіліне жағатын хабар болады.

Осындай төтенше жағдай кезінде журналистерді аймаққа кіргізбеуі мүмкін, себебі олардың өміріне де қауіп төніп тұрады. Осы жарылыс кезінде жамбылдық журналист Данияр Әлімқұл кәсіпкердің ауласында жинақталған снарядтарды көрсеткені үшін тергеуге алынды. Бұл жерге журналист нақты жарылыс болған аймаққа емес, сюжет дайындау кезінде кәсіпкердің ауласынан снарядтарды көрсетті. Әріптесі тергеуге алынғандықтан, көптеген қазақ журналистері қарсы қол жинады. Ирина Советжанқызы: «Шұғыл! Қол жинаймыз! Жарылғаны рас. Жарған Данияр Әлімқұл емес!
Құрметті әріптестер, Жамбылдағы жарылыстың жаңғыры басылмай жатып әріптесіміз Данияр Әлімқұл әлі белгісіз себеппен тергеуге алынды. Телефоны тәркіленіп, өзінен тіс жармауға қол хат жаздырып алынған. Бізге белгілісі Даниярдың құзырлы органдарынан шақырту алғанына Байзақтағы кәсіпкердің ауласындағы снарядттарды көрсетуі себеп. Сонда егер қауіпті затты көрсең үндемей кету керек пе? Жемқорлықты, ұрлықты, жалпы қылмысты істі көрсең айналып өтуіміз керек пе? Снарядтың дүмпуінен Даниярдың сюжеті елге, қоғамға қауіп төндірді ме? Бүгінде БАҚ мен жергілікті билік арасы күннен күнге алшақтап бара жатқаны, сорақысы оған жауаптылардың қыңқ демей отыруы алаңдатады. Сондықтан, бүгін сағат 15:00-де Жамбыл облыстық прокуратураның алдында әріптесімізді қолдауға шақырамыз. Жарылғаны рас. Жарған Данияр емес. Бөлісуге мархаббат!, – деп жазды журналист. Өзге де журналистер Данияр Әлімқұлды қолдап, пікір білдірді. Көп ұзамай журналистті дәлел мен дәйектердің жеткілікті болмауына байланысты босатты.  Бұл оқиғадан байқағанымыздай, журналист ақпарат алуда ештеңеден тайсалмай, көрген дүниесін жариялап тұр.

Ал мерзімді басылымда мақала жазу телеарнаға жаңалық берудегі форматы өзгерек. Әуелі мақаланың не туралы жазылатынын, не мақсатта жазылатынын анықтап алу керек. Мәселен, ғылыми мақала мен балаларға арналған мақаланы шатастырмау керек. Адам жасына қарай ақпаратты түрліше қылып береміз. Жазатын мақала өзекті болғаны жөн. Ол тақырыпты өзге ешкім, ешқашан жазбаған болғаны дұрыс. Егер талқыланып жүрген мәселе болса, басқа қырынан қарап, мамандар пікірімен ұштастыру керек. Тақырыпқа жаңа ойлар қосыңыз. Мақаланы оқи отырып, оқырман ой қорытып, сараптама жасауға ықпал ету керек. Сауаттылықты ұмытпаған жөн. Себебі журналистердің ең басты қаруы – сауатты жазу. Ал ғылыми мақалалардың берілу әдісі бөлек. Зерттеулер жүргізе отырып, сізге дейін осы уақытқа дейін жазылған дүниелерді қорыта, өз ойыңызды жеткізесіз. Қай салада болмасын, әуелі шындық керек. Ал журналистика адалдықтың жібі, жақсы мен жаманның ара-жігін ажыратуға көмектесетін, ақпартты дәл уақытында жеткізетін, қоғамға ой салатын, алға дамуына ақпал ететін төртінші билік.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *