ЖАСТАРДЫ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ РУХЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ

ЖАСТАРДЫ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ РУХЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ
Тусупбекова Гулнур Абдиганатовна
«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ

Жастардың білімі мен кемелді болашағы қай кезде де қоғамды көп толғандыратын мәселе болған. Сондықтан қоғам өз мұрасын, мәдениетін және құндылықтарын кейінгі ұрпаққа қалдыруды алдына мақсат етіп қояды. Елдің ертеңгі іргесі берік болу үшін бүгінгі жастар сапалы білім алып, білікті мамандар қатарын толықтыруы қажет. Әлемдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, жылдам өзгермелі жаһандану үрдісінің қозғаушы күші – білім мен ғылымды, жаңа технологиялар мен ақпараттарды жетік игерген адами капиталы жоғары мемлекеттердің енші¬сінде. Аталмыш бәсекеде елдің ересек топтарына қарағанда жас¬тардың инновациялық әлеуеті, тез қабылдағыш зейінділігі, баста¬машылдығы мен белсенділігі қоғам дамуының алғышартына айналып отыр. Бұл біздің мемле¬кетіміз үшін де заңды құбылыс.[6]
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда Елбасы Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқараспен бөліседі.[2] Елбасы бағдарламасы – рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышаны! «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» атты бірінші бөлімнің «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты алты тармақ және «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімдегі ойлар мен идеялар ұлттық мемлекеттілікті нығайту мен сақтаудың айқын да нақты көрінісі. Мақалада айқындап берген жаңғырудың алты бағытының бірі-білімнің салтанат құруы. Білімді, көзі ашық,көкірегі ояу болуға ұмтылу-бізідің қанымызда бар қасиет. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті ,аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.[4], [1]
«Халықты халықпен, адамды адаммен теңдестіретін білім»,-деп ұлы жазушымыз Мұқтар Әуезов айтқандай, тәуелсіздік алған елімізді өркениетке апарар жолдың бастауына әрдайым білім ордасы тұрады. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім-ең мықты білім, оның нәрін бойына сіңірген ұрпақ елімізді гүлдендіріп, болашағымызды дамытады. Сол білімді шәкірт санасына себуші ұстаз.
Оқу қашан да ізгіліктің құра¬лы. Сондықтан жас ұрпаққа Президентіміз Нұрсұлтан Назар¬баевтың «Қазақстан жолы» кіта¬бын оқуды ұсынған болар едім. Сондай-ақ, елімізде білімді, бірнеше елдің тілін білетін, халықаралық әйгілі компанияларда беделді қызмет атқаратын қаншама жастар бар, қаншама ғылым жолында тер төгіп жүрген тұлғалар бар. Сондай адамдарды жастарға үлгі етіп көрсету керек. Ғылыми жаңалығының себебімен мил¬лиардер атанған Стив Джобс, Билл Гейтс сияқты үлгі ететін тұлғалар жоқ болуынан біздің жастардың ғылыммен биік деңгейге жетемін, яғни ғылым арқылы мол қаржы табамын деген түсінігі бәсең. Әлемде иннова¬циялық жобалар адам санынан да көптеп өмірге келуде. Егер осы жолды ұстансақ, елімізде білім-ғылымға бет бұратын жас¬тар¬дың потенциалы артатынына сенеміз. Өскелең ұрпақ тәрбиесінде «қазақстандық патриотизм» білімге құштарлық пен әлемнің жаңашылдыққа бағытталған сандық технологияларын (цифровизация) игерусіз түпкі мақсатына жетпейтіні анық. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде өзегі өзгермейтін мәселенің бірегейі – «Білімнің салтанат құруы» бағыты. Бұл орайда өскелең ұрпақтың бойына саналы түрде ес білгеннен бастап «білім» категориясының адам өміріндегі басты құндылық екенін сіңірту, дәріптеу ісі дұрыс жолға қойылуы керек. Білімі таяз адам саналы түрде патриот болуы екіталай. Сондықтан «Саналы азамат» тәрбиелеуде білім алудың, алған білімі арқылы еліне қызмет жасау қағидалары негізгі діңгек болып табылады. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыру процесіне шынайы іс жүзінде қатысуға деген белсенді қызығушылығымен, қоғамдық өмірдің түрліше жақтарына, өзінің әлеуметтік бағдарларына деген даралық көзқарастарымен ерекшеленуі тиіс. Олар еліміздің әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени дамуының анықтаушы күші де болып табылады. Олай болса, студент жастардың тұрмысы мен болмысына, тәлімі мен тағылымына үстірт қарауға болмайды.
Біз ата дәстүріне сүйене отырып, халқымыздың өркениетті елдер қатарына жетуін армандаймыз. Қазіргі кезеңде «Жаңа қазақстандық патриотизм» ұғымына зор мән берілуде. Көп ұлтты Қазақстан халқының отансүйгіштік сезімін қалыптастыратын – азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығында.
Жүсіп Баласағұн: «Адамға екі-ақ нарсе тірек тегі, бірі-тіл, бірі діл жүректегі»,-деп бекер айтпаса керек. «Тіл», «діл» ұғымдары рухпен байланысты. Рухтың мекені адамның жүрегі, жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат, жігер.
Жүректен шыққан сөз жүрекке қасиетті тіл арқылы дариды. «Жүрегі айна, көңілі ояу, сөз тыңдамас ол бояу»,-деп дана Абай толғағандай рухани дүниесі бай, кіршіксіз таза ұрпақ өсіру, ұлттық тәлім тәрбие тағылымын негіз ете, жүрек тәрбиесі арқылы бала бойына жол табуымыз қажет.[3]
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды. Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар қашанда белгілі бір ұлтқа, ұлысқа жатады. Қазақ халқы ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған. Оны Қазыбек би өз сөзінде былай келтіреді: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз;ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі-тұзын ақтай білген елміз; асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз.Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды» дей отырып, қазақ халқының өз елін, жерін қорғаудағы қажырлығын, жанын аямайтын патриоттығын, такаппарлығын көрсетеді. Олай болса, біз жастарға осындай ұлағатты сөздерді санасына сіңіру арқылы, оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын силауға, Отанын сүюге, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуға бағыт береміз.[2]
Ата-бабаларымыз Отанды қорғауда жан-тәнін аямай, патриотизмнің ең озық үлгісін көрсеткен. Себебі, ол табиғаттан, ұлттық тәрбиеден берілген сезім болатын. Қазыбек би: «Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, көшінің соңы болады», – деген. Осындай аталы сөздер ғасырлар бойы халқымызды жігерлендіріп, қанына сіңген қасиетке айналған. Біз әлі де осы қасиеттен ажыраған жоқпыз. Алайда ендігі мәселе ұлттық патриотизм үлгісін жаңа қазақстандық патриотизммен ұштастыру, басқа ұлттарға өзіміздің елімізді, жерімізді, ұлтымызды, мемлекетімізді сыйлауына жол, бағыт көрсету болмақ. Бұл, әрине, құптарлық мәселе.
Жалпы Қазақстанда тұратын халықтардың қазақ халқының ұлттық тарихына деген қызығушылығын дамыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру оның патриоттық сезімін тәрбиелеуде негізгі бағдар болады. Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады. Қазақстанның патриоты дегеніміз:
 Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарап, шын ниетімен қадірлеуі.
 Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы.
 Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімінің болуы.
 Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға ынталы болуы т.т.
Дәл бүгінгі шақта көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Қазақстанның кез келген азаматын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің орны бұрын да бөлекше болған, бүгін де маңызын жойған емес. Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ – қазақ жастарының қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз анық. Келешекте ел тізгінін қолға алатын жастардың барынша білімді, жан-жақты, білікті болуы қаншалықты маңызды. Ұлы дала ұландарының кемел болашағы, «Мәңгілік Ел» ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ойлау, бәсекелік қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету мақсатындағы әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, терең білімді, ізденімпаз, шығармашылық қағиданы ұстанатын тұлғаны тәрбиелеу ісінде «жаңа қазақстандық патриоттық тәрбие беру» мәселесінің маңыздылығы ерекшелініп тұр. [5]
Ұлы Дала елінің ғаламат тарихы мен қайталанбас құнды¬лықтары туралы салиқалы ойлар айтып, ұрпаққа ұлағат бола¬тындай игі істер атқару бүгінгі ұрпаққа міндет, келешек ұрпаққа аманат.

Аннотация: стимулирующих модернизацию патриотического сознания и духовно-национальных ценностей; модернизация патриотического воспитания молодежи, привития пробуждения национального сознания, в сознание молодого поколения, уважение к родному народу, любовь к родине, привития чувства гордости и национального патриотизма.

Abstract. Stimulant modernization of patriotic consciousness and spiritually-national values; modernization of patriotic education of young people, привития of awakening of national consciousness, in consciousness of the young generation, respect to the native people, love to the motherland, привития of sense of pride and national patriotism.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Рухани жаңғыру сананы жаңғырту. Алаш айнасы. 24.10.2018ж
2. Рухани жаңғыру ұлт болашағы. Ұстаз тілегі. 30.09.2019ж
3. Қазақстанның би-шешендері. Алматы 1993ж
4. Н.Ә.Назарбаевтың жолдауларынан
5. Qazaqstan tarihy порталы. Жаңа Қазақстандық патриотизм. 30.07.2018ж
6. Almaty aqshamy. Ұлы даладағы жаңа патриотзм. 7.10.2015ж

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *