Жасай бер, қыран елім, Қазақстан!

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

Алимбетова А.Ж., Хайдарова А.Ж., аға тәлімгер Қасымхан Ұ.

 

25 қазан – ел тарихында алтын әріппен жазылған айтулы күн. Республика күні – ұлттық мереке.  Бұл күн —  қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Олай дейтініміз,  ұлттық құрылтайдың Ұлытауда өткен жиынында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек» деген болатын.

Ұлттық мерекемізді ұлт ұрпағының жадында мәңгі сақтау әрі жаңғырту мақсатында №104 жалпы білім беретін мектепте Республика күні мерекесіне орай жоғары деңгейде түрлі іс-шаралар өткізілді.

Мектептің кіреберісінде «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қабырға газеттері «Жасай бер, қыран елім, Қазақстан» тақырыбында ілінді. Мектеп дәлізінде оқушылар шығармашылығынан сурет көрмесі, қолөнер бұйымдарының көрмесі  және «қазақ дастарханы» бұрышы жасалды. Ұлттық мерекемізді ұлықтауда оқушыларымыз еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен қарайтына тағы бір мәрте куә болдық.

«Жасай бер,  қыран елім Қазақстан» тақырыбында мектептің мәжіліс залында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларының орындауында патриоттық әндер айтылып, ұлттық билер орындалып, патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқылып, мереке қарсаңында өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік іс-шараға ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысып, іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуіне өз үлестерін қосты. Республика күні  ұлттық мерекемізді бүгінгі күні  шәкірттеріміз жүрегімен сезіне білді. Егемендік — елдің ең басты тұғыры, ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы.

Иә, Республика күні – ұлтымыздың ұлық мерекесі ғана емес, Президентіміз ұсынған Жаңа һәм Әділетті Қазақстанның берік бастауы. Ал оның қайнарында Егемендік декларациясы тұрғанын барша қазақстандық әрқашан жүрек төрінде сақтауы керек. Олай болса біз, 104 жалпы білім беретін мектеп ұжымы сіздерді ұлттық мерекеміз 25 қазан Республика күнімен құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *