«Жабайы жануарлар. Түлкі»

Білім салалары: Таным. Шығармашылық.

Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу қызметтері: Жаратылыстану. Жапсыру.

Тақырыбы: «Жабайы жануарлар. Түлкі»

Мақсаты: Орманда мекендейтін жабайы жануарлар туралы, жабайы жануарлардың қозғалыс тәсілдері, өмір қалпы туралы түсініктерін қалыптастыру. Ой белсенділігін, бақылау, талдау, тұжырымдар жасау дағдыларын дамыту. Тіршілік иелеріне ізгі қарым-қатынасты тәрбиелеу. Негізгі пішіндерге бөліктерді жапсыруды, түлкіні қағаздан құрастыруды, шығармашылық көзқарасты, қиялдауды дамыту.

Әдіс тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, жапсыру.

Көрнекіліктер: Қызғылт сары түсті қағаздар, желім, ақ қағазға салынған түлкінің бейнесі.

Жүру барысы:

Шаттық шеңбері. Күніміз ашық болсын, Заманымыз тыныш болсын. Ауамыз таза болсын, Жан-жануар,адамзат аман болсын.

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі күніміз өте жақсы күн болып басталды, себебі біздің тобымызға қонақтар келіп отыр. Қанекей қонақтарға сәлем берейікші.

Қимылды ойын: «Қасқырмен қоян»

Балалар ойын сіздерге ұнады ма? Олай болса орынымызға жайғасайық.

Слайд: «Туған өлке» слайд арқылы балаларға туған өлкенің видеосын көрсету.

Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу.  Солайма балалар?

Аманбол:

Көгінде күн нұрын төккен

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем!

Иә балалар, Біздің өлкеде биік биік асқар тау, мөп мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның алтын бесігің», «Отаның жоқтық нағыз жоқтық» деген дана халқымыз бекер айтпаған. Өз отанын сүю, өз ана тілін ардақтау, әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Беу туған жер !

Сен ыстықсың біздерге

Мың – мың дастан жатыр

Халқым басқан іздерде

Тұнып жатқан тарихынан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме!

Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.

Балаларға слайд арқылы жабайы жануарлардың суреттерін көрсету. (қасқыр, түлкі, қоян, аю)

Балалар сендерге жұмбақ жасырайын:

Халық «қу» деп,

Қылған күлкі

Айласы көп

Бұл не?

(Түлкі)

Дұрыс балалар дәл осы түлкіні бүгін шеберханамызға барып, қызғылт сары қағаздан, дәстүрден тыс әдісі арқылы түлкіні жасаймыз.

Балалар жұмыстарын жасап болған соң түлкі қонаққа келеді.

Әндетіп түлкі келеді

Мен түлкімін, түлкімін,

Біреулерге күлкімін.

Кейбіреуді алдаймын,

Екіншісін арбаймын.

-Сәлеметсіздерме балалар! Сендер не жасап жатсыңдар?

-Қош келдің түлкі. Біздер сенің достарыңды жасап жатырмыз.

-Қандай керемет. Менің достарым көп болатын болды. Балалар мен туралы тақпақ білесіңдерме?

Гүлсая:

Түлкі деген қу ғой

Жүрген жері шу ғой

Жатып алып жағада

Іздегені ду ғой.

Аяна:

Ах, ты рыжая плутовка

Не маши свойм хвостом

Знаю я твой уловки

Ты не прячься за кустом

Не высматривай добычу

И в курятник не спеши

Добывай себе ты пищу

Лучше где нибудь в глуши.

Аделя:

Папа-лис, лисица-мама

Дом-нора уних, не яма

Там темно и тесновато

Но зато всегда лисята

В безопасности резвятся.

Сергіту сәті:

Ойын: «Түлкі мен қояндар»

Түлкі ортаға шығып әндетеді.

Түлкі, түлкі, түлкімін,

Тұла бойым күлкімін.

Міне үшкір тұмсығым,

Бұлаң-бұлаң құйрығым

Текке өтпейді бір күнім.

Қояндар әндетіп қимыл жасайды.

Ойнақтаған ор қоян,

Түлкіні көріп орманда

Орғып-орғып секірді,

Бұтаға барып тығылды.

Түлкі: (қолын шошайтып)

Қап, бәлем қояндар! Мен сендерді келесі жолы міндетті түрде табамын.

Түлкі кетеді.

Балалар бүгін шеберханада не жасадық? Қонаққа кім келді?

Балаларды мадақтау.

Балалар: Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонаққа ,

Сау болыңыз деп айтамыз.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *