Республикалық білім порталы

Top Menu

  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат
  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

Main Menu

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Сауат ашу
      • Әдебиеттік оқу
      • Дүниетану
      • Жаратылыстану
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • Математика
    • Физика
    • Химия
    • Геометрия
    • География
    • Информатика
    • Ағылшын тілі
    • Биология
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Дефектология
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Логопедия
    • Орыс әдебиеті
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс тілі
    • Өзін-өзі тану
    • Сынып сағаты
      • Тәрбие сағаты
    • Технология
    • Шет ел тілі
  • Колледж пәндері
  • Балабақша
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • ПАЙДАЛЫ
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Lost Password

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат
  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

logo

Header Banner

Республикалық білім порталы

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Сауат ашу
      • Әдебиеттік оқу
      • Дүниетану
      • Жаратылыстану
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • Математика
    • Физика
    • Химия
    • Геометрия
    • География
    • Информатика
    • Ағылшын тілі
    • Биология
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Дефектология
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Логопедия
    • Орыс әдебиеті
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс тілі
    • Өзін-өзі тану
    • Сынып сағаты
      • Тәрбие сағаты
    • Технология
    • Шет ел тілі
  • Колледж пәндері
  • Балабақша
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • ПАЙДАЛЫ
  • ЗЕРТТЕУ САБАҒЫ: Химия сабағында оқытудың визуалды әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың академиялық тілін дамыту.

  • «Мен таңдаған өмір»

  • Желілік қауымдастықтың ЖОСПАРЫ

  • Мен саған есіртĸі жайлы айтып беремін.

  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.

  • Бағалау түрлері

  • Үйкеліс күші

  • Елжандылық – тәрбие діңгегі

  • САЛҚЫН ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ТАҒАМДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Қазақстан тарихы
Home›Қазақстан тарихы›ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ

ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ

By
7 января, 2021
159
0

ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын зор қызығушылықпен оқып шықтым. Егемен ел болғаннан бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолымызға терең ой жүгіртіп, талдау жасап, кезеңдеу арқылы әр белесіміздің қазіргі тарихымыздағы орны мен ерекшеліктері  жан-жақты айшықталған екен. Жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз ой елегінен өткізіліпті.

КСРО ыдырап, тәуелсіздікке аяқ басқан шақтағы өтпелі кезең өте қиын болды. Жас, буыны қатпаған мемлекеттің алдында алынбас қамалдай болып, орасан зор проблемалар тұрды. Дегенмен, «Асу бермес асқар жоқ» деген біз тәуелсіздік жылдары алдымызда тұрған небір бөгеттер мен үлкен белестерден өттік, көптеген қиыншылықтарды еңсердік.

Мемлекет басшысы бұл бағдарламалық мақаласында айтқандай: «Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді. Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Бірақ, ұлт пен ел ретінде сақталып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек». Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Оны көзіміздің қарашығындай қорғауымыз, сақтауымыз және одан әрі нығайтуымыз керек.

Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс. Азаттық таңын өз көзімен көрген алдыңғы буын болмаса, кейінгі жастар өткен ғасырдың 90-жылдарындағы тарихи оқиғалардың тереңіне бойлап, мәнін жете түсіне бермейді. Тәуелсіздікке тағдырдың бере салған сыйы ретінде қарайды. Шын мәніндегі ахуал олай емес.

Бұл бір, екіншіден, Мемлекет басшысының айтуынша: «Елбасы сол кездегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және басқа да жағдайларға байланысты жеті рет емес, жетпіс рет өлшеп, бір рет кесуге мәжбүр болды. Біз тығырықтан шығар жолдың саңылауы да көрінбейтін қиын күндерден қақтығыс пен қантөгіске ұрынбай аман шығып, ешкімге есемізді жібермей, жаңа сипаттағы Қазақ мемлекетін құрдық. Бүгінгі және болашақ ұрпақ мұны әрдайым біліп отыруы керек».

Ия, шынында да солай. Сондықтан, қазіргі және кейінгі ұрпаққа Тәуелсіздік дәуірінің тарихын, мәнін, маңызын, бар шындығы мен қыр-сырын жан-жақты ашып көрсету, ұғындыру, түсіндіру бүгінгі тарихшы-ұстаз, педагог және ғалымдардың алдында тұрған маңызды міндет. Сол үшін Отанымыздың ежелгі және ортағасырлардағы тарихымен қатар Қазақстанның жаңа тарихын да жүйелі зерттеген жөн. Осы бағытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінде осыған дейін де іргелі жұмыстар жүргізіліп жатса, енді профессор-оқытушылар құрамы бұл мәселеге ерекше назар аударып, білім беру және зерттеу арнасын одан әрі кеңейте түседі. Бұл – ұлт тарихын дәріптеу тұрғысынан алғанда стратегиялық маңызы бар мәселе және тарихи сананы жаңғырту мәселесінің түйіні болып табылады. Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуы тиіс. Президент айтқандай, бөтен идеологияның жетегімен жүруге болмайды. Әлемді мүдде билейді. Әрине, мүдденің деңгейі әртүрлі: жеке адамның мүддесінен бастап, ұжымдық, топтық және ұлттық мүддеге дейін. Соның ішінде, ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған тарих ұрпақтың санасын оятып, жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазақтың сан ғасырлық шынайы тарихын шет елдерге, бүкіл әлемге таныту қажет. Міне, Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын оқып шығып, соның ішінде, әсіресе, «Бағдар мен белес» және «Таным мен тағылым»  атты бөлімдерімен танысқаннан кейін оқырмандармен осындай ой-пікірімізбен бөлісуді жөн көрдік.

 

Сабырхан СМАҒҰЛОВ,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы

Previous Article

Менің отбасымдағы адамдар. Ә. Нұршайықов. « Немере»

Next Article

Қазақстанның климаттық жағдайы

Ұқсас материалдар Осы автордан

  • Қазақстан тарихы

    1920-1930 жылдардағы шаруаларға және ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын- сүргін

    8 февраля, 2019
    By bilimger
  • Қазақстан тарихы

    Абылай хан

    28 декабря, 2016
    By admin
  • Қазақстан тарихы

    Тәуке ханның “Жеті жарғысы” ұрпақ жалғасы

    8 декабря, 2020
    By
  • Қазақстан тарихы

    Қазақ xалқының қалыптасуы

    22 января, 2019
    By Erlan
  • Қазақстан тарихы

    ХХІ ғасыр көшбасшысы.

    17 ноября, 2019
    By admin
  • Деңгейлік оқытуҚазақстан тарихыҚысқа мерзімді жоспар

    Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

    25 ноября, 2016
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.

  • ГеометрияСабақ жоспары

    Шеңбер түзудің өзара орналасуы

  • Жалпы рубрика

    Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі

  • Uncategorized

    Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі

 

WhatsApp:
+7 707 817 74 58

Біздің Instagram каналымыз

Кто в сети

Рисунок профиля (Higher testosterone naturally, higher testosterone in males)

Жаңа жаряиланымдар

  • ЗЕРТТЕУ САБАҒЫ: Химия сабағында оқытудың визуалды әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың академиялық тілін дамыту.
  • «Мен таңдаған өмір»
  • Желілік қауымдастықтың ЖОСПАРЫ
  • Мен саған есіртĸі жайлы айтып беремін.
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.
  • Бағалау түрлері
  • Үйкеліс күші
  • Елжандылық – тәрбие діңгегі
  • САЛҚЫН ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ТАҒАМДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Facebook

Күнтізбе

Январь 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Дек    

ЖАҢА ЖАРИЯЛАНЫМДАР

  • ЗЕРТТЕУ САБАҒЫ: Химия сабағында оқытудың визуалды әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың академиялық тілін дамыту.
  • «Мен таңдаған өмір»
  • Желілік қауымдастықтың ЖОСПАРЫ
  • Мен саған есіртĸі жайлы айтып беремін.
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.
  • Бағалау түрлері
  • Үйкеліс күші
  • Елжандылық – тәрбие діңгегі
  • САЛҚЫН ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ТАҒАМДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
  • Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

жалпы мәліметтер

BILIMGER.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     bilimger@bk.ru

Бұл Республикалық білім порталы 2015 жылдан бері ұстаздарға қызмет етіп келе жатыр.
Сайт материалдарын басқа сайттарға немесе жобаларға, коммерциялық жобаларға сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.

Яндекс.Метрика
2021 © BILIMGER.KZ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ ПОРТАЛЫ