«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өз талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Білім беру жүйесінің басты міндеті –оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық коммуникациялық желілерге шығу,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден ба¬лаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаз¬дан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал, чех педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қи¬мыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауы¬мын жоғары бағалаған.Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу — әрбір ұстаз¬дың борышы.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз
Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.
Ақпараттық технологиялаларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір-бірінен алыс ара қашықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады;
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлігі оқу материалының сапасын арттырады.
Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Қазіргі заманның талабы сол. Сондықтан ұстаздар үнемі ізденіп, шығармашалықпен жұмыс істеп білім деңгейін үнемі жоғарылатып отыруы қажет. Сонда ғана оқушылар әрбір пәннің мазмұнын жүйелі меңгеріп, олардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі, өз бетінше оқып үйренуге дағдыланады.
Нағыз ұстаз баланы жеке тұлға деп танып,оның пікірімен әрқашан санасады, оны белестен белеске,асудан асуға жетелейді,биік шыңдарды бағындыруға жігерлендіреді.Ұстаз шәкіртін ынталандыра отырып,оның бойына жүректілікті, кішіпейілділікті, намысшылдықты, өз еліне адал қызмет етуге, еңбекқорлық қасиеттерін сіңіреді.Сондықтан да «Жастар – біздің басты капиталымыз» біздің бет-бейнеміз екені сөзсіз. Олай болса, тамаша білім алып, өмір сүру деңгейін арттырып, экономикамызды дамытып, көптеген пайдалы6 әрі жағымды нәрселермен айналысу кез-келген ұрпақтың қолынан келетіні даусыз

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «12 жылдық білім» Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журналы, 2006, №2.
2. «Қазақстан ұстаздары» журналы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *