«Елімнің тұңғыш президенті»

Мақсаты: Елбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.

Тақырыбы:  «Елімнің  тұңғыш президенті»

 

ШАТТЫҚ  ШЕҢБЕРІ

Бақыт толы шеңберге,

Шаттық толы шеңберге,

Қол ұстасып келдік біз,

Жан достармыз енді біз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

 

        Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев  1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген.  Қазақстанның мемлекет қайраткері,ғалым,Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

 

 

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеліп берген кітаптардың бәрін оқып шығатын.

Елбасымыз туралы тақпақтарға кезек берейік

Мұстафа:                       Халқымның көшбасшысы,

Тәуелсіз қазақ елім.

Бақ қонған ғажап елім,

Нұрсұлтан Назарбаев

Артамыз сізге сенім.

Елім деп, жерім деген,

Адымдап сенімменен.

Халқымның көшбасшысы

Келер күн құшақ ашты.

Жұртымның көшін бастап,

Елімнің үмітін ақтап,

Ұлтымның көшбасшысы

Бірлікті берік сақтап.

Сегізбай Ержан:           Елбасымыз киелі,

Тау тұлғалы атамыз.

Ел басқарып келеді,

Нұр атанып жүреді.

Елбасымен мақтанам,

Тірлігіне шаттанам.

Қуаныш кернеп кеудемді,

Атам деп оны айта алам.

Елбасымыз елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Құрметке ие, Нұр атам,

Алға ұмтылып келем мен.

Қазақ елі сыйлаған,

Нұр атамдай боламмен.

Нұрхат:                        Асамыз асулардан,

Құламай тасулардан.

Әлемнің алды болу,

Ол үшін асыл арман.

Үлгі боп келешекке,

Балаға,ересекке

Президент даңқымызды,

Көтерер келешекте.

Биік боп көздегені,

Бірлік боп іздегені,

Халқымның көшбасшысы,

Жастарға ол сенеді.

Уәдені біз сақтаймыз,

Біз жастар құр жатпаймыз.

Үмітін елбасының,

Шынында біз ақтаймыз.

 

Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болған.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Алғашқы мектеп. Алғашқы мұғалимасы Т.А. Исмаилова

Жұбайы — Сара Алпысқызы — Бөбек қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар:

Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ «Хабар» Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.

Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Сергіту сәті

 

Ғылыми еңбектері

      

 

  • «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
  • «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
  • «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
  • «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
  • «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
  • «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
  • «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
  • «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
  • «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
  • «Тарих толқынында» (А., 1997),
  • «О времени, о судьбах, о себе…» (Лондон, 1997),
  • «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
  • «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
  • «Сындарлы он жыл» (А., 2002),
  • «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
  • «Қазақстан жолы» (А., 2012).
  • «Тәуелсіздік белестері» (А., 2012).
  • «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» (А., 2012).

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *