Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік!

 Балалар  безендірілген  залға кіреді.  Дөңгелене  тұрады.    Әнұран  орындалады.

 

Жүргізуші:   Құрметті  ұстаздар, кішкентай  бүлдіршіндер, бүгін  біз  дүниені  дүр  сілкіндірген  тәуелсіздік  туын  алғаш  көтерген  әйгілі  1986 жылдың  желтоқсанына  арналған    «Елімнің  еркіндігі  Тәуелсіздік»  атты  ертеңгілігімізді  өткізбекпіз.

Тәуелсіздік- ең  басты  құндылығымыз.  Тәуелсіздік  күні  еліміздің  барлық  азаматтары  үшін  орны  ерекше  мереке  деп  білеміз,  себебі,  осынау  жүрекжарды  қуанышқа  толы  күнді  ата- бабаларымыз  ғасырлар  бойы  армандап  күтумен  өтті.  Мерекеміз  құтты  болсын.

                                                 Қайраттай  қайсар  ұлдарың,

                   ,                               Жанымен  келген  еркіндік.

                                                  Жазира  мен  Ләззаттың,

                                                  Арымен келген  еркіндік.

                                                  Қасірет  пен  қайғының,

                                                  Бәрімен  келген  еркіндік.

Ән:  «Атамекен»

 

Жүргізуші:    Біз  тәуелсіз  елдің  түлегі  болғанымызға  шексіз  қуанамыз.  Біздің  отанымызды  әлем  таныды.  Осы  сәтте  Отан  туралы  Еріксіз  ойға  берілесің.  Бұл  ұғымның  аясы  қең.  Отан-  далаң,  орман,  тауың,  ауылың  мен  Астанаң.  Отан  әр  пенденің  киелі  мекені,  жер  басып  жүрген  әр  тіршілік  иесінің  шексіз  байлығы.

Келесі  кезекте  «Еркетай»  топ  жігіттерінің  Тұлпарым  биін  тамашалаңыздар.

Би:   «Тұлпарым»

 

Жүргізуші:    Сол  күндерғой  аңсағаны,

Соған  шөлдеп  шөліркеп  тамсанады.

Өкініш пе  білмеймін  қуаныш па,

Өз – өзінен  жүрегім  ән  салады.

 

Ән:  «Біз  бақытты  баламыз»

 

Жүргізуші:      Кең  байтақ  көз  жетпейтін  жерім  менің,

Таулы  орман  жасыл  жайлау  көлім  менің.

Бүгінде  бар  әлемге  даңқың  жетті,

Тәуелсіз  Қазақстан  — елім  менің.

Би:   «Білезік»

 

Жүргізуші:    Міне,  балалар,  бүгінгі  таңда  Қазақстан  тәуелсіз  мемлекет.  Біздің  өзіміздің  туымыз,  елтаңбамыз  әнұранымыз  бар.  Егеменді  Қазақстын  мемлекетіміз.  Сендер  Отанымыздың  ұрпақтарысыңдар.  Қазақстан  намысын  қоғайтын  келешек  ұрпақтың  ақылшысы,  тірегі  сендер  болмақсыңдар.  Келесі  кезекті  балалардың  жыр  шумақтарына  берейік.

Аяна:

Тәуелсіздік  тұғырым,

Азат  елдің  ұл- қызымын.

Өзің  бол енді  мәңгілік,

Қуанышым да  қызығым.

Марлан:

Он алтыншы  желтоқсан,

Тәуелсіздік  алған  күн.

Ерекше боп  мәңгілік,

Ел  жадында  қалған  күн.

Бекнұр:

Жасай  берші  ұлы  күн,

Үміті  боп елімнің.

Ақ  күні  боп  баланың,

Шаттығы  боп  ананың.

 

Нұрила:

Биік  болсын  шоқтығың,

Атыңды  айтам  ән  қылып.

Желбірейді  көк  туың,

Төбемізде  мәңгілік.

 

Абылайхан:

Таң  арайлап  атады,

Күн  күлімдеп  батады.

Шаша  берсін  шапағын,

Тәуелсіздік  уағы.

Айбар:

Қазақстан  киелім,

Қияға  ұшар  қыраның.

Еркіндікті  сүйемін,

Мен тәуелсіз  ұланмын.

Келбет:

Жасасын  азат  ерлік  күн,

Жасасын  бейбіт  елмен  жер.

Бостандық  алған  қазақтың,

Мәртебесін  көрсін  ел.

Балжан:

Тәуелсіздік  таңнан  ұшқан  ақ сәуле,

Тәуелсіздік  бақыт  сенде,  бақ  сенде.

Қарқындайды  қариялар  қашанда,

Жарқылдайды  жарық  шашып  жас  кеуде.

Заңғар:

Аялап  ару  ананы,

Өсірген  еркін  баланы.

Бесігіне  бөлеп  тербеткен,

Отаным  Қазақстаным!

 

Нұрасыл:

Маған  қымбат  ұлы есім,

Шешек  атқан  әр  гүлі.

Аялайды  бәрімізді,

Азаттықтың  таң  нұры.

 

Ранай:

Сарыарқаның  даласында,

Күн  шуағын  төккен  күн.

Елім  менің,  жерім  менің,

Баққа  қолы  жеткен  күн.

 

Асыл- Айым:

Балабақша   серпін  нық,

Көкке  атады  бөркін  жұрт.

Тәуелсіздік  — ынтымақ,

Тәуелсіздік  еркіндік.

 

Рабиға:

Тәуелсіздік-  ел  болу,

Ынтымақпен  өрге  озу.

Еркін  және өзге  елмен,

Терезесі  тең  болу.

 

Рауан:

Тәуелсіздік-

Бақ  туын,

Қолға  ұстаған  сәт  бүгін,

Болсын  деймін  шат  күнім.

 

 

Жансая:

Мерекеге  шығады,

Бүкіл  халық  біліп  қой.

Отандастар  ұғады,

Тәуелсіздік  —  ұлық  той.

 

Жүргізуші:     Асқақтаған  нұр  елім,

Сені  мәңгі  сүйемін.

Айбынымды  асырған,

Тәуелсіздік  тірегім!

    Ән:  «Нұр  отан»

 

Жүргізуші:     Ту  тігілді  халқымның  бүгін  бағына,

                         Жас  өрендер  желбіретіп  нық  ұста.

                         Ғасырларға  жалғастырып  елдікті,

                         Дақ  түсірме  ата- баба  рухына.

                         Үлгі  бізге  аталардың  ерлігі,

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *