«ДОС АДАМҒА КІМ БОЛЫП КЕЛЕДІ?»

Адамның өмірінде неше-түрлі адамдар кездеседі. Ол адамдар жақсы болуы да мүмкін, жаман болуы да мүмкін. Яғни нақты сол адаммен сенде керемет естелік болуы мүмкін немесе керісінше сол адамға қарап, қарым-қатынасыныз жаман болғаны есінізге түсіп, онша емес жағдайға шолығасыз.

   Осыншама адамдардың ішінде адамның өмірінде өзіне жақын адамдары болады. Мысалыға бұл: анамыз, әкеміз, яғни бір сөзбен айта кетсек отбасымыз және тума-бауырларымыз болу мүмкін. Ия, осы адамдарды жақын адамдар қатарына жатқызамыз әрине. Бірақ, бұл қатарға досымызды жатқызуға болады деп ойлаймын. Егер ол шынайы адал дос болса, міндетті түрде жақын адамдар қатарына жатқызуға болады. Жалпы шынайы дос дегеніміз, қысқасы — саған әрқашан көмекке келуге дайын, сенімен жылап, күліп жүрген сәттерінде бірге болған адам. Кебір адамға дос бауыр секілді болып кетеді. Тіпті туған әке-шешеден де жақынырақ болатын достар да кездеседі. Осы мәселеге себеп: достың ата-анадан қарағанда түсінушілігі мол болып келеді. Ата-ана ұрыса шығып, тек қалай жазалайтынын ойлай бастайды (барлығы емес). Ал досы болса шешімін іздеп, қолдау көрсетіп, ақылын айтады. Әрине, осындай жағдайлар көп деп айта алмаймын, бірақ кездеседі. Мысалға: бала кезінде бүлдіріп қойған затыңды кейде ата-анамызға айтпай, алдымен досымызға барып, көмек сұрайтынбыз. Солай емес пе?) Ал енді тақырыпқа орала келсек, дос деген адамзат өмірінде өте керек адам. Досың болса қандай керемет!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *