Дарынды оқушымен жұмыс жасаудың тиімді жолдары

Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.

Ерекше балалармен жоғары дәрежеде ғылыми түрде нақты жұмыстар жүргізу мектеп мұғалімдері үшін оңай шаруа емес. Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені мәлім. Оқыту мен тәрбие жұмысында оқушы шығармашылығын дамыту қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.Білім саласына қойылатын талап күшейген сайын білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болуда. Білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілікті іс болып табылады.
Ян Амос Коменский «Оқушыға өзінің тәсілдерін үйретуден бұрын,алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысты оятып алуы қажет»-десе, Ж.Аймауытов «Адам өмірге өзіндік табиғи қаситтерімен, қабілеттерімен келеді. Баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие»-деген.Бұдан түсінетініміз адам таланты қаншалықты ғаламат болса да, ол оқытудан тысқары өздігінен дами алмайды.

Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады. Ол:

Тәжірибелерін газет,журнал беттеріне беру;
Байқауларға қатысу;
3. Іс-шаралар ұйымдастыру;
4. Мектептермен тәжірибе алмасу.
5. Бақылау күнделігін жазып отыру;
6. Психологиялық материалдар жинақтау;
7. Кітапша құрастыру.
8.”Реферат”;
9.”Портфолио”
Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист,бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз.Екіншіден: дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды.Және олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден: дарындыбаламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық орталығын құруға мүмкіндік жасалынады;

Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:

Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығуы, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі;
Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге ұмтылуы;

Есенова Аида Қазбекқызы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің 4-курс студенті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *